ҚазақшаРусский

Главное меню

Голосование

Как вы оцениваете работу КГУ?
 

Кто онлайн

Сейчас 210 гостей онлайн

Ақтөбе облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы

С.Еңсегенұлына

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ-на жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражаттарының және мемлекеттік активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Квазимемлекеттік сектор субъектісіне бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекеттік активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау; квазимемлекеттік сектор субъектісінің активтерінің басқаруы; мемлекеттік аудит объектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске және жүзеге асырылуының тиімділігі; мемлекеттік аудит объектісінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы мен дұрыстығы.

1.3. Мемлекеттік аудиттің мәні: Жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражаттарының және мемлекеттік активтерінің пайдаланылуы.

1.4. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ

1.5. Мемлекеттік аудит тобының құрамы :

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас инспектор – мемлекеттік аудиторы А.Қ.Төлебаев (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 1270), осы бөлімнің бас мамандары – мемлекеттік аудиторлары Э.А.Бузекеева (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0390), Ж.У.Бекбусон (мемлекеттік аудитордың сертификат №1629) және сапаны бақылау бөлімінің бас маманы С.К.Бижанова (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0394). (Алғашқы мемлекеттік аудит тобының құрамы Тексеру комиссиясының мүшесі К.К.Игисенов (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0387), мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас инспектор – мемлекеттік аудиторы А.М.Нұғманов (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 1411), сапаны бақылау бөлімінің бас маманы С.К.Бижанова (мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0394) және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің жетекші маман - мемлекеттік аудитордың ассистенті Н.И.Достанов) жүргізді.

1.6. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2018 жылғы қаңтардан бастап 2019 жылғы желтоқсанын қоса алғанға дейін.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Өңірлік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

Қоғамның негізгі мақсаты - футболда жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу, кәсіби футболға резерв дайындау және Ақтөбе облысының тұрғындары арасында футболды кеңінен насихаттау, сонымен қатар жасөспірімдер және жастар футболын дамыту.

Қоғамның негізгі қызмет түрлерінің бірі - халықаралық аренада аймақ пен елді көрсету құқығын алу мақсатында Ақтөбе облысының спорттық абыройын Қазақстан Республикасының Чемпионаттарына және Қазақстан Республикасы Кубогына қатысу және қолдауды ұйымдастыру, халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсету үшін республиканың ұлттық құрамасына максималды ойыншыларды дайындау және беру.

2.2. Өңірлік бөліністе аудиттелетін салаға, соның ішінде бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат шығындарының көлемін жоспарлау және шығындарының негізділігіне, есептілікті жасау мен ұсынудың дұрыстығына, мемлекет активтерінің пайдалануының дұрыстығына, мектептердегі материалдық-техникалық жарықтандырылуына, еңбекақыны есептеу және төлеу дұрыстығына, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі    5 300 341,0 мың теңгені құрады.

Аудит нәтижесінде бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 3 032 114,5 мың теңгені құрады және рәсімдік бұзушылықтар саны 10  бірлік.

1. Анықталған 3 032 114,5 мың теңге бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бұзушылықтары бойынша:

1.1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 12 тармағына қайшы, бюджет жүйесінің тиімділік принципі сақталмай, 2018 және 2019 жылдары бюджет қаражаты есебінен «Ақтөбе «Облыстық футбол клубы» АҚ-мен 2017 жылғы 1 218 390,0 мың теңгелік және 2018 жылғы 1 721 100,0 мың теңгелік кредиторлық берешектерін өтеген.

1.2. ҚР-ның 2014 жылғы 03 шілдедегі №228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңының 16 бабының 5 тармағына, ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйегіндегі №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 2 тармағына және 2010 жылғы 05 қаңтардағы №1 директорлар кеңесінің отырысының хаттамасымен бекітілген Қоғамның есеп саясатына қайшы, 2018 және 2019 жылдары Қоғамның бас директорының бұйрығы бойынша Анталия және Белек қалаларына (Түркия) іссапарға жіберілген құрамда жоқ, тізімде қаралмаған, артық адамдарға жалпы сомасы 5 525,1 мың теңге тиімсіз шығындалған.

1.3. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы»  заңының 12 бабының 2 тармағының 14 тармақшасына және 30 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына қайшы, 2018-2019 жылдары 6 жағдайда кәсіпқой-футбол қатысушылары міндетті тіркеуден өтпей, яғни кәсіпқой-футбол қатысушылары мен ««Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ арасында жасалған еңбек келісім-шарттары Қазақстан кәсіпқой футбол лигасында тіркелмей, жалпы сомасы 62 934,3 мың теңгеге (2018 жылы – 6 599,1 мың теңгеге, 2019 жылы – 56 335,2 мың теңге) еңбекақы есептелініп, төленгені және 3 жағдайда жалпы сомасы 6 416,5 мың теңгеге (2018 жылы 4 414,3 мың теңгеге, 2019 жылы 2 002,2 мың теңге) іссапар шығындары есептелініп, төленгені анықталған.

