ҚазақшаРусский

Главное меню

Голосование

Как вы оцениваете работу КГУ?
 

Кто онлайн

Сейчас 213 гостей онлайн

Ақтөбе облысы бойынша

тексеру комиссиясының төрағасы

С.Еңсегенұлына

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

I. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Ақтөбе қаласының білім беру ұйымдарымен бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалануына мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шарасы, оның ішінде материалдық-техникалық жарақтандырылуы.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерінің пайдалануының дұрыстығы, мемлекеттік аудит объектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігі, олардың іске және жүзеге асырылуының тиімділігі, мелекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы мен дұрыстығы.

1.3. Мемлекеттік аудиттің мәні: 003 «Жалпы білім беру», 067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламалары және мемлекет активтері.

1.4. Мемлекеттік аудиттің объектілері: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ (әрі қарай - мекеме).

1.5. Мемлекеттік аудит тобының құрамы:

- Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімінің бас маман - мемлекеттік аудиторлары С.Т.Қалжанов (Мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 0397), И.В.Югай (Мемлекеттік аудитор сертификатының нөмірі 1412) және осы бөлімнің жетекші маман-мемлекеттік аудитордың ассистенті Н.И.Достанов)жүргізді.

1.6. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2016 жылғы 01 қыркүйектен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін.

II. Негізгі (талдамалық) бөлік:

2.1. Өңірлік бөліністе аудиттелетін саланың, соның ішінде мемлекеттік басқарудың және (немесе) экономика саласының, әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жай-күйін жиынтық талдау:

Мекеме қызметінің мәні – ұлттық және жалпы адами құндылықтар, ғылым жетістіктері мен оның тәжірибесі негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің 2019 жылға арналған тізбесіне сәйкес, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-сі 2019 жылдың 4 тоқсанында  жоспарланған, дегенмен мекеме директоры А.А.Тажимишевпен бірнеше рет аудит объектісіне уәкілетті органның қаулысы бойынша тексеру әрекеттерді жүргізуге келген аудит тобын қасақана жіберуден бас тарту түріндегі кедергі келтірілгені үшін, сот қаулысымен мекеме директоры А.А.Тажимишевті айыпты деп танып әкімшілік айыппұл салынған сондай-ақ, аудит объектісі ҚР Конституциясының 44-бабының 16 тармақшасына, ҚР-ның «Төтенше жағдай туралы» Заңының 4,5,6 баптарына және ҚР-ның Президенті Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы негізінде 08.01-30.04.2020 аралығы және 14.04-29.05.2020 аралығында өңірде төтенше жағдай жарияланғандықтан тексеруге шектеу қойылған, одан кейін 28 мамырдан бастап қайта жаңартылған.

Сонымен қатар, аталған аудит іс-шарасымен мекеменің материалдық-техникалық жабдықталуының, оқу ғимаратының авариялық және қазіргі таңдағы 3 сабақ ауысымды жағдайлары бойынша талдау жүргізілген болатын.

Мекеме 1 (бір) оқу корпусынан тұрады. Қуаттылығы 1200 орындық мектеп ретінде салынып, 2016 жылдың 29 тамызында пайдалануға берілген.

Аудиттелген кезеңде күрделі жөндеу жұмыстарына бюджет қаражаты есебінен қаражат бөлінбеген сондай-ақ, мекеменің материалдық базасы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қазіргі таңда, 3 сабақ ауысымындағы мектеп болғандықтан оқу кабинеттері, интерактивтік тақталар, парталардың жетіспеушілігі байқалады.

Одан әрі, мекеменің ұсынған деректеріне сәйкес соңғы 3 жылдың талдауы бойынша 2017 – 2018 жылдары оқушы саны 2271, класс копмлект 93, 2018 – 2019 жылдары оқушы саны 3052, класс комплект 116, 2019 – 2020 жылдары оқушы саны 3570, класс комплект 134 құраған яғни, осы мекеме ғимаратының паспорт бойынша қуаттылығы 1200 оқушыға арналған, 2 ауысымға 2800 оқушы оқуы тиіс, ал мекеменің ұсынған деректері бойынша қазіргі таңда мектепте 3570 оқушы орта білім алуда.

Талдау көрсеткендей, «Нұр Ақтөбе» мөлтекауданы бойынша тұрғындар санының өсуі мектеп жасындағы оқушылар санының өсіміне әкеліп отыр. Себебі, осы ауданда көп қабатты үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген және қазіргі таңда да, бұл мөлтекаудандағы жаңадан салынып жатырған тұрғын үй құрылысының жұмыстары аяқталып, пайдалануға беру жалғасуда.

Бұл ретте, халықтың көші қон қозғалысы жоғарылауын, халықтың көп шоғырлануын, мектеп жасындағы балалар санының демографиялық тұрғыдан өсуін және де қосымша білім беру ұйымдарын қажет ететіндігін байқатады.

Сол себептен, 3 сабақ ауысымындағы мектеп болғандықтан 3570 оқушылар орта білім алуда, яғни оқу ғимаратында 1170 оқушыға немесе 148,7%-ға артық болуына байланысты стандартқа сәйкес орта білім алушыларға сапалы білім беруіне кері әсерін тигізеті белгілі.

