Бүгін: 23.10.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

КІРІСПЕ

 

І БӨЛІМ. АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ДАМУЫНЫҢ  НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ІІ БӨЛІМ. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

 

2.1. Жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуын бағалау

2.2. Жергілікті бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау
2.2.1. Салықтық түсімдерді талдау
2.2.2. Салықтық емес түсімдерді талдау
2.2.3. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді талдау
2.2.4. Трансферттер түсімдерін талдау
2.3. Жергілікті бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау
2.3.1. Жергілікті бюджет шығындарының атқарылуын талдау
2.3.2. Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын талдау
2.3.3. Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған шығындарды талдау
2.3.4. Дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау

III БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

3.1. 2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау

3.2. Өңірде басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ақпарат

IV БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

 

4.1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау

4.2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдалану тиімділігін бағалау

4.3. Мемлекет активтерінің пайдалану тиімділігін бағалау

4.4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдалану тиімділігін бағалау

V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІГІ

5.1. Тұжырымдар

5.2. Ұсынымдар

ЕСЕПКЕ ҚОСЫМШАЛАР

1. Қосымша ақпараттар (кестелер).

2.Тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі жұмысы туралы ақпарат.

 

Кіріспе

 

Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясымен, Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 51-бабына сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органның  «2019 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы туралы» есебіне қорытындысы дайындалған.

Есеп құрылымында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің орындалуы, салықтық және салықтық емес түсімдердің болжамды көрсеткіштеріне қол жеткізу, мемлекеттік қаражаттың пайдалануына, бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге, бюджеттік кредиттерді пайдалану мен өтеуге, мемлекеттік активтерді сатып алуға, сатуға және пайдалануға, нысаналы трансферттерді, бағдарламалық құжаттарды іске асыруға, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың және мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігіне талдау жүргізілді және баға берілді.

Қорытынды мемлекеттік аудит органдарының аудиторлық іс-шараларының материалдары, қаржылық бұзушылықтарды талдамалық зерделеу, статистикалық деректер, жергілікті атқарушы органдардың ақпараты және жергілікті атқарушы органның «2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы» есебі негізінде дайындалды.

Қорытынды бөлімінде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді басқару мақсатында жүргізілетін бюджеттік және қаржылық рәсімдердің сапасын жақсарту бойынша қорытындылар көрсетілген және ұсынымдар берілді.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар тексеру комиссиясының 2018 жылдың қорытындысы бойынша және облыстық мәслихат сессиясында бекітілген ұсынымдарын орындау бойынша нақты жұмыстар жүргізді.

Мәселен, мемлекеттік қызмет және бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы бойынша шығыстарды уақтылы және толық қаржыландыру қамтамасыз етілді, ішкі істер органдарының 2301 қызметкерінің біліктілігі мен лауазымдық жалақыларын арттыруға үстемеақы мөлшері ұлғайтылды, агроөнеркәсіптік кешен саласында 569 жоба субсидияланды, бұл 615 жаңа жұмыс орнын құруға ықпал етті, оның ішінде 545 тұрақты, сондай-ақ 460 кәсіпорын өзінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартты, 19,4 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төленді, облыстың 540 кәсіпорындарында әлеуметтік жұмыс орындары құрылды және 1 219 адам жұмысқа орналастырылды, жастар тәжірибесіне 1105 адам жіберілді, облыстың 649 кәсіпорындары мен ұйымдарында 1 305 адам жұмысқа орналастырылды, 1800 мүгедек және мүгедек балалар санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етілді.

Іс-шараларды және нысаналы индикаторларды сапалы жоспарлау бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде болжамды көрсеткіштерге қол жеткізу қамтамасыз етілді.

Облыс әкімдігімен ай сайын әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша жағымсыз үрдістерді жою бойынша шаралар анықталды және дер кезінде қабылданды. Нәтижесінде экономиканың барлық негізгі бағыттары бойынша оң серпін байқалады.

Инвестициялық жобаларды іске асыру және бюджеттік бағдарламаларды орындау кезінде қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін облыстық мемлекеттік органдар бюджеттік, салық заңнамасын, мемлекеттік сатып алу туралы заңды және бухгалтерлік есепті түсіндіру бойынша көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырады.

Облыс аудандарын дамытуды қамтамасыз ету үшін бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің бюджеттік саясатының тұжырымдамасын іске асыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

2018 жылдың барлық кредиторлық және дебиторлық берешегі 2019 жыл ішінде өтелді. Берешектер көлемін қысқарту бойынша одан әрі тиімді шешім бойынша жұмыс жалғастырылады.

Атқарылған жұмыс нәтижелері бойынша кәсіпорындардың даму жоспарларының уақтылы, дұрыс бекітілуіне және орындалуына бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылданды. Бұл шаралар жарғылық капиталға салынған бюджет қаражатының экономикалық тиімділігін нығайту және одан әрі арттыру үшін бағытталған.

Жүргізу шаралары қабылданды және тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып 2018 жылдың коммуналдық мүлікті басқарудың және оны тиімді пайдалану бойынша мониторингі аяқталды.

ҚР Бюджет және өзге де заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бухгалтерлік қызмет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды.

Жергілікті атқарушы органдардың тексеру комиссиясының ұсынымдарын орындау бойынша жүргізген жұмысы, бюджет параметрлерінің орындалу сапасына әсер және белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті. Алайда қаржылық тәртіптің деңгейін арттыру және аудит объектілеріндегі жүйелік бұзушылықтар мен кемшіліктерді азайту мәселесі жеке назар аударуды және пысықтауды талап етеді.

 

Қосымшаларда есепке қосымша материалдар берілген.

 

I.БӨЛІМ. 2019 ЖЫЛҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК -ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

 

2019 жылға арналған облыстық бюджет, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 344 қаулысымен бекітілген Ақтөбе облысының 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы негізінде әзірленді.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын белгілеу мақсатында әзірленеді.

Құжат облыстың бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын, үрдістерін, басымдықтарын, көрсеткіштерін, экономикалық, инвестициялық және салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын қамтиды.

 

Ақтөбе облысы аумағының көлемі 300,6 мың ш. км. құрайды. Халық саны - 880,7 мың адам, оның ішінде қалалық – 627,0 мың (71,2%). Облыс құрамына 12 аудан, 1 облыстық маңызы бар қала және 7 аудандық маңызы бар қала (Алға, Қандыағаш, Ембі, Жем, Темір, Шалқар, Хромтау) кіреді. Ұлттық құрамы: қазақтар-82,8%, орыстар-11,3%, украиндар - 2,5% және басқалары – 3,4%.

Ақтөбе облысы 2019 жылды әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасымен аяқтады.

Жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) 2019 жылғы 9 айында 2 191 111,3  млн.теңгені құрады. ЖӨӨ көлемінің нақты өзгеру индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 104,7% құрады. Өңірдің ЖӨӨ динамикасы айтарлықтай дәрежеде негізгі салаларда оң өсу қарқынының сақталуымен байланысты.

2018 жылға қарағанда (1 855,2 млрд.теңге) 105,9% (НКИ) өсіммен 2019 жылы 1 914,5 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Тау-кен өнеркәсібі өндірісінің көлемі – 109,8% (1207,5 млрд.теңге) құрады. Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің НКИ – 99,4% (600,0 млрд.теңге) құрады.

Аймақ өнеркәсібінің өсуіне жаңа технологияларды қолдану, өндірістің жаңа желілерін іске қосу есебінен қол жеткізілді.

Тау-кен саласында бірқатар пайдалы қазбалар өндіру 2018 жылмен салыстырғанда өсті. Мысалы: мыс-мырыш кені-43,5% - ға, құрамында алтын бар кен – 21,5% – ға, мырыш концентраты – 16,3% – ға, хром кені-4,9% - ға, хром концентраты-2,5% - ға.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі төмендеді: химия өнеркәсібі өнімдері (76,5%), сусындар (64,9%), жеңіл өнеркәсіп (82,4%), резеңке және пластмасса бұйымдары (83%).

Өндіріс көлемінің төмендеуі Ақтөбе қ., Алға және Ойыл аудандарында байқалды. Облыстың 9 ауданында өсу қарқыны тіркелді.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 275,2 млрд.теңгені құрады, бұл 2018 жылғы деңгейден 3,7% - ға жоғары. НКИ-103,7% (ҚР -100,9%).

2019 жылы ет өндіру көлемі 8,5% – ға, сүт 3,2% - ға және жұмыртқа-2,6% - ға өсті. Ірі қара мал басы 6,3%-ға, жылқы 12,1% – ға, қой – ешкі басы 1,6% - ға және түйе басы 2% - ға өсті.

Сиыр еті экспортының көлемі 2 есеге артып, 4,4 мың тоннаны құрады.

Субсидиялау шығындарының жалпы сомасы 2019 жылы 15,7 млрд.теңгені құрады.

Дәнді дақылдардың өнімділігі 8,4 ц/га, (2018 ж. – 11,8 ц/га), картоп 163,1 ц/га (163,4 ц/га), майлы дақылдар 5,4 ц/га (3,3 ц/га) құрады.

2019 жылы негізгі капиталға инвестиция көлемі 598,3 млрд.теңгені құрады, 2018 жылмен салыстырғанда 7,5% - ға өсті.

Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2019 жылы 160 млрд.теңгеге 25 ірі инвестициялық жобаны іске асыру есебінен қамтамасыз етілді.

Олардың ішінде ең ірілері:

- Мұғалжар ауданындағы «Қазгеоруд» ЖШС «Құндызды» мыс-мырыш кенін игеру;

- «ТД «Фотон» ЖШС ұялы автоклан газ бетонын өндіру;

- «АКМЭЗ» ЖШС-нің өсімдік майы мен жемдік шроттың өндірісі. Осы жобаларды іске қосу нәтижесінде аймақта қосымша 1700 жұмыс орны құрылды.

2019 жылы сыртқы сауда айналымы 4 247,7 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт - 3062,0 млн. АҚШ доллары, импорт - 1 185,7 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң болды - 1876,3 млн. АҚШ доллары.

2019 жылдың аяғында құрылыс жұмыстарының көлемі 194 млрд теңгені құрап, өткен жылғы деңгейден 5,8% асып түсті. 1 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді (өсім 112,4%).

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2018 жылғы деңгейге 1,5% артып, 656,5 млрд. теңгені құрады.

Ақтөбе облысы бойынша инфляция 5,0% құрады, бұл 2018 жылдан 4 пайыздық тармаққа төмен (ҚР – 5,3%).

Жұмыссыздық деңгейі 4,8% деңгейінде қалыптасты, бұл жергілікті атқарушы органдардың аймақ экономикасына инвестициялар тарту арқылы жұмыс орындарын құру жөніндегі қабылдаған шараларымен байланысты.

2019 жылы 21 138 жаңа жұмыс орны құрылды, оның 58% тұрақты.

2019 жылы нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 43,1 мың адам қамтылды.

Бағдарлама аясында қолдау шаралары қажетті мамандықтар бойынша оқуға жіберілген 2,9 мыңнан астам адамды қамтыды.

Орташа айлық жалақы 156 615 теңгені құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 13,9% өсті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге (28 284 теңгеден 42 500 теңгеге дейін) өсті. Ең төменгі жалақыны көтеру 70 мыңнан астам адамға әсер етті. Бюджеттік қызметкерлердің жалақысы 30% - ға өсті.

2019 жылы 1400-ден астам кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 15% - ға арттырды. Бұл 32 мың ақтөбелікке әсерін тігізді.

Осыған қарамастан, аймақтағы жалақы деңгейі республика бойынша жалақының орташа көрсеткішінен 16% - ға төмен (ҚР бойынша 9-орын) және Батыс Қазақстан өңірлері арасында ең төмен болып қалуда.

Ақтөбе облысы халқының орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 2019ж. IV тоқсанында 100 377 теңгені құрап, 2018ж. IV тоқсанымен салыстырғанда 15,8% өсті. Осы кезеңде тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағалардың 5,0% - ға өсуін ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты көріністе 10,1% - ға өсті.

Ақшалай табыс құрылымында еңбек қызметінен түскен табыстар 78,4% - ды, оның ішінде жалдамалы жұмыстан 69,3% - ды, дербес жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен 9,1% - ды, әлеуметтік трансферттер 16,4% - ды, меншіктен түскен табыс 0,3% - ды, туысқандардан материалдық көмек, алименттер және басқа да табыстар 4,9% - ды алады.

Экономикалық өсудің тұрақты және серпінді қарқынының маңызды индикаторларының бірі кәсіпкерлік субъектілерінің белсенділігін дамыту және арттыру болып табылады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2018 жылдың деңгейіне 8,6% - ға артты, олардың саны 59,1 мың бірлікті құрады. ШОК объектілерімен өнім шығару көлемі 680,6 млрд.теңгені құрады, салыстырмалы кезеңге қарағанда 1,9% - ға (2019 жылдың 9 айында) өсті. ШОК саласында жұмыспен қамтылған халықты қамту 9,9% - ға немесе 147,1 мың адамға дейін өсті (2019 жылдың 9 айындағы деректер).