1.4. Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 бабының 4 тармақшасына қайшы, Қоғамның қоймасында 2015 - 2019 жылдары аралығында сатып алынған және демеушілікпен берілген спорттық киім-кешектер (спортивная экипировка) жалпы сомасы 17 748,6 мың теңгеге пайдаланусыз тұрғандығы анықталды. Яғни, тиімділік принциптері сақталмай, мемлекеттік мүлік қоғам игілігі үшін пайдаланылмай тұрғандығы анықталды.

2. Рәсімдік бұзушылықтары бойынша 10 бірлік:

2.1. Қазақстан Республикасының 13.05.2003 жылғы №415 «Акционерлік қоғамдар туралы» заңының 9 бабының 2 тармағының 5 тармақшасына және «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-мен 2018 жылғы 28 сәуіріндегі №04-10 бұйрығымен бекітілген Жарғысының 10 тарауының талаптарына қайшы, Қоғамның аудитке ұсынған деректері бойынша аудитпен қамтылған кезеңдегі құжаттарына (оның ішінде еңбек шарттарына, қаржылық құжаттарына және т.б. құжаттарына) Басқарма төрағасы ретінде емес «Атқарушы директор» ретінде қолы қойылып келген. Оған қоса, Қоғам Жарғысының 10 тарауының тармақтары толығымен орындалмаған, атап айтқанда 10.2 тармағы бойынша Басқарманың үш мүшесі сайланбаған, 10.3 тармағы бойынша аталған Басқарма мүшелерінің шешімдері жасақталмаған және хаттамалармен рәсімделмеген.

2.2. ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы №249 «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту туралы» (ҚР-сы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 14 бұйрығымен күші жойылған) бұйрығының 9, 10, 11, 12 тармақтарына қайшы, Қоғаммен 2018 – 2019 жылдар кезеңіндегі Даму жоспарларының жасақталуы бекітілген қағиданың талаптарын қайшы жүргізілген, атап айтқанда жобалары тиісті саланың уәкілетті органына ұсынылмаған және Даму жоспарлары директорлар кеңесімен кешіктіріліп бекітілген (атап айтқанда 2018 жылғы жоспары 2018 жылдың 13 наурыздағы Қоғамның директорлар Кеңесінің отырысында қаралып, №3 хаттамасымен үш айға және 2019 жылғы жоспары 2019 жылғы 22 сәуірінде өткен Директорлар Кеңесінің отырысында қаралып, №1 хаттамасымен төрт айға). Оған қоса, электрондық gosreestr.kz сайтына 2018 – 2019 жылдарына арналған жоспарлары кешіктіріліп орналастырылған, 2018 жылғы жоспары сайтта 37 жұмыс күнге кешіктіріліп орналастырылған (тиістісі -22.03.2018 жыл, нақтысы -22.05.2018 жыл), ал 2019 жылғы жоспары 1 күнге кешіктіріліп орналастырылған (тиістісі- 29.04.2019 жыл, нақтысы- 30.04.2019 жыл).

2.3. ҚР-сы Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 жылғы №249 «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 5 тармағына қайшы, Қоғамның ұсынған деректеріне сәйкес 2017-2021 жылдары жасалған даму жоспарларында мақсаттары мен міндеттері қарастырылмаған.

2.4. ҚР-ның 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 185 бабының 3 тармағына және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №249 «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 17, 18 тармақтарына қайшы,  тиісті саланың уәкілетті органы бұл ретте «Ақтөбе облысының денешынықтыру және спорт басқармасы» ММ-мен көрсеткіштерін орындау туралы ақпаратты талдау және жалпылау және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін орындау мақсатында жүзеге асырылуы жөнінде мониторингін және директорлар кеңесімен даму жоспарларының іске асырылуын және орындалуын бағалауын жүргізбеген.

2.5. ҚР-ның Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» қаулысының 1, 1-4 тармақтарына қайшы, Қоғамның кейбір шығындарына басқару жөніндегі уәкілетті органымен шектеулері қойылып бекітілмеген.

2.6. ҚР-сы Үкіметінің 2004 жылғы 12 қаңтарындағы №30 «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 қыркүйектегi №1464 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысының 1-тармағына қайшы, 2018 жылы Қоғам өз қызметкерлері мен жұмысшыларына еңбекақыларды қолма-қол ақшамен кассадан беріп келген. Анықталған бұзушылықтар сомасы 222,3 мың теңге.