Ал, осы жағдайлардың барлығы балаларды оқытуға сапалы білім беру бойынша жүргізілген аудит, бюджеттік қаражаттарды жоспарлау және пайдалану барысында бюджеттік жоспарлау сапасын, бюджет шығысының негізділігі және тиімділігінің қамтамасыз етулерінің және қаражаттарды тиімді пайдалану бойынша бақылаудың, осы қалалық білім бөлімі тарапынан тиісті деңгейде назар аудармағандығын көрсетеді. Яғни, білім бөлімінің жұмыстарын ұйымдастыруында бюджеттік қаражаттарды басқаруының, жоспарлауының, пайдалануының тиімділігі тікелей әсер етеді.

2.2. Өңірлік бөліністе аудиттелетін салаға, соның ішінде бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат шығындарының көлемін жоспарлау және шығындарының негізділігіне, есептілікті жасау мен ұсынудың дұрыстығына, мемлекет активтерінің пайдалануының дұрыстығына, мектептердегі материалдық-техникалық жарықтандырылуына, еңбекақыны есептеу және төлеу дұрыстығына, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің жиынтық нәтижелері:

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 1378555,5 мың теңгені құрады. Аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 42190,5 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар 11183,2 мың теңге;

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану бойынша жалпы сомасы 31007,3 мың теңге, 1 (бір) бірлік жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер;

3) рәсімдік бұзушылықтар саны 30 (отыз) бірлік.

1. Анықталған 11183,2 мың теңгелік қаржылық бұзушылықтар бойынша:

1.1. ҚР Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бұйрығымен бекітілген қағиданың 154 тармағының 2 тармақшасына, 156 тармағына қайшы Мекемемен ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-да тұрған 499,7 мың теңгені тиісті бюджетке қайтару жөніндегі жұмыстары атқарылмай, бухгалтерлік операциялар жасалынбаған;

1.2. ҚР Қаржы министрінің 22.08.2011 жылғы №423 «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 58 тармағына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 31.03.2015 жылғы №241 «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 71 тармағына қайшы мекемеге   өтеусіз және демеушілікпен берілген жалпы сомасы 9237,8 мың теңгені құрайтын негізгі құралдар мекеме балансына кірістелмеген. Аудитпен аталған негізгі құралдары тиісті шоттарға кірістеліп, бухгалтерлік анықтама жасалды;

1.3. ҚР 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек Кодексінің 103 бабы 1 тармағы, Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 97 бабының 6 тармағына        қайшы Мекеме тарапынан төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығы мен негізділігі сақталмай, 2019 жылы мекеме тарапынан дене шынықтыру пәні мұғалімі А.М.Мақашевке нақты жұмыс жасамаған күндеріне негізсіз жалпы сомасы 89,3 мың теңге еңбекақысы төленген;

1.4. ҚР 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек Кодексінің 50 бабының 3 тармағы, Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 97 бабының 6 тармағына қайшы Мекеме тарапынан төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығы мен негізділігі сақталмай, 2019 жылы мекеме тарапынан А.М.Мақашевпен еңбек шартын бұзған кезде жалпы сомасы 264,9 мың теңге негізсіз өтемақы төленген;

1.5. ҚР Үкіметінің 11.05.2018 жылғы №256 «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тарауының 3 тармағының 1 тармақшасына қайшы Мекемемен іссапар шығыстарын өтеу кезінде тәулікақы артық есептелініп төленген. Нәтижесінде, қызметкерлерге іссапар шығыстарын өтеу кезінде жалпы сомасы 490,8 мың теңге артық негізсіз төленген. Оның ішінде: 2018 жылы 125,0 мың теңге, 2019 жылы 360,8 мың теңге;

1.6. ҚР Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысына қайшы 2017 жылы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Н.Құдайбергеновке Бурабай қаласына 2017 жылы іссапарға болған кезінде жалпы сомасы 10,2 мың теңгеге тамақтандыру шығыстары негізсіз өтелген;

1.7. ҚР Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай–ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысының 9 тармағы 2 тармақшасына қайшы Мекемемен тұрғын үй жайды жалдау шығыстарын өтеу кезінде артық есептеуі салдарынан жалпы сомасы 32,0 мың теңге негізсіз төленген. Оның ішінде: 2017 жылы Д.Н.Құдайбергеновке 2,7 мың теңге, 2019 жылы Д.О.Мухамедиеваға 15,0 мың теңге және А.А.Тажимишевке 14,3 мың теңге;

1.8. ҚР Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай–ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» қаулысына қайшы Мекемемен 2019 жылы іссапар шығыстарын өтеу кезінде жалпы сомасы 46,8 мың теңге артық негізсіз шығыстар өтелген. Оның ішінде: Д.О.Мухамедиеваға 35,4 мың теңге және А.А.Коблановаға 11,4 мың теңге;

1.9. ҚР 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің 103 бабының 1 тармағы, Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 97 бабының 6 тармағына және мекеме әкімшілігі мен ұжым арасындағы әлеуметтік еңбек қатынастары бойынша жасалған 2016-2020 жылдардың Ұжымдық шартының 7.1. тармағына қайшы Мекеме тарапынан төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығы мен негізділігі сақталмай, 2018 жылдың қаңтар айында  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Черниязова қосымша ақылы білім беру қызметі бойынша штаттық кестеде қарастырылмаған, ақылы қызметтен еңбекақы төлеуге бұйрық шығарылмай сондай-ақ, өзіне қосымша ақылы білім беру қызметінің жұмыс уақытын есептеу табелін толтырып, аталған қызметкермен орындалатын жұмыстың күрделілігі, санына және сапасы жөніндегі талаптары орындалмай, қосымша ақылы білім беру қызметі есеп шотынан негізсіз сомасы 33,6 мың теңге қаражат аудару дерегі анықталды;