 

2017-2019 жылғы Ақтөбе облысының негізгі макроэкономикалық

даму көрсеткіштері

 

 

 

Көрсеткіштің атауы

 

 

 

Нақты 2017 жыл

 

 

 

Нақты 2018 жыл

 

 

2019 жыл

Фактінің ауытқуы

2019 ж. (+,-)

Жоспар

Нақты

2018 жылғы фактіге (5-3)

2019 жылға арналған жоспарға (5-4)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Өндірістік өнім көлемі, млн.теңге

1 552 020,0

1 855 288,1

1 929 000,0

1 914 552,2

59 264,1

-14 447,8

2

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі, млн.теңге

200 841,7

228 246,6

275 037,0

275 186,7

46 940,1

149,7

3

Негізгі капиталға инвестиция, млн. теңге

437 132,7

516 168,2

600 000,0

598 340,9

82 172,7

-1 659,1

4

Тұрғын үйді іске қосу, мың ш.м.

792,3

908,6

 

939,5

 

1021,2

 

112,6

 

81,7

 

5

Шағын және орта кәсіпкерлік, тіркелген субъектілер саны,  мың бірлік.

 

 

 

 

 

63,1

 

 

 

 

 

-

 

 

 

 

 

-

 

 

 

 

 

68,6

 

 

 

 

 

-

 

 

 

 

 

-

 

- жұмыс істеп тұрған

 

54 430

59 152

59 116

4 686

-36

6

Бөлшек сауда, млн. теңге

561 076,4

613 099,7

 

657 800,0

 

656 522,5

 

43 422,8

 

-1 277,5

 

7

Тіркелген жұмыссыздар саны, мың адам

 

20,6

21,1

20,9

20,9 (4кв)

-0,2

0

>

 

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша, жекелеген көрсеткіштерге қол жеткізбеуіне қарамастан, Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы өткен жылмен салыстырғанда 2019 жылы барлық салалар бойынша оң өсімді көрсетеді.

II БӨЛІМ. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ

2.1. Жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің атқарылуын бағалау

 

2019 жылы облыстық бюджет 8 рет нақтыланып, 27 рет түзетілді. Жүргізілген нақтылаулар мен түзетулер нәтижесінде 2019 жылға арналған облыстық бюджеттің параметрлері былайша қалыптасты:

1)    Кірістер - 194 176 967,6  мың теңге, оның ішінде:

- Салық түсімдері- 37 450 681,0  мың теңге;

- Салықтан тыс түсімдер – 3 157 604,4 мың теңге;

- Трансферттердің түсімдері –  153 568 682,2 мың теңге;

2) Шығындар-  217 394 612,7  мың теңге;

3)  Таза бюджеттік кредит беру– 2 757 513,8  мың теңге, оның ішінде:

- бюджеттік кредиттер – 12 801 654,0  мың теңге;

- бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 044 140,2  мың теңге;

4) Қаржылық активтермен болатын операциялар бойынша сальдо –  0,0 мың теңге, оның ішінде:

- Мемлекеттің қаржылық  активтерін сатудан түскен түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджеттің тапшылығы  – 1 104 397,3  мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру –  1 104 397,3 мың теңге.

Бюджет қаражаттарының қолданылатын қалдықтары  -  (-1 259 825,7) мың теңге.

Есепті кезеңде облыстық бюджеттің кірісі 218 572 243,7 мың теңгені немесе 100,9% құрады, соның ішінде, кірістер бойынша 196 103 664,2  мың теңге немесе 101,0%, бюджеттік кредиттерді өтеу – 10 053 997,3 мың теңге немесе 100,1%, қарыздардың түсімі – 12 414 582,2  мың теңге немесе 100%.

Жылдың басында облыстық бюджеттің кірістері 173 237 149,0 мың теңге сомасында бекітілді.

Облыстық бюджеттің орындалу барысында енгізілген толықтырулар мен өзгерістер есебімен түзетілген жоспары 216 633 925,8 мың теңгені құрады, яғни бекітілген бюджетпен салыстырғанда 43 396 776,8  мың теңгеге немесе 25,1% (2018 жылы 30,6%) өскен.

Бекітілген жоспарды түзету түсімдердің ұлғаю жағына қарай мынадай түрлері бойынша жүзеге асырылды:

салық түсімдері 6 372 701,0 мың теңгеге немесе 20,5%;

салықтық емес түсімдер бойынша 222 981,4  мың теңгеге немесе 7,6%.

трансферттердің түсімдері 34 047 360,1 мың теңгеге немесе 28,5%.

Қаржыландыру көздері бойынша 2019 жылға арналған облыстық бюджет түсімдерінің құрылымы іс жүзінде былайша қалыптасты:

         

мың.тенге

Түсімдер құрылымының атауы

2018 жылғы факт

 

2019 жылға арналған жоспар

2019 жылғы факт

Өсу қарқыны,%

2019 жылғы түсімдердің жалпы көлеміне %

Меншікті кірістер (салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан)

42 581 790,5

40 608 285,4

46 534 982,0

109,3

21,3

Трансферттер түсімі, оның ішінде::

108 693 661,6

153 568 682,2

149 568 682,2

137,6

68,4

төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан түсетін трансферттер

8 736 888,6

10 720 148,20

6 720 148,2

76,9

3,1

 

жоғары тұрған бюджеттерден нысаналы трасферттер, оның ішінде:

99 956 773,0

142 848 534,00

142 848 534,0

142,9

65,4

жергілікті бюджеттерді теңестіруге арналған субвенциялар

56 275 267,0

55 812 434,0

55 812 434,0

99,2

25,5

Бюджеттік кредиттерді өтеу

5 056 309,2

10 044 140,2

10 053 997,3

198,8

4,6

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Қарыздар түсімі

10 254 900,2

12 412 818,0

12 414 582,2

121,1

5,7

Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

624 037,44

760 686,9

1 259 825,7

0,0

0,00

Барлық түсімдер

166 586 661,5

216 633 925,8

218 572 243,7

131,2

100,0

>

 

Облыстық бюджеттің меншікті-кіріс бөлігінің орындалуы жалпы 46 534 982,0 мың теңгені немесе 2019 жылдың жоспарына 109,3% құрады.

           

мың.тенге

Түсімдер құрылымының атауы

2017 жылғы факт

2018 жылғы факт

2019 жылғы факт

2017 жылғы түсімдердің жалпы көлеміне %

2018 жылғы түсімдердің жалпы көлеміне %

2019 жылғы түсімдердің жалпы көлеміне %

Меншікті кірістер (салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан)

40 240 291,4

42 581 790,5

46 534 982,0

23,4

25,6

21,3

Трансферттер түсімі, оның ішінде::

111 844 328,7

108 693 661,6

149 568 682,2

65,1

65,2

68,4

Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан түсетін трансферттер

5 615 018,2

8 736 888,6

6 720 148,2

3,3

5,2

3,1

жоғары тұрған бюджеттерден нысаналы трасферттер, оның ішінде:

106 229 310,5

99 956 773,0

142 848 534,0

61,8

60,0

65,4

жергілікті бюджеттерді теңестіруге арналған субвенциялар

52 075 219,0

56 275 267,0

55 812 434,0

30,3

33,8

25,5

Бюджеттік кредиттерді өтеу

1 225 295,2

5 056 309,2

10 053 997,3

0,7

3,0

4,6

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

429,3

0,0

0,0

0,0

0,0

0,0

Қарыздар түсімі

18 587 654,0

10 254 900,2

12 414 582,2

10,8

6,2

5,7

Барлық түсімдер

0,00

624 037,44

1 259 825,7

0,00

0,00

0,00

Барлық түсімдер

171 897 998,6

166 586 661,5

218 572 243,7

100,0

100,0

100,0

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша, 2019 жылы айтарлықтай, жоғары және төмен тұрған бюджеттерден берілетін трансферттердің орташа есеппен 33,7% өсуі аясында облыстық бюджет түсімдерінің жалпы көлемінде меншікті кірістер үлесінің 2,1% - ға, 2017 жылғы 23,4% - дан 2019 жылы 21,3-ке дейін төмендеуі байқалады.

 

2.2. Жергілікті бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау

2.2.1. Салық түсімдерін талдау

 

Меншікті кірістер бөлінісінде, 2019 жылы салықтық түсімдер 1 939 978,5 мың теңгеге немесе 2018 жылмен салыстырғанда 5,1% - ға (38 307 416,7 мың теңге), салықтық емес түсімдер 1 843 137,8 мың теңгеге 1,4 есе (4 129 652,5 мың теңге) және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 170 075,2 мың теңгеге немесе 2,2 есе (144 721,3 мың теңге) артты.

Ақтөбе облысының облыстық бюджетін нақтылау кезінде 2019 жылдың басындағы бос қалдықтарды есепке ала отырып, оның кірістері өзгерістерге ұшырады, ол  40 635 485,6 мың теңгеге немесе 26,5% - ға және шығындар 37 141 108,5 мың теңгеге немесе 24,2% - ға артты.

2019 жылы облыс бойынша шығыстар бөлігінде жоспарлы тағайындаулар 82 121 мың теңгеге игерілмеген.

 

2019 жылғы  жергілікті бюджеттің негізгі параметрлерінің орындалуы

млн. теңге

 

Көрсеткіштердің  атауы

Бекітілген бюджет

Нақты

ланған бюджет

Түзетіл

ген бюджет

Атқа-рылуы

Бекітілген бюджетке түзетілген бюджеттің ауытқуы

Түзетілген бюджетке атқарылуы %

1

Кірістер

153 541,4

189 189,9

194 176,9

196 103,6

40 635,5

101,0

2

Шығындар

153 173,9

185 328,1

190 315,1

190 232,9

37 141,1

100,0

3

Бюджеттік кредиттер

6 030,4

12 801,6

12 801,6

12 801,6

6 771,2

100,0

4

Бюджеттік кредиттерді өтеу

14 032,8

10 044,1

10 044,1

10 053,9

-3 988,7

100,1

5

Қаржылық активтерді сатып алу

0

0

0

0

0

0

6

Мемлекеттің қарж.активтерін сатудан түскен түсімдер

0

0

0

144 721,3

0

0

7

Бюджеттің тапшылығы (профициті)

8 370,00

1 104,30

1 104,30

3 123,1

-7 265,7

282,8

8

Қарыздардың түсімі

5 662,8

12 412,8

12 412,8

12 414,5

6 750,0

100,0

9

Қарыздарды өтеу

14 032,8

14 277,9

14 277,9

14 277,9

245,1

100,0

10

Есепті кезең соңындағы бюджет қаражаттарының қалдығы

 

 

 

2 020,5

 

 

 

 

2020 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша бюджет қаражаттарының қалдығы 2 020 512,6 мың теңгені құрап, 2019 жылдың басымен салыстырғанда 1 259 825,7 мың теңгеге өсті.

Бюджеттің кірістері мен шығыстарының орындалуын талдаудың қорытындысы бойынша, кірістер 101,0%-ға және шығыстар 100,0%-ға орындалған. Кірістер бойынша  жоспардың артық орындалуы,  салықтық түсімдер (107,5%) мен салықтық емес түсімдер (1,8 есе) төлемдеріне байланысты.

Бюджеттің кіріс бөлімінің құрылымы

(млн.тенге)

Атауы

2019 ж. бекітілген бюджет

2019 ж. нақтыланған бюджет

2019 ж. түзетілген бюджет

01.01.2020ж бюджет түсімінің атқарылуы

Салық түсімдер

31 077,9

37 450,6

37 450, 6

40 247,4

Салықтан тыс түсімдер

2 934,6

3 157,6

3 157,6

 

5 972,7

 

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

0

0

0

314,7

Барлық түсімдер

34 012,5

40 608,2

40 608,2

46 534,8

Трансферттердің түсімдері

119 528,8

148 581,6

153 568,7

149 568,7

Жалпы кірістер

153 541,3

189 189,9

194 176,9

196 103,5

/p>

Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер 2019 жылғы табыстардың жалпы көлемінің 20,5% – ын құрады немесе 2018 жылға қарағанда төмен (25,3%), салықтық емес түсімдер – 3,0% (2,7%), негізгі капиталды сатудан түскен кірістер-өткен жылғы деңгейде 0,1% және трансферттер түсімі 76,2% - ға (71,9%) дейін ұлғайды.

2019 жылы бірнеше түзетулер нәтижесінде бюджетке кірістер бойынша бекітілген жоспар бүкіл құрылым бойынша ұлғайған. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 314 796,5 мың теңгені құрады.

2019 жылы жергілікті бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің нақты түсімі 40 247 395,2 мың теңгені құрады, түзетілген жоспар 37 450 681,0 мың теңге кезінде немесе жоспар 105,1% орындалды.