2.7. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының 5 бабының 2 тармағына қайшы,  Қоғамның 2018 жылына арналған мемлекеттік сатып алу жылдық жоспары тиісті нормативтен 28 жұмыс күнге кешіктіріліп бекітіліп, веб-порталға орналастырылған.

2.8. ҚР-ның 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 37 бабы 4 тармағына қайшы, Қоғам 2018 жылы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-V «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңында көзделген лицензиялы қызметтеріне жалпы 1 480,0 мың теңгесіне 1 лотта баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алулары өткізілген.

2.9. ҚР-ның 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 41-бабының 2-тармағына қайшы, Қоғаммен аудитпен қамтылған кезеңде бір көзден тікелей алу шарттарының есептері веб-порталға толығымен орналастырылмаған.

2.10. ҚР-ның 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 10 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына және  Қаржы министрінің 11.12.2015 жылғы №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген  мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 150, 365 тармақтарына қайшы, Қоғаммен киім-кешек сатып алу бойынша «Кубок» ЖШС-нен өткізілмеген мемлекеттік сатып алуды бiр көзден алу тәсiлiмен біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды талап етпей, мемлекеттiк сатып алуды бұзушылық жолымен өткізіп, негізсіз барлығы 7 507,2 мың теңгеге (ҚҚС сомасын қоса есептегенде)  09.11.2018 жылғы №105 келісім шарты жасалған.

2.2.2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің толықтығы мен сапасын жиынтық талдау: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.3. Құжаттың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған деңгейдегі құжаттарымен декомпозициясын (мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, көрсеткіштері, қаржыландыру көлемдері бойынша) талдау: Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының іске асырылу тиімділігін талдау:

Қоғамның 2017-2021 жылдарға жасалған даму жоспарларында қызметінің мақсаттары мен міндеттері қарастырылмаған, Қоғам қызметін басқаратын уәкілетті орган Ақтөбе облысының денешынықтыру және спорт басқармасы тарапынан Қоғамның даму жоспарларының іске асырылуына және орындалуына мониторинг және бағалау жүргізілмеген. Яғни, Қоғамның даму жоспары тек формальді түрде әзірленген. Осыған орай, Коғамның даму жоспары тиімсіз жүзеге асырылған.

2.5. Қоғамның қанағаттануын бағалау нәтижелері: Аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.6.  Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): Мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.7. Мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері: Мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері жоқ.

IІІ. Жиынтық бөлік

3.1.  Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар: Аудит барысында, ешқандай шаралар қабылданған жоқ.

3.2.  Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Аудит барысында аудитпен анықталған бұзушылықтары, біріншіден қолданыстағы Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық нормативтік құқықтық актілерінің, атап айтқанда Бюджет кодексінің, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жүйелік түрде қолдануы мен пайдалануы өте төмен жағдайында екендігін көрсетеді.

Қоғам қызметін қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 2018 жылы 2 128 906,0 мың теңге, 2019 жылы 2 450 000,0 мың теңге бөлінген.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 2 939 490,0 мың теңге көлеміндегі алдыңғы жылдардың кредиторлық берешегі өтелген.

Сонымен қатар, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасында тіркелмеген кәсіпқой-футбол қатысушыларына 62 934,3 мың теңге еңбекақы, 6 416,5 мың теңге іссапар шығындары төленген және іссапарға жіберілген құрамда жоқ, тізімде қаралмаған, артық адамдарға жалпы сомасы 5 525,1 мың теңге тиімсіз шығындалған.

Нәтижесінде Қоғамның қызметін қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражаттарының 65% тиімсіз пайдаланылып, әртүрлі деңгейдегі футбол және футзал командаларының көрсеткіштерінің төмендеуіне әсер еткен.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Аталған мекемелерге бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекет активтерінің пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша төменде көрсетілгенді ұсынамын:

3.3.1. «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ-ның басшысына (А.Т.Смагулов):

3.3.1.1. Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнама және нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және бұзуға жол бергені үшін тиісті қызметкерлердің жауапкершіліктерін қарастыру;

3.3.1.2. Аудиторлық есепте анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді толық жою жөнінде шаралар қабылдау;

3.3.1.3. Жалпы сомасы 17 748,6 мың теңгеге пайдаланусыз тұрған спорттық киім-кешектердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

3.3.1.4. Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы 1 қазанға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсыну.

3.4. Қосымша: 6 бетте (жиынтық тізілімдері).

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                         К.К.Игисенов

 

Телефон доверия

54-68-91