1.10. ҚР 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек Кодексінің 103 бабы 1 тармағы, Қазақстан Республикасының 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 97 бабының 6 тармағына қайшы Мекеме тарапынан төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығы мен негізділігі сақталмай, 2018 жылдың жаз айында мекемеде нақты жұмыс жасамаған күндеріне, яғни жазғы каникулда қосымша ақылы білім беру қызметі бойынша оқушылар қосымша үйірмелерге, секцияларға қатыспаса да, сабақтар жүргізілмеседе, мекеменің 25 мұғаліміне еңбек табельдері толтырылып, есептеу ведомостьке сәйкес еңбекақылары есептеліп жалпы сомасы 478,1 мың теңгеге негізсіз қаражаттар аудару деректері анықталды.

2. Анықталған 31007,3 мың теңге бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау, пайдалану бұзушылықтары және 1 (бір) бірлік жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер бойынша:

2.1. ҚР 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 12 тармақшасына қайшы мекемеде шығындардың артуына байланысты ешқандай негіздеме көрсетілмей, нақты сұранымдары болмаса да, бюджеттік бағдарлама әкімшісімен қаражатты дұрыс жоспарламау салдарынан жыл ішінде қаржыландыру жоспарына бірнеше рет өзгерістер енгізіліп, 2018 жылдың маусым, қараша айларында артық қаражаттары бөлініп, қызметкерлерге алдын-ала аванстар беріліп, келесі айларда қайта есептеулер жүргізілген яғни, бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігі негізге алынбай, еңбекақы шығыстарына жалпы сомасы 25471,8 мың теңгеге бюджет қаражаттары есебінен тиімсіз шығындар жүргізілген;

2.2. ҚР 04.12.2008 жылғы №95-ІV Бюджет Кодексінің 4 бабының 12 тармағына қайшы Мекеменің штаттық кестесін тексерген кезінде аудитпен қамтылған кездерінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары бірліктері тиімсіз штаттық бірліктері ұсталынған. Бұл штаттық бірліктері артық болмаған жағдайында, бұл мәселесіне жұмсалған қаражаты басқа да мәселелеріне жұмсалатындығы мәлім, сондықтан ол қаражаты тиімсіз жұмсалған болып есептеледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымы 2017-2018 жылдары 1,5 штат бірлік сомасы 1375,3 мың теңге, 2018-2019 жылдары 2,5 штат бірлік сомасы 2492,1 мың теңге, 2019-2020 жылдары 4,5 штат бірлік сомасы 1668,1 мың теңге, яғни штаттық бірліктер тиімсіз ұсталып, нәтижесінде жалпы сомасы 5535,5 мың теңге бюджет қаражаттары есебінен тиімсіз жұмсалған шығындар болып есептеледі;

2.3. ҚР Үкіметінің 27.07.2007 жылғы №319 «Білім туралы» Заңының 61 бабының 2,3 тармақтарына қайшы аудиттелген кезеңде мекеме ақылы қызметтер көрсету бойынша тиісті саланың уәкілетті органымен бекітілген экономикалық негіздемеге сәйкес жұмыстары толық деңгейде атқарылмаған яғни, ақылы қызметтен түскен кірістен қосымша сабақтар өткізілетін жер төленің коммуналдық шығындары мүлдем өтелмей, тек қызметкерлерді ынталандыру мақсатында сыйақыларға жұмсалған. Яғни, білім беруді қаржыландыру жүйесі тиімділік пен нәтижелілік принципі сақталмай, бюджет қаражаты қосымша шығындалған болып есептеледі.

3. Рәсімдік бұзушылықтары бойынша 30 (отыз) бірлік:

3.1. ҚР 28.02.2007 жылғы №234-III «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Заңының 4,6 және 15 баптарына, ҚР Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларының                     4 тармағына, ҚР Қаржы министрінің 08.07.2010 жылғы №325 «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 01.08.2017 жылғы №468 бұйрығымен) 7 қосымшасымен бекітілген қаржылық есептілік нысандары мен оны жасау және ұсыну қағидаларының                         3 тармағына қайшы Мекеменің 2018 жылдың 01 қаңтары кезеңіне жасалған бухгалтерлік балансының 215 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» жолында кредиторлық берешек мүлдем көрсетілмеген ал, салыстыру актілері негізінде 3018,7 мың теңгеге кредиторлық берешектер бар оның ішінде: «Актобеэнергоснаб» ЖШС-на 993,4 мың теңге, «Ақбұлақ» АҚ-не 200,5 мың теңге және «Трансэнерго» АҚ-на 1854,8 мың теңге бойынша кредиторлық берешектер болғаны расталып, коммуналдық қызметтен қалыптасқан кредиторлық берешек бухгалтерлік баланстағы операциялар нәтижелері тиісінше көрсетілмей, қаржылық есептілік бұрмалаушылықпен жасалып, тапсырылған;

3.2. ҚР Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары» бұйрығымен бекітілген қағиданың бұйрығының 247 тармағына қайшы мекеменің балансындағы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе қаласы, Қарғалы селолық округі, Қарғалы ауылы, Қарғалы тұрғын алабы, жер телімі 12А мекен жайындағы оқу ғимараты және ғимарат орналасқан алаңы 3,9157 га құрайтын жер учаскесі (жер актісінің №0249207) бухгалтерлік есепке бірыңғай бүтін болып есепке алынған;