Негізгі өсу: салықтық түсімдер 1 939 978,5 мың теңгеге, салықтық емес түсімдер 1 843 137,8 мың теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 217,5 мың теңгеге және трансферттер түсімі 40 875 020 мың теңгеге.

Салықтық түсімдер бойынша жылдық бюджет 31 077 980,0 мың теңге сомасында бекітілді, ол бюджетті атқару барысында 6 372 701,0 мың теңгеге өсірілді. Нақты 105,1% орындалды немесе бюджет кірісіне 40 247 395,2 мың теңге түсті, асыра орындау 1 939 978,5 мың теңгені құрады.

2018 жылмен салыстырғанда салық түсімдерінің жалпы көлеміндегі ішкі салықтардың үлесі 24,7% - дан 24,3% - ға дейін, табыс салығының үлес салмағы 40,9% - дан 38,9% - ға дейін азайған, әлеуметтік салықтың үлесі 34,4% - дан 36,9% - ға дейін елеусіз өскен.

2019 жылы жоспарлы көрсеткіштерге салық түсімдерінің асыра орындалуы барлық кодтар бойынша қамтамасыз етілді. 2018 жылмен салыстырғанда салық түсімдері бойынша төлемдер 619 466,0 мың теңге немесе 1,6% төмендеді.

Салық түсімдерінің оң динамикасымен қатар 2019 жылы 1 585 599,0 мың теңге сомасында бересі бар, ол 2018 жылмен салыстырғанда 1 473,0 мың теңгеге немесе өсу қарқыны 100,1% артты.

Жергілікті бюджет берешегінің жалпы сомасындағы ең үлкен үлес салмағы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салыққа -243 966,0 теңге (15,3 %), ЖТС – 254 918,0 мың теңге (16,0%), әлеуметтік салық – 238 327,0 мың теңге (15,0 %), мүлік салығы – 196 537,0 мың теңге (11,0%), жер салығы – 105 374,0 мың теңге (6,6%), басқалары – 546 476,0 мың теңге (20,3%) тиесілі.

 

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментімен ұсынылған мәліметтер  бойынша Ақтөбе облысы бойынша жергілікті бюджетке түсетін салықтық төлемдер бойынша  2019 жылдың   1 қаңтарына 15 462 531,0 мың теңгеге артық төленген төлемдер түскен, 2020  жылдың басына артық төлем 16 378 075,7 мың теңгені құраған, өткен жылмен салыстырғанда 915 544,5 мың теңгеге өскені немесе 5,9% - ды құрады.

 

Артық төлемдер төмендегі кодтар бойынша:

р/с

Код №

Код атауы

Артық төленген төлем                                      ( млн.теңге)

1

101201

Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

6 306,2

2

101202

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы

660,3

3

101205

Төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы

1,1

4

103101

Әлеуметтік салық

4 881,0

5

104101

Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық

1 837,2

6

104102

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

68,8

7

104302

Елдi мекендер жерлерiне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы

104,7

8

104309

Елдi мекендердің жерлерiне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда,жер салығы

0,1

9

104401

Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық

71,2

10

104402

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық

1 636,3

11

104501

бірыңғай жер салығы

51,4

12

105274

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттiң және (немесе) шарап материалының, алкоголь өнімдерінің барлық түрлерi

298,1

13

105284

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин (авиациялықты қоспағанда) және дизель отыны

10,2

14

105303

Жер бетіне жақын көздердегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем

3,2

15

105315

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем

77, 6

16

105316

Қоршаған ортаға төленетін эмиссия

351,5

17

105425

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі, аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақыны қоспағанда, сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар қалада тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін төлемақы

0,01

18

105502

Тіркелген салық

7,2

 

Барлығы

16 378,1

/p>

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда салық міндеттемелері бойынша артық төлемнің болуы ұлғаю үрдісі бар.

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша, салықтық түсімдер бойынша төмендетілген болжамды деректерді бекіту тәжірибесі қалады, оны нақты түсімдер бойынша одан әрі түзетеді.

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша, тұтастай алғанда, салықтық түсімдер бойынша сандық көрсеткіштер орындалды, сонымен қатар түсімдер көлемін ұлғайту үшін белгілі бір резервтер бар.

 

 

2.2.2. Салықтық емес түсімдерді талдау

 

Салықтық емес түсімдер 2019 жылы бастапқыда 2 934 623,0 мың теңге сомасында бекітілді,олар нақтылау кезінде 3 157 604,4 мың теңгеге дейін өсті. Жыл қорытындысы бойынша нақты бюджетке 5 972 790,3 мың теңге түсті немесе өткен жылмен салыстырғанда асыра орындау 1 843 137,8 мың теңгені құрады, орындау пайызы - 189,2%.

Талдау көрсеткендей, облыстық бюджетті атқару барысында мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер бойынша бекітілген болжам 3,9% - ға ұлғаю жағына нақтыланды, нәтижесінде өткен кезең қорытындысы бойынша болжамдық деректер 6,6% - ға немесе 98 695,8 мың теңгеге артық орындалды. Сонымен қатар, 2018 жылмен салыстырғанда мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 39,5% - ға төмендеді.

Басқа да салықтық емес түсімдер бойынша бекітілген болжам 2 844 400,0 мың. теңге 2 163 905,4 мың теңгеге дейін орындалу процесінде төмендеген, жыл қорытындысы бойынша орындалуы 4 902 171,0 мың тенгені құрады.

Салықтық емес түсімдер құрылымында олардың негізгі бөлігі айыппұлдармен және басқа да түсімдермен қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар бойынша болжамдық көрсеткіштер 1 150,0 мың теңге бекітілді, жыл қорытындысы бойынша болжамның төмендеуін есепке ала отырып орындалуы 107,9% немесе 971 923,5 мың теңгені құрады. 2018 жылға қарай 7,3% - ға немесе 76 850,1 мың теңгеге төмендеді.

Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар 68 549,0 мың теңге көлемінде 5,3% - ға ұлғайтуды ескере отырып жоспарланған, іс жүзінде 69 350,1 мың теңге түсті немесе орындалуы 101,2% құрады. 2018 жылға қарағанда өсім 14,6% құрады.

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша атқарудың барлық кезеңдерінде бюджетке түсетін түсімдерді объективті болжау бойынша кемшіліктер бюджет қаражатын басқарудың нәтижелілігіне теріс әсер етеді, олар түпкі нәтижесінде бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмауына алып келеді және бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырумен қамтамасыз етуді тұрақсыздандырады.

 

2.2.3. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерді талдау

 

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның есебіне сәйкес негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің жоспарлы көрсеткіштері бюджетте бекітілмеген.

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түскен нақты түсім 314 796,5 мың теңгені құрады, 27 көлік құралдарын (2 облыстық басқарманың, 2 КММ, 9 ШЖҚ МКК, 1 колледж теңгерімінде тұрған) және "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ теңгерімінде тұрған 1 (бір) "Агросервис"ЖШС. Өткен жылмен салыстырғанда төлемдер 170 075,2 мың теңгеге немесе 2,2 есеге өсті.

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша бұл жағдай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тарапынан коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мүлік пен активтердің жай-күйіне тиісті басқару жұмысының жоқтығы туралы куәландырады.

 

2.2.4. Трансферттер түсімдерін талдау

 

Өткен кезеңде трансферттер 149 568 682,2 мың теңге көлемінде түсті, оның ішінде төмен тұрған бюджеттерден - 6 720 148,2 мың теңге. Төмен тұрған бюджеттерден трансферттер түсімдері 2018 жылмен салыстырғанда 2 016 740,4 мың теңгеге төмендеумен сипатталады.

Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару - 5 111,2 мың теңге, бұл 2018 жылғы деңгейге қарағанда 25,3% - ға төмен (6 845,7 мың теңге).

Өткен жылмен салыстырғанда аудандық (қалалық) бюджеттерден облыстық бюджеттің шығындарын өтеуге арналған трансферттер 11,7% - ға немесе 320 551,0 мың теңгеге өсті және 3 060 037,0 мың теңгені құрады.

Бұдан басқа, бюджеттік қажеттілік деңгейін теңестіру, сондай - ақ мемлекет кепілдік берген қызметтерді ұсыну және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тең фискалдық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін облыс өткен жылы республикалық бюджеттен 142 848 534,0 мың теңге алды, бұл 2018 жылға қарағанда 1,4 есе аз, оның үлес салмағы бюджет көлемінің 72,8% - ын құрады (2018 жылы - 99 956 773,0 мың теңге).

Соңғы үш жылдағы ағымдағы нысаналы трансферттер мен даму трансферттерінің арақатынасы:

 

Атауы

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

Ағымдағы нысаналы трансферттер

14,1

11,7

34,8

Нысаналы даму трансферттері

 

34,3

28,5

23,4

/p>

2017 және 2018 жылдармен салыстырғанда 2019 жылы бюджеттік алулардың құрылымдық құрамы төмендеу жағына өзгерді, егер 2017 жылы олар 4 948 000,0 мың теңгені және 2018 жылы 5 983 000,0 мың теңгені құраса, 2019 жылы тиісінше 3 655 000,0 мың теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің нақтыланған көлемін облыс толық көлемде алды.

2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда субвенциялардың үлес салмағы 37,2% - дан 28,5% - ға дейін төмендеді.

Осылайша, облыстық бюджеттің республикалық бюджеттен тәуелділігін сақтауға қарамастан, меншік кірістердің 2018 жылғы 42 581 790,5 мың теңгеден 2019 жылы 46 534 982,0 мың теңгеге дейін өсуі оң серпінмен сипатталады.

 

2.3. Жергілікті бюджеттің шығыстарының атқарылуын бағалау

2.3.1. Жергілікті бюджет шығындарының атқарылуын талдау

 

Облыстық бюджеттің шығыс бөлігі өткен жылы жүргізілген нақтылаулар мен түзетулерді ескере отырып 190 315 056,5 мың теңгені құрады, өсім 2018 жылға қарағанда 25,4%.

Нақты шығыстар 190 232 935,5 мың теңгені құрады немесе түзетілген жоспарға 100%, 2018 жылмен салыстырғанда 38 551 613,6 мың теңгеге өсті.

 

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға түзетілген бюджеттің 100% жұмсалды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыстық бюджеттің шығындары 217 312 491,5 мың теңгені құрады.

2018 жылмен салыстырғанда олар 30% – ға, 2017 жылмен 25,8% - ға өсті.

 

2019 жылға функционалдық топтар бойынша шығындардың атқарылу динамикасы

(млн.теңге)

Функционалдық топтар атауы

2019 жылға бекітілген бюджет

2019 жылға нақтыланған бюджет

2019 жылға түзетілген бюджет

Түзетілген бюджеттің бекітілген бюджеттен ауытқуы

Атқарылуы

%

сомасы

%

 

Шығындар, барлығы:

153 173,9

185 328,1

190 315,1

37 141,2

 

124,2

 

190 232, 9

100

 

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

1 457,7

2 108,4

2 105,6

647,9

144,4

2 102, 5

99,9

Қорғаныс

761,6

779,8

779,8

18,2

102,3

 

779, 6

100

 

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

6 677,4

6 766,8

6 773,4

96,0

 

101,4

 

6 773,4

100

 

Білім беру

34 992, 2

37 898, 2

38 217, 4

3 225,2

109,2

 

38 192, 8

99,0

 

Денсаулық сақтау

8 829,3

10 202,5

10 195, 3

1 366,0

115,4

 

10 194, 8

100

 

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

3 952, 8

15 304, 4

15 250, 4

11 297,6

3,8р.

 

15 250,2

100

 

Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық

12 505, 6

14 482, 6

14 382, 5

1 876,9

115,0

 

14 382, 4

100

 

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

7 721, 7

9 225, 5

9 222, 9

1 501,2

 

119,4

9 220,3

 

 

100

 

 

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

4 890, 8

7 004, 2

7 004, 2

2 113,4

1,4р.

 

7 003, 8

100

 

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

12 336, 6

11 736, 1

16 162, 0

2 825,4

1,3р.

 

16 161, 5

100

 

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

711, 6

716, 9

716, 9

5,3

100,7

 

716, 9

100

 

Көлiк және коммуникация

17 311, 0

18 699, 6

19 209, 4

1 898,4

110,9

 

19 207,4

100

 

Басқалар

10 318,5

18 468,5

18 360, 9

8 042,4

1,7р.

 

18 313, 9

99,7

 

Борышқа қызмет көрсету

64,5

67,9

67,9

3,4

105,2

 

67,5

99,4

 

Трансферттер

27 692, 6

28 808, 6

28 808, 6

1 116,0

104,0

 

28 808, 6

100

 

                 

/p>

2019 жылы қаражаттардың басым бөлігі  білім  (20,1%), тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы (7,5%),көлік және коммуникация (10,1%), денсаулық сақтау (5,4%), ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары салаларына (8,5%),   басқалар (9,6%) мен   трансферттерге (15,1%) жұмсалды.

