ҚазақшаРусский

Басты мәзір

Дауыс беру

КММ жұмысын қалай бағалайсыз?
 

Онлайн кiм

Қазір 120 қонақтар онлайн

1

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының сайты Сіздерді құрметпен қарсы алады. Қәзіргі таңда біз сайттың негізгі бөлімдерін толтырып жатырмыз. Алдағы уакытта сіздермен қарым –қатынасымыз тиімді және тығыз болатынына сенімдіміз. Сайттың жаңа құрұлуына байланысты, даму жолында сіздерден жаңа ұсыныстар күтеміз. Сайтта «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы»  КММ-нің қызметі туралы және жаңа ақпараттарды   орналастырамыз. Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты барлық сұрақтарыңызға қажетті жауапты сайттан таба алатыныңызға сенімдіміз.

Құрметпен, «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» КММ-нің

төрағасы С. Еңсегенұлы

 

Прокуратура органдарының үйлестіру рөлін күшейту және кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі-Комитет) кәсіпкерлерге көмекші құрал ретінде «QAMQOR» ұялы қосымшасын әзірледі.

Бұл қосымшаны ұялы телефонға орнатқан жағдайда, кәсіпкерге тексеру тағайындалғанда «Сізге тексеру келеді» деген Puch-хабарлама келеді.

Сонымен қатар, қосымшада тексеруге қатысатын тұлғалар туралы барлық мәлімет, тексеру мерзімі, құқықтық негіздері, тексеру сұрағы көрсетіледі.

Кәсіпкерге тексеруге дейін және тексеру барысында орын алған заң бұзушылықтар туралы онлайн режимінде шағым жіберуге мүмкіндік бар.

Жіберілген бұзушылықтар туралы хабарламалар жедел түрде жауап беру үшін дереу Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне келіп түседі.

Сондай-ақ, электрондық акт енгізу жолымен мемлекеттік органмен тағайындалған тексеруді тіркеу тәртібі оңайлатылған.

2018 жылдың 2-жартыжылдығынан бастап мемлекеттік органдар, прокуратура органында тіркелген электрондық актіні өздерінде басып шығарып, оны кәсіпкерге ұсына алады.

Мұндай жаңалықтар ресурстарды үнемдеуге, акт тіркеу уақытты қысқартуға, негізсіз тексерулерді жоюға және басқа да артықшылықтарға ие.

Электрондық акттың QR-коды (графикалық кілт) болады.

Кәсіпкер электрондық акттен үрейленбеуі керек, себебі «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, құжат электронды-сандық нысандағы ақпараттардан құралады, электронды-санды қолтаңбамен куәландырылады және оның заңды күші қағаз үлгідегі қол қойылған құжатпен тең жүреді.

Өз кезегінде кәсіпкер оның түпнұсқа екенін «Qamqor» қалта көмекшісі арқылы тексере алады.

Бұл «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында республика экономикасының даму қарқынын арттыру міндетін орындау және санды технологияларды қолдану арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін жұмыс.

ҚР БП ҚСжАЕАК баспасөз қызметі

 

Сенім телефоны

54-68-91