3.3. ҚР Қаржы министрінің 04.12.2014 жылғы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының 178 тармағына қайшы аудиттелген кезеңде мекемеге қаралған қаражаттар толығымен игерілмей, 2019 жылдың              1 қаңтарына 71,6 мың теңгеге алдын-ала төлем жасалынып, келесі жылы қайта есептеу жүргізілген;

3.4. ҚР Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 19 тармағына қайшы, ақша қаражатының және материалдық құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалармен (Нысандар альбомының 321-нысаны бойынша) толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарт жасалмаған;

3.5. ҚР Қаржы министрінің 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығының 175 бабының талабына қайшы мекеменің қызметкерлеріне 2018 жылы 57 жағдайда тиесілі еңбек ақылары уақытынан бұрын айдың бірінші жартысына еңбек ақысының 50%-ы мөлшерінде аванс берілетіндігі жөніндегі талаптары орындалмай, жыл аяғына дейін алдын-ала 100% көлемінде аванстар беріліп отырған;

3.6. ҚР 27.12.1994 жылғы №268-ХIII Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 378 бабының 1 тармағы, ҚР 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек кодексінің 1 бабының 56 тармағы, 68 бабының 1 тармағына және ҚР Үкіметінің 31.12.2015 жылғы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 2 тармағымен бекітілген 18 қосымшаның 5 тармағына қайшы директордың орынбасарларымен уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін қосымша келісім-шарттары жасақталмай, өздеріне тиесілі апталық жүктеме 9 сағаттан тыс, мұғалімдердің орнын ауыстырғаны үшін, жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс екендігі жөніндегі талаптары орындалмай 2018-2019 жылдары жалпы сомасы 254,3 мың теңгеге негізсіз қосымша ақылар төленіп, негізгі қызметтерінен босатылмай, қосымша сағаттар алынған. Оның ішінде: 2018-2019 жылдары директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Б.Черниязова информатика пәнінен 36 сағатқа сомасы 26,5 мың теңге, И.С.Мураталиева бастауыш сыныптарға 87 сағатқа  сомасы 74,3 мың теңге, М.Б.Турганбаева қазақ тілі пәнінен 25 сағатқа, сомасы 18,5 мың теңге, М.Н.Ербозымова қазақ тілі пәнінен 28 сағатқа, сомасы 22,1 мың теңге, Ж.М.Селбаева бастауыш сыныптарға 37 сағатқа, сомасы 29,2 мың теңге, Ж.К.Касымов дене шынықтыру пәнінен 10 сағатқа, сомасы 7,6 мың теңге, Т.Абен информатика пәнінен 80 сағатқа, сомасы 71,7 мың теңге және Б.Х.Сыдыкова орыс тілі пәнінен 5 сағатқа, сомасы 4,4 мың теңге;

3.7. Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына (одан әрі-Мемлекеттік сатып алу Заңы) 12 бабының 4 тармағына (2017 жылғы 01 наурыздағы жаңартылған өзгерістері) қайшы Мекеме және МАХМУТОВ АЛИ-БИ МАРАТОВИЧ-ты 14.03.2017 жылғы жалпы сомасы 296,9 мың теңгеге (нақтысы 296887) №29 мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін, яғни 64 күнтізбелік күнге кешіктіргені үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген;

3.8. Мемлекеттік сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағына және 2017 жылдың 14 наурыздағы №29 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 8.3 тармағына қайшы Мекеме және МАХМУТОВ АЛИ-БИ МАРАТОВИЧ-тан шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін, яғни 64 күнтізбелік күнге кешіктіріп жұмыстарды орындағаны үшін жалпы сомасы 18,9 мың теңге (нақтысы 18944) тұрақсыздық айыбын өндірмеген;

3.9. Мемлекеттік сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағына (2017 жылғы 05 мамырдағы жаңартылған өзгерістері) қайшы Мекемемен «Планета инструментов» ЖШС-ін 12.05.2017 жылғы жалпы сомасы 195,2 мың теңгеге №53 мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін, яғни 12 күнтізбелік күнге кешіктіргені үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген;

3.10. Мемлекеттік сатып алу Заңының 43 бабы 24 тармағына және 12.05.2017 жылғы №53 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 7.3 тармағына қайшы Мекемемен «Планета инструментов» ЖШС-ті шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін, яғни тауарлады шартпен қарастырылған мерзімінен 12 күнтізбелік күнге кешіктіріп жеткізгені үшін тұрақсыздық айыбын өндірмеген. Тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы 2,3 мың теңге (нақтысы 2340) құрайды. Оның ішінде 0,1% = 195 теңге*12 күнге=2,3 мың теңге;

3.11. Мемлекеттік сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағына (2017жылғы 05 мамырдағы жаңартылған өзгерістері) қайшы Мекемемен «AikoStan» ЖШС-ін 16.05.2017 жылғы жалпы сомасы 162,4 мың теңгеге №55 мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін, яғни 28 күнтізбелік күнге кешіктіргені үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген;