Есепті кезең ішінде бюджеттік қаржыландырудың елеулі кемшілігі қаржы жылының қорытындысы бойынша бюджет қаражаты қалдықтарының пайда болуына әкеп соққан жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын біркелкі игермеуі болып табылатынын атап өткен жөн.

Есепті кезеңде 82 121,0 мың теңге игерілмей қалды.

Негізгі үлес облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына 55,6% немесе 45 618,6 мың теңге (Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы ФОК құрылысы, Құмжарған ауылындағы 60 орындық мектеп құрылысы), білім беру басқармасына 22,7% немесе 22 788,2 мың теңге (көп балалы отбасынан шыққан балаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға ҰҚ бөлінген қаражатты үнемдеу 180 адамға, факт 125 адамға), денсаулық сақтау басқармасына 8,2% немесе 6 696,0 мың теңге (МЖС бойынша үнемдеу).

Бюджет қаражатының орындалмауының негізгі себебі бюджет қаражатының үнемделуі, орындалған жұмыстар актілерінің болмауы болып табылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің тапшылығы             3 123 145,5 мың теңге мөлшерінде қалыптасты, бұл оның түзетілген мәнінен              2 018 748,2 теңгеге жоғары.

Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер атқару процесінде жекелеген жобалар мен бағыттар бойынша ұлғайту жағына түзетілді, алайда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша игерілмеу орын алды, олардың себептері (Ырғыз ауданы Құрылыс ауылына жеткізуші газ құбырының құрылысы, Қарғалы ауданы Бадамша ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы, Ақтөбе қаласының сол және оң жақ жағалауындағы Елек су тартқыштарын кеңейту және т. б.) жобалар бойынша орындалған жұмыстар актілерін, шот – фактураларды,уақтылы ұсынбау болды сондай-ақ мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу.

Орындалмау себептері бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тарапынан жұмыстар мен қызметтердің көлемін уақтылы орындау, конкурстық рәсімдерді өткізу бойынша тиісті бақылаудың болмауы болды.

Ағымдағы бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 792 109,8 мың теңге, даму бағдарламалары бойынша 185 827,3 мың теңге игерілмей қалды.

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша, өткен жылдағыдай, 2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы ретінде бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбеуге әкеп соққан бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жекелеген кемшіліктері әсер етті.

 

2.3.2. Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуын талдау

 

2019 жылы облыстық бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік кредиттеу көлемі бекітілгеннен 6 771 302,0  мың теңгеге ұлғайтылып 12 801 654,0 мың теңге құрады   (2018 жылы –10 640 817,0, 2017 жылы - 19 578 351,0 мың теңге мың теңге).

Бюджеттік кредиттер жергілікті атқарушы органның есебіне сәйкес толық көлемде игерілді. Нәтижесінде кредиттік ресурстар ауылдық жерлердегі мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге, ауылда және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге, жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жаңартуға және салуға бағытталған.

Республикалық бюджеттен облыстық бюджетке 6 812 818,0 мың теңге кредит бөлінген. Бұл несиелер төмендегідей бағдарламаларға жіберілді:

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру» бюджеттік бағдарлама бойынша  5 000 262,0 мың теңге;

«Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер» бюджеттік бағдарлама бойынша 988 537,0  мың теңге;

«Облыстық орталықтарда, моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру»  бюджеттік бағдарлама бойынша 824 019,0 мың теңге;

Жергілікті бюджеттен "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға облыстық бюджеттерді кредиттеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша 367 534,0 мың теңге несиелер бөлініп, игерілді.

Тұтастай алғанда, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және облыста әлеуметтік саясат міндеттерін шешуге бюджеттік кредиттер беру 2019 жылдың қорытындысы бойынша белгілі бір оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: елді мекендердің инфрақұрылымы жақсаруда, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары ұлғайтылды.

 

2.3.3. Қаржы активтерін сатып алуға жұмсалған

шығындарды талдау

 

2019 жылға облыстық бюджеттен мемлекеттік қаржылық активтерін сатып алуға қаражат бөлінбеген.

 

2.3.4. Дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджет қаражаттарын  тиімді басқаруын  анықтайтын негізгі параметрлері, бухгалтерлік және бюджеттік тәртіптің орындалуы болып табылады.

2020 жылдың 1 қаңтарына Ақтөбе облысы бойынша кредиторлық берешек 1 424 188,0 мың теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда кредиторлық берешектің 1 295 953,9 мың теңгеге төмендеуі байқалады.

Бюджеттік бағдарламалары әкімшілері бойынша кредиторлық берешектің негізгі үлесі келесі әкімшілерге келеді:

- облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы - 81 379,1 мың теңге;

- облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы- 18 000,0  мың теңге;

- полиция департаменті – 16 221,1  мың теңге;

- облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы – 12 727,5  мың теңге;

-   облыстың білім басқармасы – 3 909,2 мың теңге;

-   денсаулық сақтау басқармасы – 530,7  мың теңге;

-   Ақтөбе қаласы бойынша – 1 048 141,1 мың тенге.

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша, салыстырып тексеруді уақытында өткізбеу, мердігерлермен өзара есеп айырысу, сондай-ақ шығындардың дұрыс басқарылмауы және алдын алу жөніндегі жұмыстың жоқтығы салдарынан кредиторлық берешектің өсуіне ықпал етіп отыр.

2020 жылдың 1 қаңтарына Ақтөбе облысы бойынша (облыстық қаржы басқармасының есебі бойынша)  1 306 067,9   мың теңге дебиторлық берешек қалыптасқан (2018 жылы –  1 202 336,4 мың теңге), өткен жылмен салыстырғанда бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің берешектері 103 731,5 мың теңгеге артты.

Дебиторлық берешек келесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде қалыптасқан:

- облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы -                1 115 841,4 мың теңге (жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес алдын ала төлемге байланысты);

- облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы –  25 841,0 мың теңге;

-  департамент полициясы –  5 727,8 мың теңге;

-      облыс әкімінің аппараты –  4 350,7 мың теңге;

- облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы -  3 132,9 мың теңге;

-   денсаулық сақтау басқармасы - 2 989,5  мың теңге;

-   облыстың білім басқармасы – 1 792,3  мың теңге.

Дебиторлық берешекті қалыптасуының негізгі себептері - есеп беруге берілген сомаларға  (іссапарлар, ағымдағы шығындар), борыштық өтеу бойынша сот шешімдерінің орындалмауына байланысты, өнім берушілердің келісімшарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты, салыстырып тексеру актісіне сәйкес артық төлемдер болып табылады.

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша есепті жылдағы шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы дебиторлық берешек көлемінің ұлғаюымен және кредиторлық берешектің төмендеуімен сүйемелденді. Дебиторлық және кредиторлық берешектің едәуір көлемінің болуына алынған тауарлар мен қызметтер үшін алдын ала төлем, тәуекелдерді талдаудың болмауы, шешілмеген мерзімі өткен берешек, қазынашылық органдарында міндеттемелерді уақтылы тіркемеу, сондай-ақ 2019 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалу сапасына әсер еткен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілердің шарттық міндеттемелерін орындамауы себеп болды.

Жоғарыда айтылған фактілер бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің облыс бюджетін қалыптастыру кезінде де, атқару процесінде де бюджет қаражатын басқару сапасының төмендігін куәландырады.

III БӨЛІМ. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

 

3.1. Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтты дамыту

бағдарламасының іске асырылуын бағалау

 

2019 жылы Ақтөбе облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумағын дамыту бағдарламасын (бұдан әрі – АДБ) іске асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы арқылы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етуге ықпал етті.

АДБ 5 бағытты, 17 мақсаттан тұрады, оларға қол жеткізу үшін 45 мақсатты индикатор көзделген. Оның ішінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша 25 индикатордың жоспарлы мәндеріне толық қол жеткізілді (55,5%). Оның ішінде: 2016 жылға қарай негізгі капиталға инвестициялар* (жоспар бойынша 127,1%) - 133,3% құрады (2019 жылы облыс экономикасына 598,3 млрд.теңге инвестиция салынды, бұл 2018 жылдың көлемінен 81,4 млрд. теңгеге артық. Негізгі капиталға инвестицияның нақты көлем индексі 107,5% құрады (2017 жылы-111,8%, 2018 жылы-110,9%); мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асырылатын жобалардың жалпы санынан жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді талап етпейтін жобалардың үлесі (жоспар бойынша 10%) - 11,8% құрады (2020 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің 17 шартына қол қойылды, оның ішінде екі жоба мемлекеттік міндеттемелерді төлеуді талап етпейді); 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) нақты көлем индексі 274,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезең деңгейінен 3,7% - ға жоғары, жоспар бойынша 3,5%; жер қойнауын пайдаланушылардың жергілікті қамту үлесі (жоспар бойынша 16,5%) 48,3% құрады (2019 жылдың 9 айында жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу 184 млрд. теңгені құрады, оның ішінде отандық өндірушілерден 89 млрд. теңге сатып алынды); мемлекеттік сатып алудағы жеңіл, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары тауарларының жергілікті қамту үлесі тиісінше 30%, 52% және 44% - ға өсті; дуальді оқытумен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларының үлесі 11,7% құрады, жоспар бойынша 11,6% (мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын 14020 студенттің 1635-і дуальды оқумен қамтылған); балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100% құрады (2019 жылы 2062 орынға арналған 21 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде жеке инвестициялар есебінен 1892 орынға арналған 19 балабақша); 10 000 адамға қылмыстылық деңгейі және көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы төмендеді және т.б.

Сонымен қатар, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 7 индикатордың (15,5%) жоспарлы мәндеріне қол жеткізілмеген олардың арасында: жоспар бойынша 103,0% факт 99,4% құрады, өткен жылмен салыстырғанда жидек дақылдары жемісінің жалпы жиналуының өсуі жоспар бойынша 107,0% факт 94,1% құрады, PISA тестінің нәтижелері бойынша мектеп білімінің сапасын бағалау: математика, оқу, ғылым бойынша орта есеппен 91,6 % орындалды, жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымды мектептердің саны өсті, жоспар бойынша 0/7 факт 1/12 құрады, нәрестелер өлімі 1,3 есе өсті, халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі жоспар бойынша 39,0% факт 36,5% құрады, экологиялық талаптарға және санитариялық қағидаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (орналастыру орындарының жалпы санынан) жоспар бойынша 4,5% факт 3,5% - ды құрады. Жоғарыда аталған индикаторлардың орындалмау себептерінің ішінде: "Ақтөбе хром қосылыстары зауыты" АҚ және "Ақтөбе рельсарқалық зауыты" ЖШС сияқты ірі кәсіпорындардың өнім шығару көлемінің төмендеуі, климаттық жағдайдың нашарлауы және түсімділіктің төмендігі, оқытудың жаңа бағдарламасы бойынша уақтылы тестілемеу, оқу жылында оқушылар контингентінің өсуі және Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы мектептің құрылысы аяқталмаған (авариялық жағдайдың орнына), 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің уақтылы іске қосылмауы, полигондардың құрылысын ауыстыру және т. б. Қалған нысаналы индикаторлар бойынша статистикалық деректер есепті кезеңнен кейін қалыптастырылады.

2019 жылы Бағдарламаны іске асыру жөніндегі жоспарда 251 842,1 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 48 590,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 22 216,8 млн. теңге, қайтарымды қаражат – 5 600,0 млн. теңге, басқа көздер – 175 435,0 млн. теңге жоспарлы қаражат көлемімен 294 іс-шара көзделген.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша 231 іс-шара орындалды немесе 78,5% (оның ішінде қаржыландыруды талап етпейтін), орындалмаған 3 іс-шара (Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылында 60 орындық мектеп, Байғанин ауданы Бұлақтыкөл ауылында 100 орындық мектеп құрылысы, Қарғалы ауданы Бадамша ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жабдықтаушылардың өндірістік жұмыс кестесінен қалуына байланысты), қалған іс-шаралар ішінара (ауыспалы) орындалды.

2019 жылы Бағдарламаны іске асыруға 269 280,0 млн.теңге (жоспарға 6,9%), оның ішінде республикалық бюджеттен 48 500,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 22 143,9 млн. теңге, қайтарымды қаражат – 5 600,1 млн. теңге, басқа көздер – 193 036,0 млн. теңге бағытталды және игерілді.

Жалпы алғанда, 2019 жылдың қорытындысы бойынша АДБ-ның алға қойған мақсаттарына қол жеткізу мынадай деректермен сипатталады.

«Экономика» бағыты бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 2019 жылдың 9 айында 2,2 трлн.теңгені құрады. бұл республикалық көлемнің 4,9% - ын құрайды. ЖӨӨ нақты көлем индексі 104,7% құрады (2018 жылдың 9 айында-103,9%). Сонымен қатар, жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2,5 млн.теңгені құрады. Бұл республика бойынша 7 орын.

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі 104,9% - ға өсіп, бір жұмыспен қамтылған адамға 4,5 млн.теңгені құрады.

Оның ішінде, ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі бір жұмыспен қамтылғандарға 3,2 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 3,5% - ға артық. Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігін 8,4 млн.теңгеден (2018 жылдың 9 айы) 8,8 млн. теңгеге дейін (2019 жылдың 9 айы) арттыру байқалады. Бұл ретте еңбек өнімділігінің индексі 98,9% құрады.

2019 жылы жергілікті бюджетке 98,5 млрд.теңге салықтық және 7,2 млрд. теңге салықтық емес түсімдер түсті. Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны 100,6% құрады.

Салық салу базасын кеңейту және салықтардың толық түсуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тобы құрылды, соның нәтижесінде бюджетке қосымша 674 млн.теңге іздестірілді.

"Облыс халқының тұрмыс деңгейін және әл-ауқатын арттыру" мақсатын іске асыру үшін 2 нысаналы индикатор көзделген.

2019 жылдың 3 тоқсанында нақты ақшалай табыс индексі 109,7% құрады (ҚР бойынша орташа 105,4%).

Орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс 95,3 мың теңгені құрады (2019 жылғы 3 тоқсан), бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 15,9 мың теңгеге артық.

«Экспорт көлемін ұлғайту және өңдеу өнеркәсібі өнімін шығару» №3 мақсатын іске асыру үшін 2 нысаналы индикатор көзделген.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 600 млн.теңге деңгейінде (ҚР үлесі – 5,4%), өңдеу өнеркәсібінің өнеркәсіп өндірісінің индексі – 99,4%.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 11 айында шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 1,9 млрд. долларды құрады.

«Өңірде инвестициялық ахуалды жақсарту, капитал салу және инновацияларды дамыту үшін жағдай жасау» №4 мақсатты іске асыру үшін 2 нысаналы индикатор көзделген.

2019 жылы облыс экономикасына 598,3 млрд.теңге инвестиция салынды, бұл 2018 жылдың көлемінен 81,4 млрд. теңгеге артық. Негізгі капиталға инвестицияның нақты көлем индексі 107,5% құрады (2017 жылы-111,8%, 2018 жылы – 110,9%). Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 51,3 млрд.теңге инвестицияланды.

2020 жылдың 1 қаңтарына 17 мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шартына қол қойылды,оның ішінде екі жоба (Ақтөбе қаласының жаңа салынып жатқан тұрғын алабында ауысымда 300 адам қабылдайтын қалалық балалар стоматологиялық емханасын салу және пайдалану, Ақтөбе қаласының Нұр-Ақтөбе тұрғын алабының №2 шағын ауданында 320 орындық балабақша салу) мемлекеттік міндеттемелерді төлеуді талап етпейді.

«Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дамыту» №5 мақсатты іске асыру үшін 3 нысаналы индикатор көзделген.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 274,5 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезең деңгейінен 3,7% - ға жоғары. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Әйтекеби ауданынан басқа. облыстың барлық аудандарында байқалды.

2020 жылдың 1 қаңтарына өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында жылқы саны 12,1% – ға артып, 144,3 мың басты құрады, құс – тиісінше 7,7% және 1310,5 мың басты; ірі қара мал – 6,3% және 493,5 мың басты; ешкі – 4,6% және 145,8 мың басты; түйе – 1,9% және 17,8 мың басты; шошқа – 1,8% және 58,4 мың басты; қой-1,2% және 981,2 мың басты құрады. Шаруашылықтардағы сою немесе мал мен құстың барлық түрлерін тірідей салмақта союға өткізу 150,6 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,5% – ға артық, сиыр сүтінің өндірісі 3,2% – ға өсіп, 336,1 мың тоннаны құрады, тауық жұмыртқасының өндірісі 2,6% - ға өсіп, 235,6 млн.дананы құрады. Жалпы облыс бойынша 2019 жылы 851 адам жұмыс істейтін 180 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара мал саны 7,1 мың басты құрады, оның ішінде ет табынындағы сиыр – 2,6 мың бас, қой – 8,0 мың бас және жылқы – 0,9 мың бас.

2019 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 778,3 мың га құрады, оның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында 331,5 мың га, жеке кәсіпкерлер мен шаруа немесе фермер қожалықтарында – 438,3 мың га, халық шаруашылықтарында – 8,6 мың га.

Барлық егіс алаңынан дәнді және бұршақты дақылдар 457,3 мың га немесе 58,8%, жемдік дақылдар – 279,1 мың га немесе 35,9%, майлы дақылдар – 29,9 мың га немесе 3,8%, көкөніс және бақша дақылдары, тамыржемістілер мен түйнек жемістілер – 12 мың га немесе 1,5% егілді.

Сонымен қатар, 2019 жылы 2 мың тонна жидек дақылдары жиналды бұл 2018 жылғы көлемнен 5,9% - ға төмен.

2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 57,2 мың долларға 161,8 мың тоннаны құрады. Экспорттың ұлғаюы бірінші кезекте ІҚМ еті мен ұн экспортының ұлғаюына байланысты.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, жергілікті қамту үлесін ұлғайту» №6 мақсатты іске асыру үшін 3 нысаналы индикатор көзделген.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда өнім шығарылымы 1,9% - ға, жұмыспен қамтылғандар саны және жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 9,9% - ға және 10,6% - ға өсті.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 680,6 млрд.теңгені құрады. ШОК субъектілерінің жалпы санында жеке кәсіпкерлердің үлесі 68% – ды, шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 22,1% – ды, шаруа немесе фермер қожалықтары - 9,7% - ды, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары - 0,2% - ды құрады.

Жалпы, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тетіктерінің арқасында нарықты тауарлармен және қызметтермен толықтыруды, жаңа жұмыс орындарын құруды және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен салықтардың тұрақты түсуін қамтамасыз ететін шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

2019 жылдың 9 айында жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алу 184 млрд.теңгені құрады, оның 89 млрд. теңгесі отандық өндірушілерден сатып алынды.

2019 жылы мемлекеттік органдар жеңіл өнеркәсіп тауарларын 209 млн.теңгеге сатып алды, оның ішінде қазақстандық өндіріс тауарлары 68 млн. теңгеге; жиһаз өнеркәсібі тауарлары 84,5 млн. теңгеге, оның ішінде қазақстандық өндіріс тауарлары 46,3 млн. теңгеге; құрылыс материалдары 425 млн. теңгеге, оның ішінде қазақстандық өндіріс материалдары 215 млн. теңгеге.

«Білім берудің сапасын, қолжетімділігін жақсарту және білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру» №7 мақсатын іске асыру үшін 4 нысаналы индикатор көзделген.

PISA-2018 зерттеуіне физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің және Ақтөбе облысының 38 білім беру ұйымының (31 жалпы білім беретін мектеп, 7 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы) оқушылары қатысты. Бұл зерттеуге облыстың 1206 оқушысы қатысты.

Облыстар бойынша 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда барлық үш пән бойынша өсім байқалады: Ақтөбе облысы жаратылыстану бойынша 9 орын (2015 жылы – 12 орын), оқу сауаттылығы бойынша 9 орын (2015 жылы – 13 орын), математикалық сауаттылық бойынша 8 орын (2015 жылы – 11 орын).

Сонымен қатар, 27 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу үдерісі дуальды жүйе бойынша жүргізіледі.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын 14020 студенттің 1635-і дуальды оқумен қамтылған.

2019 жылы үш ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін 5 жаңа нысан пайдалануға берілді. Алайда, 2019-2020 жаңа оқу жылында оқушылар контингентінің өсуімен тағы 4 мектеп үш ауысымды режимге көшті.

Осылайша, 2020 жылдың 1 қаңтарына үш ауысымды мектептердің саны 12 бірлікті құрады.

Бұдан басқа, құрылыс жұмыстарының уақытында аяқталмауына байланысты апатты мектептерді жою бойынша жоспар орындалмаған (1 бірлік).

2019 жылы 2062 орынға арналған 21 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 1892 орынға арналған 19 балабақша жеке инвестициялар есебінен. Нәтижесінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 84,7% – ды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 100% - ды құрады.Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету, балабақшаларды нығайту, жаңа орындарды енгізу және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін нормативке жеткізу үшін облыстық бюджеттен 2019 жылы 7,7 млрд.теңге бөлінді.

«Денсаулық сақтау жүйесін дамыту және халықтың денсаулығын жақсарту» №8 мақсатты іске асыру үшін 3 нысаналы индикатор көзделген.

2019 жылы облыс бойынша 20588 бала дүниеге келді, 2018 жылы-19634. Сонымен қатар, 2019 жылы облыс бойынша бала өлімінің 203 жағдайы тіркелді (1 жасқа дейін), бұл 2018 жылға қарағанда 57 жағдайға артық. Бала өлімінің коэффициенті 9,86 құрады (2018 жылы – 7,44). Сондай-ақ, облыстың барлық аудандарында нәресте өлімі байқалады.

Бұдан басқа, есепті жылы Ақтөбе қаласында ана өлімінің 1 фактісі тіркелді.

«Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру» №9 мақсатын іске асыру үшін 6 нысаналы индикатор көзделген.

2019 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. 2019 жылы 21138 жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 43132 адам қамтылды немесе жоспардан 120% (жоспар - 36035 адам).

Нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік және техникалық даярлауға 1085 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2931 адам жіберілді. Оқуды 2626 адам аяқтады, оның ішінде 2218 адам жұмысқа орналастырылды немесе 84% (394,4 млн.теңге бөлінді, 393,1 млн. теңге игерілді).

100 АЕК дейін (252,5 мың теңгеге дейін) гранттар беруге бизнес идеяларды іске асыруға 21,6 млн.теңге сомасына 91 грант берілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 19,6 млн. теңге сомасына 83 грант берілді.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылар, еңбекке жарамды мүгедектер мен жастар үшін бизнес идеяларды іске асыруға 200 АЕК дейін (505 мың теңгеге дейін) гранттар беруге 475,7 млн. теңге сомасына 944 грант берілді, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен 172,7 млн. теңге сомасына 343 грант берілді;

- Ұлттық қордан 303 млн. теңге сомасына 601 грант берілді.

Сонымен қатар, тұрақты және уақытша орындарға 38448 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде:

- әлеуметтік жұмыс орындарына 1948 адам жіберілді. 1623 адам аяқтады, оның ішінде 1353 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды немесе 83% (315,1 млн. теңге бөлінді));

- жастар тәжірибесіне 3366 адам жіберілді. Тәжірибені 2904 адам аяқтады,оның ішінде 1775 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды немесе 61% (846,8 млн. теңге бөлінді).

Сонымен қатар, 2019 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша халықтың жалпы кірістеріндегі 40% аз қамтамасыз етілген табыс үлесі 24,2% құрады.

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. 2019 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішінен 81187 адамы бар 16602 отбасы, оның ішінде өтініш берген сәтте жұмыс істейтіндер 14878 адам тартылды.

Сонымен қатар, 2019 жылы халықты жұмыспен қамту орталықтарына 1015 мүгедек өтініш білдіріп, 832 мүгедек жұмыспен қамтылды.

2019 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта құру аясында әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу үшін 52 нысан жоспарланды және бейімделді.

2019 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша бірыңғай жиынтық төлемнің артықшылықтары бойынша үздіксіз түсіндіру жұмысы жүргізілді.

«Өңірдің мәдениет саласын дәріптеу» №10 мақсатын іске асыру үшін 1 нысаналы индикатор қарастырылған.

Ақтөбе облысының аумағында 3 кәсіби театр жұмыс істейді, оның ішінде 1 – драмалық, 2 – қуыршақ. Меншік нысандары бойынша театрлар былайша бөлінді: 2 – мемлекеттік, 1 – жеке.

Облыс театрларымен 986 іс-шара өткізілді, оның 26,5% - ы (261 бірлік) Қазақстан бойынша театрлардан тыс іс-шаралар өткізілді. Театрлар шетелде 6 гастроль ұйымдастырды. 2019 жылы театрлардың репертуары 121 қойылымды құрады оның 10-ы жаңа қойылымдар. Көрермендер саны 157,1 мың адамды құрады.

«Халықтың дене белсенділігін қалыптастыру және арттыру» №11 мақсатын іске асыру үшін 1 нысаналы индикатор қарастырылған.

2019 жылғы деректерге сәйкес облыста дене шынықтыру және спортпен 278933 адам (2018 жылы – 272433 адам) айналысады, бұл облыс халқының 31,8% – ын құрайды (2018 жылы-31,4%).

Спорт интернаты мен жоғары спорт шеберлігі мектебін қоса алғанда, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің саны 33 бірлікті құрайды. Онда 18906 спортшы айналысады (2018 жылы – 20676).