3.12. Мемлекеттік сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағына және 16.05.2017 жылғы №55 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 7.3 тармағына қайшы Мекемемен «AikoStan» ЖШС-ті шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін, яғни тауарлады шартпен қарастырылған мерзімінен 28 күнтізбелік күнге кешіктіріп жеткізген үшін тұрақсыздық айыбын өндірмеген. Тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы 4,5 мың теңге (нақтысы 4536) құрады. Оның ішінде 0,1% = 162 теңге*28 күнге = 4,5 мың теңге;

3.13. Мемлекеттік сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағына қайшы Мекемемен «Виктория-7» ЖШС-гін 17.05.2017 жылғы №51 мемлекеттік сатып алу туралы шарты және 2017 жылдың 19 мамырдағы №51-1 қосымша келісім-шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін, яғни 162 күнтізбелік күнге кешіктіргені үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген;

3.14. Мемлекеттік сатып алу Заңының 43 бабының  24 тармағына және 17.05.2017 жылғы №51 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 7.3 тармағына қайшы Мекемемен «Виктория-7» ЖШС-гін шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін, яғни тауарларды шартпен қарастырылған мерзімінен 162 күнтізбелік күнге кешіктіріп жеткізгені үшін тұрақсыздық айыбын өндірмеген. Тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы 314,2 мың теңге (нақтысы 314200) құрады. Оның ішінде 0,1%=3142 теңге*162 күнге=509,0 мың теңге (тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-н аспауға тиіс, сондықтан өсімпұлдың жалпы сомасы 314,2 мың теңге);

3.15. Мемлекеттік сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағына қайшы Мекемемен «Виктория-7» ЖШС-гін 19.05.2017 жылғы №52 мемлекеттік сатып алу туралы шарты және 20.05.2017 жылғы №52-1 қосымша келісім-шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін, яғни 161 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген;

3.16. Мемлекеттік сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағына және 19.05.2017 жылғы №52 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 7.3 тармағына қайшы Мекемемен «Виктория-7» ЖШС-гін шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін, яғни тауарларды шартпен қарастырылған мерзімінен 161 күнтізбелік күнге кешіктіріп жеткізгені үшін тұрақсыздық айыбын өндірмеген. Тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы 580,3 мың теңге (нақтысы 580340) құрады. Оның ішінде 580,3*0,1% =0,5803 теңге*161 күнге = 93,4 мың теңге (тұрақсыздық айыбының (өсімпұл) жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасының 10%-нан аспауға тиіс, сондықтан өсімпұлдың жалпы сомасы 580,3 мың теңге);

3.17. Мемлекеттік сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағына қайшы Мекеме және «Виктория-7» ЖШС-гін 20.05.2017 жылғы №60 мемлекеттік сатып алу туралы шарты және 23.05.2017 жылғы №60-1 қосымша келісім-шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін, яғни 37 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген;

3.18. Мемлекеттік сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағы және 20.05.2017 жылғы №60 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 7.3 тармағына қайшы Мекемемен «Виктория-7» ЖШС-тен шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін, яғни тауарларды шартпен қарастырылған мерзімінен 37 күнтізбелік күнге кешіктіріп жеткізгені үшін тұрақсыздық айыбын өндірмеген. Тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы 223,2 мың теңге (нақтысы 223258) құрады. Оның ішінде 0,1% = 6034 теңге * 37 күнге = 223,2 мың теңге;

3.19. Мемлекеттік сатып алу Заңының 39 бабының 42 тармағына қайшы Мекемемен 2017 жылы «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК-мен «көп балалы, аз қамтылған, жетім балаларға жазғы сауықтыру және демалу шарасын ұйымдастыру» қызметтеріне 23.08.2017 жылғы жалпы сомасы 217,0 мың теңгеге Заңда көзделмеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасақталған;

3.20. Мемлекеттік сатып алу Заңының 39 бабының 42 тармағына қайшы Мекемемен 2017 жылы ТАСЫБАЕВА РАБИГА МУХИТОВНА-мен «көп балалы, аз қамтылған, жетім балаларға жазғы сауықтыру және демалу шарасын ұйымдастыру» қызметтеріне 24 тамызында жалпы сомасы 62,0 мың теңгеге Заңда көзделмеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасақталған;

3.21. Мемлекеттік сатып алу Заңының 39 бабының 42 тармағына қайшы Мекемемен 2017 жылы «Зере Тур» ЖШС-мен «көп балалы, аз қамтылған, жетім балаларға жазғы сауықтыру және демалу шарасын ұйымдастыру» қызметтеріне 25 тамыздағы жалпы сомасы 974,2 мың теңгеге Заңда көзделмеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасаған;

3.22. Мемлекеттік сатып алу Заңының 39 бабының 42 тармағына қайшы (2018 жылғы 02 шілдедегі жаңартылған өзгерістері), Мекемемен 2018 жылы «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК-мен «Ата-анасы жоқ жетім балаларға жазғы сауықтыру және демалу шарасын ұйымдастыру» қызметтеріне 25 желтоқсандағы жалпы сомасы 429,0 мың теңгеге Заңда көзделмеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарты жасаған;

3.23. Мемлекеттік сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағына және 26.10.2017 жылғы №54 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 8.3 тармағына қайшы Мекемемен «АЙТЖАНОВ САНДИНАЛИ БАХИТКАЛИЕВИЧ» ЖК-нен шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін, яғни 23 күнтізбелік күнге кешіктіріп жұмыстарды орындаған үшін жалпы сомасы 20,7 мың теңге (нақтысы 20700) тұрақсыздық айыбын өндірмеген;