2019 жылдың басынан бастап 1500-ден астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді (аталған іс-шараларға қатысушылардың саны 60 мыңнан астам адам), оның ішінде 10 халықаралық іс-шара, 20-дан астам республикалық деңгейдегі іс-шаралар, оның ішінде марафон мен триатлоннан жарыстар өткізілді.

Ақтөбе облысы 2020 жылы Жапонияда Токио қаласында өтетін жазғы Олимпиадаға қатысуға 3 лицензия алды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыстық деңгейде "Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер" – 420 спортшы және "І дәрежелі спортшы" – 126 спортшы. Республикалық деңгейде "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" – 1 адам, "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" - 1 адам, "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" - 12 адам және "Қазақстан Республикасының спорт шебері" - 68 адам.

Сонымен қатар, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін уақтылы пайдалануға енгізбеу салдарынан халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі 36,5%-ды құрады.

«Ақтөбе облысының туристік әлеуетін іске асыру» №12 мақсатын іске асыру үшін 1 нысаналы индикатор көзделген.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте облысты орналастыру орындары 100980 туристке қызмет көрсетті, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңнен 11,7% артық (2018 жылғы қаңтар-қыркүйек – 90,4 мың турист). Оның ішінде 10520 шетелдік туристер, 2018 жылдың 9 айында облысқа барлығы 8694 резидент емес келді.

«Құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» №13 мақсатын іске асыру үшін 3 нысаналы индикатор көзделген.

Ақтөбе облысының аумағында құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органдарының қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық–практикалық іс-шаралар жүзеге асырылды.

2019 жылы өңірдегі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған 80-нен астам жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

2019 жылдың 12 айында облыс аумағында барлығы 11279 құқық бұзушылық тіркелді (10 мың тұрғынға – 128,8), ал 2018 жылы – 14649. Оның ішінде көшелерде 1957 құқық бұзушылық жасалған, бұл барлық құқық бұзушылықтардың жалпы санының 17,4% құрайды.

Мемлекет басшысының ұсақ құқық бұзушылықтар жасауға "мүлдем төзбеушілік" білдіру туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2019 жылы 218526 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесті, бұл өткен жылдың деңгейінен 23,6% – ға жоғары, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша 93567, жол қауіпсіздігі бойынша 124959 құқық бұзушылық.

Бұл ретте, облыстағы криминогендік ахуалдың жағдайына әсер ететін әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша көрсеткіштер жақсартылды:

- 21 жасқа дейінгі адамға және түнгі уақытта алкоголь өнімдерін өткізу 2,7%;

- тыныштықты бұзу 10,4%-ға;

- ішу немесе мас күйінде пайда болу 19,8%-ға;

- қоғамдық орындарда темекі шегу 7,7% -ға;

- 6243 ұсақ бұзақылық фактісі анықталды.

Сонымен қатар, 6 жаңа өрт сөндіру бекетін ашу және облыстың 8 өзеннің түбін тазарту есебінен «Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі» көрсеткіші 71,5% - ды құрады.

«Құрылыс саласын тиімді дамытуға жәрдемдесу және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету» №14 мақсатты іске асыру үшін 2 нысаналы индикатор көзделген.

2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 193698,5 млн.теңгені құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 5,8% артық.

Облыс бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің ең үлкен көлемін жеке құрылыс ұйымдары 96%, шетелдік ұйымдар 4% орындады.

Құрылыс жұмыстары көлемінің өсуі облыстың тоғыз ауданында байқалады. Бұл ретте көлемнің едәуір өсуі Қобда (2,1 есе), Шалқар (1,6 есе), Байғанин (1,5 есе) аудандарында байқалады.

Сонымен қатар, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда пайдалануға берілген жаңа ғимараттардың жалпы ауданы 1292,5 мың м2 құрады.

Тұрғын үй құрылысына 93955 млн.теңге бағытталды, бұл 2018 жылға қарағанда 26% артық.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 2018 жылмен салыстырғанда 12,4% - ға артып, 1021,2 мың м2 құрады.

Тұрғын үйдің басым бөлігі-910,7 мың м2 немесе 89,2% жеке құрылыс салушылармен пайдалануға берілді, оның ішінде тұрғындар 742,1 мың м2, бұл жалпы іске қосу көлемінде 72,7% құрайды.

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру облыстың он екі ауданында және Ақтөбе қаласында байқалды. Мұғалжар және Мәртөк (1,2 есе) аудандарында айтарлықтай өсім байқалды.

«Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту» №15 мақсатын іске асыру үшін 3 нысаналы индикатор көзделген.

2019 жылы Ақтөбе қаласында 7 үйді және Мұғалжар ауданында 1 үйді күрделі жөндеу жолымен күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 31,7% - ға дейін төмендетілді (2020 жылдың 1 қаңтарына 2460 үйдің 780-і күрделі жөндеуді қажет етеді).

Бұдан басқа, Ақтөбе облысында барлығы 323 елді мекен бар, оның 186 елді мекен немесе 57,6% (8 қалалық және 178 ауылдық елді мекен) орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, ал 137 елді мекен немесе 42,4% орталықсыздандырылған сумен қамтамасыз етілген.

Облыстың сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға 2019 жылы 15 жобаны іске асыру үшін барлығы 2,2 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 7 ауыспалы және 8 жаңа жоба.

Бүгінгі күні 6 өтпелі жоба аяқталды. Жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру нәтижесінде ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 56,5% (315-тен 178-ге) құрады.

Бүгінгі күні облыстың 323 елді мекенінің 113 немесе 35% (ауылдық елді мекендердің 33,3% немесе 315-тен 105) газдандырылды,оларда 792 мыңнан астам адам тұрады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша халықты қамтамасыз ету көрсеткіші 1,6% - ға артты.

2019 жылы республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыру есебінен жалпы құны 5,66 млрд. теңге болатын 21 газбен жабдықтау жобасы іске асырылды.

Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде жалпы ұзындығы 396,9 км болатын 8200 адамнан астам халқы бар 16 елді мекен газдандырылды.

«Экономикалық кеңістіктің байланысын жақсарту» №16 мақсатты іске асыру үшін 1 нысаналы индикатор көзделген.

2020 жылдың 1 қаңтарына Ақтөбе облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 6854,6 км, оның ішінде 1 892 км республикалық жол, 1262,8 км облыстық жол және 3699,8 км аудандық маңызы бар жол.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 56% немесе 2829,3 км құрайды.

Облыстың автожолдарын дамытуға 2019 жылы 19,7 млрд.теңге, оның ішінде 10,2 млрд. теңге республикалық бюджеттен және 9,5 млрд. теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.

Оның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуға республикалық бюджеттен 12,6 млрд.теңге және жергілікті бюджеттен 5,0 млрд. теңге бөлінді.

Бөлінген қаражат есебінен 347,1 км жол жөнделді, оның ішінде 284,9 км облыстық және жергілікті маңызы бар жолдар (қайта жаңарту және құрылыс – 3,7 км, күрделі жөндеу – 33,7 км, орташа жөндеу – 247,5 км), 62,2 км аудандар мен қалалар бөлінісінде жол (қайта жаңарту және құрылыс – 19 км, күрделі жөндеу – 15,7 км, орташа жөндеу – 27,5 км).

«Экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету» №17 мақсатын іске асыру үшін 3 нысаналы индикатор көзделген.

Ақтөбе облысы үшін қатты тұрмыстық қалдықтардың пайда болу көлемінің өсу проблемасы өзекті.

Қалалардағы, аудан орталықтарындағы және ірі елді мекендердегі халықтың 74% - ы үнемі қоқыс жинаумен және шығарумен қамтылған.

2018 жылы 450 контейнерлік алаңның 57 – і, 2019 жылы - 40-ы қайта жаңартылды.

2019 жылы 199 заманауи еуроконтейнер сатып алынды және орнатылды.

Сонымен қатар, облыста 12 ҚТҚ полигоны жұмыс істейді, тағы 5 полигонның құрылысына құжаттама дайындалды.

Ақтөбе қаласында қоқыс сұрыптау кешені жұмыс істейді. Бүгінгі күні кешен қала полигонына түсетін қалдықтардан 20% - ға дейін кәдеге жаратылады.

Қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында 20-дан астам шағын бизнес кәсіпорындары мен құрылымдары жұмыс істейді. Қалдықтардың бір бөлігі Ақтөбе қаласында өңделеді, екінші бөлігі көршілес өңірлерге жіберіледі.

2019 жылы облыс бойынша 295,6 мың тонна ҚТҚ құрылды, оның 29,5 мың тоннасы қайта өңделді. Облыс бойынша ҚТҚ кәдеге жарату үлесі 10% құрайды.

Сондай-ақ, облыс орталығында 3 екінші шикізатты қабылдау пункті ашылды, онда шыны, картон, алюминий банкалары, макулатура, пластик бөтелкелер, полиэтилен қабылдау жүргізіледі.

Есепті жылдың соңына қарай АДБ-сы мен іс-шаралар жоспарына түзету жүргізілді.

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша АДБ-да нысаналы индикаторларды жоспарлау өткен жылдардың нақты қол жеткізілген көрсеткіштері негізінде жүргізілетіні атап өтіледі, алайда мұндай тәсіл ұсыныс тудыратын нарықтық экономика және жоғары бәсекелестік жағдайында жеткіліксіз тиімді болып табылады.

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша, бағдарламаның қол жеткізілген нәтижелерінің экономикалық тиімділігіне, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер тигізетін қаржыландырылған іс-шаралардың орындалуы бойынша тиісті деңгейде мониторинг өткізілмейді, бұл бағдарламаның  іске асырудың сапалы бағалауына мүмкіндік бермейді; АДБ-ның жыл сайынғы нысаналы көрсеткіштерінің, тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің, іс-шаралардың өзгертілуі, бағдарламаның параметрлерін нақты орындалуына түзету және де  орындалмау себебінен толықтай алып тастау қанағаттанарлықсыз әсерін тигізеді.

АДБ-ның іс-шаралар жоспары барлық деңгейдегі бюджеттерден бөлінген қаражаттар үшін немесе іс-шараларды қосу алып тастау, сондай-ақ қаржыландыру көлемдері мен көздерін өзгерту арқылы ғана реттеледі.

Бағдарламаның орындаушыларымен өзара әрекеттесуі және  үйлестіруі төмен деңгейде.

Аумақты дамыту бағдарламасы бюджеттік қаражаттың орындалу деңгейінде бақыланады сондықтан бекітілген көрсеткіштерден алынған экономикалық, әлеуметтік әсерді көрсетпейді, олардың кейбірі жыл сайынғы өзара байланысты мониторингі, орындаушылардың инвестицияға салынған қаражаттын талдауы болмауына байланысты жыл сайынғы орындалмау үрдісі бар.

 

 

3.2. Өңірде басқа да бағдарламалық құжаттардың іске асырылуы туралы ақпарат

 

Облыста өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға ықпал ететін бірқатар мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да бағдарламалық құжаттар табысты іске асырылуда.

Индустриялық - инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылы облыс кәсіпорындары жаңа технологияларды қолдану, өндірістің жаңа желілерін іске қосу есебінен 1 914,5 млрд.теңге сомаға өнім өндірді (2018 жылы – 1855,5 млрд. теңге).

Тау-кен саласында бірқатар пайдалы қазбалар өндіру 2018 жылмен салыстырғанда өсті. Мысалы: мыс-мырыш кені-43,5% - ға, құрамында алтын бар кен – 21,5% – ға, мырыш концентраты – 16,3% – ға, хром кені-4,9% - ға, хром концентраты-2,5% - ға.

Бір мезгілде, еңбек өнімділігін арттыру және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғыртуы белсенді жүргізілуде. Соңғы 3 жылда жалпы сомасы 155 млрд.теңгеге облыстың 85 кәсіпорны жаңғыртылды.

Сондай-ақ, аймақ экономикасының өсуі үшін өңірдің жергілікті атқарушы органдары жұмысының басты басымдықтарының бірі инвестиция тарту болып табылады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына 7,5% өсіммен 598,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Тікелей шетелдік инвестициялар ағынының серпінінде айтарлықтай өсім байқалады, оның үлесі 2019 жылы 10% - дан 36% - ға дейін артты. Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі 2019 жылы 160 млрд.теңгеге 25 ірі инвестициялық жобаны іске асыру есебінен қамтамасыз етілді. Олардың арасында ең ірі:

-Мұғалжар ауданындағы «Қазгеоруд» ЖШС «Құндызды» мыс-мырыш кенін игеру;

- «ТД» Фотон» ЖШС ұялы автоклан газ бетонын өндіру;

- «АКМЭЗ» ЖШС-нің өсімдік майы мен жемдік шроттың өндірісі.

Осы жобаларды іске қосу нәтижесінде аймақта қосымша 1700 жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, өңірде инвестициялар ағынын арттыру мақсатында "Еуразия" ЕЭА және «GOSB» түрік инвесторымен бірлесіп индустриялық парк құрылады. Бұл таяу жылдары қосымша 500 млрд. теңгеден астам қаржы тартуға, кемінде 15 000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Бизнестің белсенді дамуына мемлекеттік қаржылық қолдау ықпал етеді. "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында 2,4 млрд теңге бөлінді (2018 жылы – 2 млрд теңге).

2019 жылы 430 ШОБ субъектісі мемлекеттік қолдауға ие болды. Негізінен, жобалар өңдеу өнеркәсібі, көтерме және бөлшек сауда, көлік және қоймалау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, денсаулық сақтау, туризм және білім беру саласында іске асырылуда.

Жалпы, өңір субсидияланған жобалар саны мен кредиттерге кепілдік беру бойынша алдыңғы қатарда.

«Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы екінші бағытты жүзеге асыруға аясында 2019 жылы           6,2 млрд. теңге бөлінді.

Жалпы сомасы 6,1 млрд. теңгеге 1133 жоба қолдау тапты,оның ішінде 90% - дан астамы ауылда 5 млрд. теңгеге іске асырылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында мақұлданған жобалар саны бойынша облыс ҚР бойынша көшбасшылардың бестігіне кіреді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 8,8 млрд. теңге сомасына 85 жоба мақұлданды.

Өткен жылы 6 000-нан астам адам оқытылды, оның ішінде 769-ы несие алып, 457-і жаңа бизнес-идеяларға грантқа ие болды.

Артық әкімшілік кедергілерді жою және іскерлік ахуалды жақсарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Дүниежүзілік Банктің сарапшылары өткізген "Doing Business" рейтингі аясында Ақтөбе облысы ҚР бойынша 3 орынға ие болды.

2019 жылы, органикалық және экологиялық таза өнім өндіру мақсатында, ол тек ішкі нарықта ғана емес, сонымен қатар шетелде де сұранысқа ие болатындай, 2020-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.

2019 жылы ауыл шаруашылығының өсімі 103,7% деңгейінде белгіленді. Суармалы жерлердің көлемі 21,9–дан 30,2 мың га-ға дейін, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарының көлемі 11,5% - ға (656 мың га-дан 731,4 мың га-ға дейін) өсті.

Цифрландыру элементтерінің көмегімен (алаңдардың электронды есебін жүргізу, аэроғарыштық мониторинг) мемлекетке 595,3 мың га болатын 291 учаске қайтарылды, оның ішінде егістік – 26,4 мың га. ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін 771,5 мың га болатын 427 учаске берілді, оның ішінде егістік-36 мың га.

Мал шаруашылығында ірі қара мал басы 6,3% – ға, жылқы-12,1% – ға, қой – ешкі-1,6% - ға және түйе-2% - ға өсті.

Ет өндірісі 8,5% – ға, сүт-3,2% - ға және жұмыртқа-2,6% - ға өсті.

Сиыр еті экспортының көлемі 2 есеге артып, 4,4 мың тоннаны құрады.

Субсидиялау шығындарының жалпы сомасы 2019 жылы 15,7 млрд.теңгені құрады.

2018 жылы Бірінші Президент бастамашылық еткен ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту мақсатында  «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру жалғасуда.

2019 жылы арнайы жоба шеңберінде республикалық бюджет есебінен халықтың жалпы саны 29 мың адам болатын 3 аса перспективалы ауылдарда (Бадамша, Мәртөк, Шұбарқұдық ауылдарында) 8 жобаны іске асыруға 1,2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

2020 жылға 3,3 млрд.теңге сомасына 36 жоба қолдау тапты (24 көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша, 10 әлеуметтік инфрақұрылым нысандары бойынша және 2 инженерлік инфрақұрылым бойынша).

Жобалар облыстың 11 ауылында әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуды көздейді, жалпы халық саны 67 мың адам.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ақтөбе қ. және облыс аудандарында (Ақтөбе қ.-2 үй, Темір ауданы – 1 үй, Мәртөк – 1 үй, Байғанин – 1 үй, Шалқар – 2 үй) 7 жалдау – коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, тұрғын үйдің жалпы алаңы 22,7 мың шаршы метрді құрайды.

2019 жылдың қорытындысы бойынша кезек тәртібінде, сондай-ақ «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында («ҚИК «ҰК» АҚ, "Бақытты отбасы", "ҚТҚЖБ") 1302 отбасы келесі санаттар бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілді:

- "жетім балалар" - 70;

- "көп балалы отбасылар" - 328;

- "халықтың әлеуметтік осал топтары" - 463;

- "мемлекеттік қызметкерлер, бюджетшілер" - 433;

- "жалғыз тұрғын үй апатты деп танылды" - 8.

"Бақытты отбасы" бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бастап 2019 жылы "ҚТҚЖБ" АҚ қарызының мақұлдауын алған мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған көп балалы, толық емес отбасылар мен отбасыларға бастапқы жарнаны жабу үшін 166,3 млн.теңге сомасына 264 тұрғын үй сертификаты берілді.

Тексеру комиссисымен 2019 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шаралардың іске асырылуының дұрыстығына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаумен «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ және «Коммуналшы» КМК, «Бадамша Сервис» КМК аудит объектісінде үстеме тексерулер жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен 24 989 592,7 мың теңге қаражат қамтылды. Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 389 004,1 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 297 524,1 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану сомасы 91 480,0 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар саны 13 бірлік.

Аудит барысында бюджет қаражаттары есебінен салынған 4 нысан бойынша жұмыстарына «Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесіне зерттеуге тапсырылды («Хромтау ауданы Дөң ауылында 600 орынға арналған орта мектеп құрылысы», «Мұғалжар ауданы Сағашілі ауылында 320 орындық орта мектеп құрылысы», «Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылында 100 орындық интернаты бар 300 орындық мектеп салу», «Алға қаласында 100 орындық интернаты бар 600 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы»).

«Сот сараптаманы ұйымдастыру» мекемесінің қорытындысы бойынша «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Сағашілі ауылында 320 орындық орта мектептің құрылысы» бойынша орындалмаған жұмыстардың құны 68006,2 мың теңге құрады.

Сондай - ақ, «Бадамша-сервис» ШЖҚ МКК-да жүргізілген қарсы тексеру барысында Бадамша кентінде жылу желілерін сақиналау кезінде 1 666,4 мың теңгеге орындалмаған жұмыстар орнатылды.

Құрылыс басқармасы бойынша 2018 жылдың соңында аяқталған 3 (үш) объектіні уақытылы облыстық коммуналдық меншіктен аудандық коммуналдық меншікке беру бойынша жұмыстар орындалмаған.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша негізгі бұзушылықтар мыналар болып табылады: бюджет қаражатын сапасыз жоспарлау, жұмсалатын қаражат көлемі мен жоспарланған нәтижелерді байланыстырудың болмауы, олардың бағдарламалық құжаттардың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмеуі, сондай-ақ заңнаманың белгіленген нормаларын және Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу қағидаттарын елемеу, бюджеттік және бухгалтерлік есеп жүргізуді бұзу, еңбекақы төлеудегі, мемлекет активтерін пайдаланудағы бұзушылықтар, іссапар шығыстарын негізсіз төлеу және артық өтеу.

Осылайша, жүргізілген аудиторлық іс-шараларды талдау негізінен бюджет қаражатын жоспарлау және жұмсау кезінде бюджет және өзге де заңнаманың бұзылуына бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, ведомстволық бағынысты заңды тұлғалардың басшылары тарапынан тиісті бақылаудың болмауына, сондай-ақ жауапты орындаушылардың төмен кәсіби деңгейіне байланысты жол берілетінін көрсетеді.

Жалпы тексеру комиссиясының бағалауы бойынша жоғарыда көрсетілген бағдарламалық құжаттарды іске асыру, сөзсіз дамуына серпін берді және қызметтің әр түрлі салаларында бірқатар стратегиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік берді: бұл үш ауысымдық оқыту проблемаларын шешу, апатты мектептердің үлесін төмендету, халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, жұмыс орындарын құру, халықтың денсаулық индексін жақсарту және т. б.

 

IV. БӨЛІМ. ЖЕКЕЛЕГЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

4.1. Бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігін бағалау

2019 жылы облыстық бюджеттің инвестициялық жобаларын іске асыруға өткен жылдан 2,5 есе артық немесе 55 335 728,7 мың теңге бөлінді.

 

2019 жылға функционалдық топтар бөлігінде даму бюджетінің атқарылуы

млн.теңге

БСК

Функционалдық топтар атауы

2019 жылға бекітілген бюджет

 

2019 жылға түзетілген бюджет

 

Атқарылуы

Түзетілген бюджеттен ауытқуы, (+,-)

Түзетілген бюджетке атқа-рылуы%

 

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

38 994,3

55 529,5

55 335,7

-193,8

99,7

02

Қорғаныс

0

11,1

10,9

-0,2

99,1

04

Білім беру

5 054,0

7 947,3

7 945,5

-1,8

100

05

Денсаулық сақтау

4 673,0

5 567,3

5 567,3

0

100

07

Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық

12 710,2

21 252,2

21 105,1

-147,1

99,3

08

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

1 441,8

1 182,2

1 180,6

-1,6

99,9

09

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

4 434,1

6 558,9

6 558,4

-0,5

100

10

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

2 200,0

2 154,1

2 154,1

0

100,0

12

Көлiк және коммуникация

6 637,5

9 281,3

9 281,3

0

100,0

13

Басқалар

1 543,5

773,9

733,4

-40,5

94,8

н  қаражаттың басым бөлігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға – 38,1% (2018ж.- 3,0%), көлік және коммуникация – 16,7% (29,3%), білім саласы – 14,4% (34,6%), отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану – 11,9 (4,7%), денсаулық сақтау- 10,1% (20,0%), мәдениет – 2,1% (6,8 %), басқалары – 1,3 ( 3,0%) бағытталған.

 

Функционалдық топтар бойынша:

Білім беру

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша 23 352,2  мың теңге бөлініп, игерілген (100,0%).

Денсаулық сақтау

«Денсаулық сақтау объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша  4 265 934,0  мың теңге бөлініп, 4 265 932,8 мың теңгесі немесе 99,9%  игерілген.

Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық

«Елдi мекендердi газдандыру» бағдарламасы бойынша 116 102,0  мың теңге бөлініп, 116 031,3  мың теңгесі немесе 99,9%  игерілген.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

«Мәдениет объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша  94 192,0 мың теңге бөлінген, игерілгені 92 561,2  мың теңге немесе 98,3%.

«Cпорт объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша  12 052,0 мың теңге бөлінген, игерілгені 100,0%.

Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану

«Газ тасымалдау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша  6 298 450,0 мың теңге бөлінген, игерілгені 6 298 011,4 мың теңге немесе 100,0%.

Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

«Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша   50 764,0 мың теңге бөлініп, игерілгені 100,0%.

Көлiк және коммуникация

«Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы бойынша   4 284 462,0 мың теңге бөлінген, игерілгені 4 284 461,1 мың теңге немесе 100,0%.

Басқалар

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту» бағдарламасы бойынша 60 589,0 мың теңге бөлінген, игерілгені 60 587,7 мың теңге немесе 100,0%.

Облыста 2019 жылы республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыру есебінен жалпы құны 5,7 млрд теңге болатын 21 газбен жабдықтау жобалары жүзеге асырылды. Нәтижесінде 8200 адамнан астам халқы бар 16 елді мекен газдандырылды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша халықты қамтамасыз ету көрсеткіші 1,6% - ға артты. Жалпы құны 2,2 млрд теңге болатын 11 газбен жабдықтау жобасы іске асырылуда, оның аяқталуы 2020 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. Нәтижесінде 6000 мың халқы бар 6 елді мекен газдандырылады.

Сонымен қатар, облыста «Бұқара-Орал» МГҚ газ құбыры-бұрудың шамадан тыс жүктелуіне, сондай-ақ Жаңажол ГӨЗ-нан "Жаңажол-Ақтөбе" МГҚ желісі тозуына және газға сұраныстың болжанып отырған өсуіне байланысты газ тапшылығы бар екенін атап өту қажет. Осыған байланысты, «Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында магистральдық газ құбыры-бұру 3 желісінің құрылысы», «Ақтөбе қаласында «Жаңажол-Ақтөбе» МГҚ 2 желісінің құрылысы» жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2-ші желінің құрылысы 135 елді мекенде халық саны 187 000 адамнан асатын Мұғалжар, Байғанин, Темір, Ойыл, Алға аудандарын үздіксіз газбен жабдықтау үшін жағдай жасайды.

Анықтама: Облыстың газ құбырларының жалпы ұзындығы 6 720 км құрайды.Облыстың 315 елді мекенінен 113 (35%) газдандырылған, онда 792 мыңнан астам адам немесе облыс халқының 90,1% - ы тұрады.