3.24. Мемлекеттік сатып алу Заңының 12 бабының 4 тармағына қайшы Мекемемен «Микролабсервис» ЖШС-гін 23.05.2019 жылғы жалпы сомасы 242,5 мың теңгеге №27 мемлекеттік сатып алу туралы шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған үшін, яғни 91 күнтізбелік күнге кешіктіргені үшін жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген;

3.25. Мемлекеттік сатып алу Заңының 43 бабының 24 тармағы және 23.05.2019 жылғы №27 мемлекеттік сатып алу туралы шарттың 7.3 тармағына қайшы Мекемемен «Микролабсервис» ЖШС-тен шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін, яғни 91 күнтізбелік күнге кешіктіріп жұмыстарды орындағаны үшін жалпы сомасы 2,3 мың теңге (нақтысы 2275) тұрақсыздық айыбын өндірмеген;

3.26. Мемлекеттік сатып алу Заңының 41 бабының 2 тармағына қайшы Мекемемен аудитпен қамтылған кезенде жалпы 173 жағдайда тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы есептері goszakup.gov веб-порталында орнастырылмаған. Оның ішінде: 2016 жылдың 4 айында 91 жағдайда; 2017 жылы 8 жағдайда; 2018 жылы 15 жағдайда; 2019 жылы 59 жағдайда;

3.27. ҚР 27.07.2007 жылғы №319 «Білім туралы» Заңының 63 бабының 4 тармағына қайшы аудиттелген кезеңде мекеменің 005 түрі «Жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін түрлі іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету» ақылы негізде ұсынатын тауарларға (жұмыстарға және қызметтер көрсетуге) бағалары тиісті саланың уәкілетті органымен бекітілмей, тек мекеме өзінің бағаларымен қызметтер көрсетілген;

3.28. ҚР 23.11.2015 жылғы №414-V Еңбек Кодексінің 33 бабының 2 тармағына және 34 бабына қайшы 2018 жылы қосымша ақылы білім беру қызметі бойынша сабақ берген мұғалімдермен қосымша келісім еңбек шарттарын жасамай, негізгі еңбек шарттарына өзгерістер мен толықтырулар еңгізбей тек директордың бұйрығы негізінде сағаттары беріліп еңбекақылары төленген;

3.29. ҚР Үкіметінің 20.07.2009 жылғы №1102 «Мемлекеттік білім беру мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау ережесін бекіту туралы» қаулысының (Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 13.06.2019 жылғы №398 қаулысымен) 4 тармағына қайшы мекеменің аумағында арнайы тағайындалған жерде бекітілген ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалар прейскуранты және үлгілік шарт нысаны туралы ақпараттары орналастырылмаған;

3.30. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.08.2017 жылғы №611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасының 2 қосымшасы талаптарына қайшы Мекемеде балалар саны ғимараттың қуаттылығына сәйкес келмей, мекемеде 3570 оқушы орта білім алуда, толымдығы 1170 оқушыға немесе 148,7%-ға артық.

2.2.2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің толықтығы мен сапасын жиынтық талдау: мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.3. Құжаттың Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған деңгейдегі құжаттарымен декомпозициясын (мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, көрсеткіштері, қаржыландыру көлемдері бойынша) талдау: мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.4. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының іске асырылу тиімділігін талдау:

1. ҚР 04.12.2008 жылғы №95-IV Бюджет Кодексінің 4 бабының 12 тармақшасына қайшы мекемеде шығындардың артуына байланысты ешқандай негіздеме көрсетілмей, нақты сұранымдары болмаса да, бюджеттік бағдарлама әкімшісімен қаражатты дұрыс жоспарламау салдарынан жыл ішінде қаржыландыру жоспарына бірнеше рет өзгерістер енгізіліп, 2018 жылдың маусым, қараша айларында артық қаражаттары бөлініп, қызметкерлерге алдын-ала аванстар беріліп, келесі айларда қайта есептеулер жүргізілген яғни, бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігі негізге алынбай, еңбекақы шығыстарына жалпы сомасы 25471,8 мың теңгеге бюджет қаражаттары есебінен тиімсіз шығындар жүргізілген.

2.5. Қоғамның қанағаттануын бағалау нәтижелері:

Аудит барысында, 77 мұғалімдер, 55 жоғары сынып оқушылары және 39 ата-аналар арасында сауалнамалар жүргізілді. Нәтижесінде, ата-аналар мен мұғалімдер мектепте қолма-қол ақша жиналмайды, ақылы және тегін үйірмелер бар екендігін және басым көпшілігі «жақсы» деген пікірлерін білдірді, ал мұғалімдер әр класста интерактивті тақталар қажет ететіндіктерін және ата-аналар тарапынан мектеп әкімшілігіне көңілдері толатындығын білдірген.

2.6.  Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе): мемлекеттік аудит бағдарламасында қарастырылмаған.

2.7. Мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері: мемлекеттік аудит объектілерінің жіберіп алған пайдасының және экономикалық шығындарының анықталған фактілері жоқ.

IІІ. Жиынтық бөлік

3.1.  Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

Анықталған жалпы сомасы 11183,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың ішіндегі қалпына келтіруге жататын 9237,8 мың теңге және өтелуге жататын сомасы 1945,4 мың теңге, оның ішінде: 9237,8 мың теңгесі аудит барысында толығымен қалпына келтіріліп, 1113,1 мың теңгесі өтелді. Атап айтқанда:

Аудит барысында бухгалтерлік анықтамамен түзетулер жасалып, 2331 «Нысандар» шотына 600,0 мың теңге құрайтын субұрқақ (фонтан), 2360 «Машиналар мен жабдықтар» шотына  1777,2 мың теңге құрайтын кондиционерлер және 6860,6 мың теңге құрайтын дизельді генератор, жалпы сомасы 9237,8 мың теңге бухгалтерлік есебінің тиісті қосалқы шоттарына кірістелді.

Мекемемен 2017 жылдан бері депозиттік шотта пайдаланылмай қалған сомасы 499,7 мың теңге, мекеме қызметкерлеріне іссапар шығындарына артық және негізсіз төленген 579,8 мың теңге, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Черниязоваға қосымша ақылы білім беру қызметі есеп шотынан негізсіз аударылған 33,6 мың теңге қаражат тиісті бюджетке өндірілді.

3.2.  Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар:

Жүргізілген аудит нәтижелері мекемеде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Еңбек кодексінің, мемлекеттік сатып алу Заңының, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңдарының және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын жүйелік түрде қолдануы мен пайдалануы төмен жағдайында екендігін көрсетеді.

Сонымен қатар, мекемеде бюджеттік бағдарлама әкімшісіне тапсырылатын есептерінде шығындардың негізділігі толықтай ашылмауы, алынатын қызметтер мен жұмыстарының негіздемесі жөніндегі есептемелері тиісті деңгейде жүргізілмеуі байқалады. Мекеменің штаттық кестелеріне сәйкес жыл сайын еңбекақы қоры ұлғайғаны және бірліктері артып отырғаны, сондай-ақ, еңбекақы төлеу қорында шығындардың артқаны және қызметкерлерге алдын-ала аванстық төлемдер (келесі айларда қайта есептеулер жүргізілген) жүргізілуі тиісті уәкілетті орган тарапынан қадағалау жүргізілмегенін көрсетеді.

Демек, тиісті саланың уәкілетті органымен жыл соңында мекеменің қаржыландыру жоспарына тиісті өзгертулер енгізіліп, бюджет қаржысын уақытылы игерілуі бағытында жүзеге асырылғандығын көруге болады.

Одан әрі, мекемеде анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі штаттық кестеде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары бірліктерінің тиімсіз ұсталған, еңбекақыға артық қаражат жоспарланған, ақылы қызмет бойынша түскен түсімнен коммуналдық шығындарды өтеу жөнінде жұмыстары атқарылмаған, үнемделген қаражат есебінен қызметкерлерге сыйақы беріліп келген. Сондай-ақ, жыл сайын нақты сұранымдары болмаса да, жоғары тұрған органмен мекемеге қаржыландыру жоспарына бірнеше рет өзгерістер енгізіліп бюджет қаражаттары тиімсіз аударылып, мекеме қызметкерлеріне алдын-ала аванстар (келесі айларда қайта есептеулер жүргізілген) беріліп, мемлекеттік сатып алу барысында өрескел заң бұзушылықтар анықталды.

Жоғарыдағы бұзушылықтардың орын алуы мекемедегі басшылық тарапынан еңбекақы, іссапар шығындарын төлеу бойынша және мемлекеттік сатып алу заңының талаптарын сақталмауын, ақылы қызметтен түскен кірістердің тиімді бағытта жұмсалмауын, оқу ісі жөніндегі орынбасарларына мұғалімдердің орнын ауыстырғаны үшін тиісті апталық жүктемеден артық сағаттар берілгендігін, сондай-ақ, аудиторлық есепте көзделген бұзушылықтардың басым бөлігі басқару органы тарапынан тиісті деңгейде қадағаланбауын және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен мекемеге қаражаттарды жоспарлау барысында негіздейтін құжаттарын сұратпайтындығын, қажетті сұранымдары болмаса да, жыл сайын қаражаттар бөлінетіндігін және ақылы қызметтен түсетін кірістерді ескермей, бюджет қаражаттарын оңтайлы және тиімді жұмсау талаптарының орындалмағанын көрсетеді.

Аудитпен қамтылған мекемеде білім алып жатқан балдар саны мектептің жобалық қуаттылығына сәйкес келмейді, жыл сайын оқушы балалар саны артып отырғандығы байқалады. Ал, бұл мәселе ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сай келмейді және балалардың сапалы білім алуларына кері әсерін тигізеді. Және де «Нұр-Ақтөбе» мөлтекауданында жаңадан салынып жатырған тұрғын үй құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға берілу жалғасқандықтан, яғни, қала әкімдігі және білім бөлімі тарапынан аталмыш мәселеге аса назар аударып, халықтың көп шоғырлануына және мектеп жасындағы балалар санының ұлғаюына байланысты қосымша білім беру ұйымдарын қажет ететіндігін ескеру қажет.

Онымен қоса, осы аудит іс-шарасының негізінің бірі болып білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы – ол дегеніміз біріншіден толыққанды педагогикалық процестің қажетті шарты, екіншіден баланың рухани әлеміне әсер ету құралдары, олардың көзқарастарын және жақсы әдеттерін қалыптастыру құралдары болып табылады.

Қазіргі заманға сай пәндік кабинеттермен жабдықталуы мектепте оқу сабақтарының тиімділігін арттыруға ықпал етеді, бірақ бұл жағдайы қанағаттанарлықсыз деңгейде. Қаланың білім беру бөлімдерінің бұқаралық білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балалардың дене бітіміне қол жеткізуі және оқуы үшін тиісті материалдық-техникалық жағдайлар жасау бойынша инертті қатынаста екендігі байқалады. Сонымен, аудит барысында аудитпен қамтылған мекемеде материалдық-техникалық базасы жаңа заманауи жабдықталған тек, оқушылардың көп болуына байланысты интерактивті тақталар, оқушы парталары жетіспеушілігі байқалады және лингафондық кабинеттермен мүлдем жабдықталмаған.

Сондықтан, мектептің 3 ауысымды сабақ мәселесі шешілсе оқушыларға сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасалса, мекеменің алға қойған мақсаттарына, оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру, жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту сияқты нақты нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын атап өткен жөн.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Аталған мекемелерге бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекет активтерінің пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша төменде көрсетілгенді ұсынамын:

3.3.1. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ басшысы (С.С.Сүлейменов):

1. Қазақстан Республикасының бюджеттік, өзге де заңнама және нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және бұзуға жол бергені үшін тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру;

2. Мекемеге бөлінген қаражаттарының тиісті түрде жұмсалуы қатаң түрде бақылауға алынсын;

3. Мекеме қызметкерлерінің еңбекақысын дұрыс есептелініп, төленуін, тарификациялық штаттық кестесіндегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына қатысты бірліктерді заңнамаға сәйкес бекітуін және штаттық кестесіне сәйкес еңбекақысына қаражатын бөлуін қатаң түрде қадағалауға алынсын;

4. Қосымша ақылы білім беру қызметі бойынша түскен түсімдері тиісті саланың уәкілетті органымен бекітілген экономикалық негіздемеге сәйкес мақсатты түрде шығысталуы қадағалансын;

5. Бюджет қаражаттарын игеру мақсатында нақты сұранымдары болмаса мекеменің қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізіп, артық қаражаттар жоспарланып, игерілуі  тоқсатылсын;

6. Мекеменің сыйымдылығын, үш ауысымды сабақ мәселесін болдырмау және оларды алдағы уақытта жою жөнінде шаралары қабылданып, осы мәселесі қатаң түрде бақылауға алынсын;

7. Алдағы уақытта мекемеге материалдық-техникалық жабдықталуына, оларды жаңартуға және заманауи жабдықтармен жабдықтауы бойынша ақылы қызметтен түсетін кірістерді ескере отырып іс-шаралары қабылдансын;

8. Мекеменің негізгі құралдарды тиімді пайдалануы бойынша шаралар жүргізілсін;

9. Анықталған қаржылық бұзушылықтардын аудит барысында өтелмеген 832,3  мың теңгені толық көлемде облыстық бюджетке өтелуі бойынша шаралары қабылдансын;

10. Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы 01 қарашаға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсынылсын.

3.3.2. Аудитпен қамтылған «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-не:

1. Қазақстан Республикасының бюджеттік, өзге де заңнама және нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету және бұзуға жол бергені үшін тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктерін қарастыру;

2. Негіздейтін құжаттарынсыз қосымша ақылы білім беру қызметі бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Черниязова өз-өзіне жұмыс уақытын есептеу табелін толтырып, еңбекақы төленуіне және нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақталмауына жол бергені үшін тиісті қызметкердің жауапкершілігін қарастыру;

3. Алдағы уақытта директордың орынбасарларына уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін, мұғалімдердің орнын ауыстырғаны үшін қосымша ақыларды төлеу тоқтатылсын;

4. Алдағы уақытта бюджет қаражаттарын игеру мақсатында мекеме қызметкерлеріне алдын-ала аванстық төлемдерді жүргізу тоқсатылсын;

5. Негізгі құралдарды есепке алу кезінде тиісті деңгейде жүргізілуін, негізгі құралдарды тиімді пайдалануын, ақылы қызмет бойынша қызметкерлердің еңбекақыларын дұрыс есептелініп төленуін қатаң түрде қадағалансын;

6. Мекеменің орналасқан жер учаскесіне бағалау жасалынып, бухгалтерлік есептерінде оның құнының бөлек есеп шотына көрсетілуі қамтамасыз етілсін;

7. Анықталған қаржылық бұзушылықтардын аудит барысында өтелмеген 832,3  мың теңгені толық көлемде облыстық бюджетке өтелуі бойынша шаралары қабылдансын;

8. Растайтын құжаттарды қоса беріп, аталған бұзушылықтарды жою және қолданылған шаралар туралы ақпаратты 2020 жылғы 01 қазанға дейін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсыну.

3.3.3. Тексеру комиссиясының құқықтық жұмыстар бөлімі жіберілген материалдарды қарастыру қорытындысына мониторинг жүргізумен процессуалдық шара қолдану үшін:

1. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-не мемлекеттік сатып алу заңнамасын және бухгалтерлік есепті жасау бойынша бұзу фактілері жөнінде заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментіне жолданғандығы есепке алынсын.

 

3.4. Қосымша: 4 бетте (жиынтық тізілімдері).

Тексеру комиссиясының мүшесі                                                               С.Ш.Урынбаев

 

Телефон доверия

54-68-91