2019 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тұрғындарды орталық сумен қамтамасыз ету 94,6% - дан 95,2% - ға артты. 2019 жылы облыстың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту шеңберінде барлығы 7 жоба іске асырылды. 2020 жылы іске қосу мерзімімен 7 аудан мен Ақтөбе қаласында 18 сумен жабдықтау жобасы іске асырылуда, бұл халықтың қамтылуын 95,7% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыста Ақтөбе қаласының ауыз су тапшылығын шешу бойынша кезең-кезеңмен жұмыстар жүргізілуде: Елек су жинағын (14 ұңғыма) кеңейту бойынша жалпы құны 1,9 млрд.теңге; Құндақтықыр су жинағын (8 ұңғыма) кеңейту бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде; Сарыбұлақ су жинағында іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде; Моисеев су жинағында іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу. Жоғарыда көрсетілген барлық жобалар іске асырылғаннан кейін Ақтөбе қаласына қосымша тәулігіне 126,5 мың текше метр су берілетін болады және бұл 40 жылға тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қолданыстағы кәріз-тазарту құрылысы (бұдан әрі - ҚОҚ) тозуының жоғары болуына және жаңа ҚОҚ салу қажеттігіне байланысты «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-мен бірлесіп, «Ақтөбе қаласында ҚОҚ салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы одан әрі дайындай отырып, техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде. Инвесторлармен жаңа кәріздік тазарту құрылысы бойынша келіссөздер жүргізілуде.

2019 жылы облыстың автожол саласын дамытуға 19,7 млрд теңге бөлінді, оның есебінен 347,1 км жол жөнделді.

Бұл ретте жолдарды жөндеудің «ресайклирлеу» инновациялық әдісін пайдалану жалғасуда, ол уақытты қысқартуға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. 2019 жылы "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында 911 жұмыс орны ашылды.

2019 жылы 18 көліктік инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 9,3 млрд теңге бөлінді және жергілікті бюджеттен 1,7 млрд теңге қоса қаржыландырылды, соның есебінен 3,7 км автомобиль жолдары салынды және қайта жаңартылды, сондай-ақ облыстық және аудандық маңызы бар 265,5 км автожол жөнделді.

Тексеру комиссиясымен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігінің аудиті жүргізілген жоқ.

 

 

 

4.2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау

 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  бюджет қаражаттарын тиімді басқарудағы маңызды көрсеткіштерінің бірі болып оларды Қазақстан Республикасының  заңдарына және өзге де заңдылықтардың нормаларына сәйкес пайдалану, сондай-ақ түпкі сапалы нәтижеге аз шығынмен жету болып табылады.

Тексеру комиссиясымен жүргізілген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражаттарын пайдалану тиімділігін бағалаудағы қорытындысы көрсеткендей, мемлекеттік органдармен бюджет қаражаттарын тиімсіз пайдалануы, бюджеттік бағдарламаларды толық игере отырып тікелей және түпкі нәтижелердің жекелеген көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуі анықталды.

Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша 2019 жылдың қорытындысы бойынша 122 мемлекеттік аудит объектілерінде 16 531 990,7 мың теңге тиімсіз пайдаланылды немесе 2018 жылмен салыстырғанда 1,8 есе артық (9 066 132,8 мың теңге).

Сонымен, «Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бойынша, (үстеме бақылаумен «Мирсел» ЖШС-нің «Нұрсәт» МДҰ және «Мәртөк балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ) аудитпен қамтылған қаражаттың көлемі 667 717,4 мың теңге.    Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 163 957,1 мың теңге, оның ішінде тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары және  активтер 147 371,9 мың теңгені құрады (89,8%).

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде бюджет қаражаттары мен мемлекет активтерін пайдаланудың дұрыстығы бойынша 19 (он тоғыз) мемлекеттік мекемелерде аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 10 624 558,3 мың теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 329 426,5 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша 194 384,4 мың теңге (59,0%).

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаменті» ММ-сі бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаумен қамтылған қаражат және активтердің көлемі 22 054 422,0 мың теңгені құрады.Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 080 515,5  мың теңгені құрады, оның ішінде: тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары және  активтер -  834 513,4 мың теңге (77,2%) құрады;

«Ақтөбе» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ бойынша аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 8 194 414,0 мың теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 3 170 569,5 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша 3 141 916,4 мың теңге (99,1%);

«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ, «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-сі бойынша мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 50 842 123,4 мың теңге қаражат қамтылды.Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 1 302 944,5 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша жалпы 235,5 мың теңге.

Шалқар ауданында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаумен 20 236 029,1 мың теңге қаражат көлемімен 22 мемлекеттік мекеме, 2 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қамтылды.Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 2 837 251,7 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану  252 032,4 мың теңге (8,8%).

Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаумен 12 655 415,4 мың теңге қаражат көлемімен 17 мемлекеттік мекеме, 9 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда аудит іс-шаралары жүргізілді.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 939 919,8 мың теңгені құрады, оның ішінде тиімсіз пайдалану сомасы 152 241,2 мың теңге (16,2%).

Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаумен 102 942 518,8 мың теңге қаражат көлемімен 34 аудит объектісі қамтылды (оның ішінде: 29 мемлекеттік мекеме, 2 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарда, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 2 жеке кәсіпорындарға үстеме аудит).

Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 14 381 914,8 мың теңгені құрады, оның ішінде бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану сомасы 11 809 295,5 мың теңге (82,1%).

Анықталған бұзушылықтар көлеміне бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың ең көп үлес салмағы "Мәртөк селолық округі әкімінің аппараты" ММ, "Ақтөбе" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақтөбе облысының полиция департаменті" ММ және Ақтөбе қаласына келеді.

Жалпы алғанда, есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері мемлекеттік мекемелердің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшылары тарапынан бұзушылықтарды жасаудың себептерін, шарттары мен салдарын анықтау бойынша ішкі талдаудың, сондай-ақ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген аудит нәтижелерін қорытындылаудын жоқ екендігін куәландырады. Тексеру комиссиясының бағалауы бойынша жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою нәтижеге бағдарланған бюджетті тиімді жоспарлау мен орындауға ықпал ететін болады.

4.3. Мемлекет активтерінің пайдалану тиімділігін бағалау

 

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы 2019 жылы аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 253 206 791,1 мың теңгені құрады, оның ішінде мемлекет активтері бойынша 10 305 282,6 мың теңге.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 24 594 277,4 мың теңге, оның ішінде мемлекет активтерін пайдалану кезінде 79 968,0 мың теңге.

Олардың арасында: «Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да түгендеу кезінде бастапқы құны 28 246,9 мың теңге болатын 12 негізгі құралдардың жетіспеушілігі анықталды, жалпы сомасы 406,2 мың теңгеге лауазымдарды қоса атқарғаны үшін сыйақылар мен үстеме ақылар негізсіз төленді;

«Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бойынша Ақтөбе қаласы әкімдігінің 19.01.2018 жылғы №316 қаулысы негізінде 2018 жылы кредитке сатуға арналған жалпы сомасы 39 036,0 мың теңге болатын 5 тұрғын үй «Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ-не сатып алу құқығынсыз, облигациялық қарызды өтемей, негізділік принципін сақтамай, қызметтік тұрғын үй ретінде жалға берілді;

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ («Ақтөбе қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы» ЖШС) бойынша 201402 «Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер» кодына таза табыстан КТС және ЖТС алып тастамай, құрылтайшымен 2018 жылға таза табыстың үлесін есептеу кезінде 2865,8 мың теңге (іс жүзінде 2865826,8 теңге) таза табыстың үлесін артық төлеу жүргізілді және Серіктестіктің экономикалық нәтижесіне зиян келтірілді; серіктестік қоймасында түгендеу жүргізу кезінде 6649,5 мың теңге сомасына 6045 кг мөлшерінде «Пластик суық бекіту» бояуының кемшілігі анықталды;

«Мәртөк балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді бұзуда, 2016 жылы АП20 "Вальтер" винтовка 563,0 мың теңге сомасына 2360 «Машиналар мен жабдықтар» мекемесінің тиісті баланс шотына есептелмеген;

«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ Мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұза отырып, өнім берушінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №42 Шартты толық орындамауы орындалған ретінде қабылданды, 15,0 мың теңгеге бюджет қаражатына залал келтірумен «Жаңа отау» ЖШС-нің №128 орындалған қызмет актісін ұсынуының заңдылығы мен негізділігін тексермей төлемдер жүргізілді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдерге бақылау жүргізілмеген және 1327,5 мың теңге сомасында облыстық бюджетке түсетін түсімдер қамтамасыз етілмеген, 7 жағдайда талап етілетін рұқсат беру құжаттамаларының қызметтері баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен (артық талаптар қою арқылы) өткізілді, облыстық Мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының және олардың орындалуы туралы есептердің орындалуына бақылау және талдау өткізілмеген, басқарма ережесінде аудандық коммуналдық мүлікті басқару, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру саласындағы құзыреті көрсетілмеген;

«Шалқар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жалпы сомасы 434,3 мың теңгеге кредиторлық берешекті жою бойынша шаралар қабылданбаған;

Шалқар ауданының «Болашақ» бөбекжайы " МКҚК-да, Ойыл ауданының «Балбөбек» бөбекжайы" МКҚК-да, «Жолшы» бөбекжайы» МКҚК-да, «Асанәлі «бөбекжайы» МКҚК-да жалпы сомасы 420,8 мың теңгеге ата-ана жарналары есебінен басқа да азық-түлік емес мақсаттарға негізсіз жұмсалды;

"Ойыл аудандық мәдениет бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша кассада 18,0 мың теңгенің жетіспеушілігі анықталды.

Анықталған проблемалардың көпшілігінің негізгі себебі бюджеттік ұйымдарда жұмыс істейтін кадрлардың көпшілігінің жеткіліксіз кәсіпқойлығы болып табылады.

Сондай-ақ, мекемелер мен кәсіпорындарда бюджет қаражатын жоспарлау мен пайдаланудың жүргізілетін аудиторлық іс-шаралары қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға, активтерді тиімді пайдалануға, бюджет шығыстарының негізділігі мен тиімділігіне, анықталған бұзушылықтарды жоюға жеткіліксіз көңіл бөлінетінін көрсетті.

4.4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің

пайдалану тиімділігін бағалау

 

Коммуналдық меншік тізіліміне сәйкес облыстық деңгейде 14 заңды тұлға, мемлекеттік қатысу үлесі бар Акционерлік қоғамдар, сондай-ақ басқару органдары облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар жұмыс істейді.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша оң қаржылық нәтижесі бар субъектілер саны 2 немесе 14,3% құрады.

 

Өткен жылы тексеру комиссиясымен аудиторлық іс-шарамен 16 квазимемлекеттік сектор субъектісі қамтылды. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 229 188,4 мың теңге.

Олардың ішінде, «Ақтөбе» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ бойынша аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражат және активтер көлемі             8 194 414,0 мың теңге. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы                          3 170 569,5 мың теңгені құрады, соның ішінде қаржылық бұзушылықтар                  28 653,1 мың теңге (өтелуге жататын), бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану 3 141 916,4 мың теңге және рәсімдерді орындау тәртібін бұзу 30 бірлік.

Түгендеу кезінде бастапқы құны 28 246,9 мың теңге болатын 12 негізгі құралдардың жетіспеушілігі анықталды.

Ақтөбе облысының немесе қоғамның өзінің экономикасын дамытуға ықпал етпеген қаржылық операциялар жүргізілді, немесе қаражат тиімсіз жұмсалған «Зерде-Строй» ЖШС-нің «Алға облыстық балалар үйінің жыл бойғы лагерінің 7 ғимаратын жылумен қамтамасыз ету» жобасы бойынша 75000,0 мың теңгеге, "А-Полиграфия" ЖШС-нің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу үшін 160 819,4 мың теңгеге және "Батыс-Агро 2008" ЖШС-нің ғимаратына жалпы сомасы 100 170,0 мың теңгеге пайызсыз қарыз берілген.

«Ақтөбе «ӘКК» АҚ Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын және бюджет заңнамасын бұзу фактілері бойынша материалдар Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро департаментіне жолданды.

Ақтөбе қаласы бойынша «Табыс Ақтөбе» ЖШС-де қаржылық бұзушылықтар сомасы 21 548,6 мың теңгені құрады, оның ішінде 11 482,5 мың теңге көлемдерді тіркеу жолымен ҚТҚ полигонында арнайы техника қызметіне 720,0 мың теңге сомасында орындалмаған жұмыс көлемі үшін коммерциялық құрылымдарға ақы төлеу анықталды, сондай-ақ жарғылық капиталдағы бюджеттік инвестициялар бекітілген ҚЭН сәйкес іске асырылмаған, яғни                     9 346,12 мың теңге тиімсіз пайдаланылды.

Экономика және қаржы бөлімі бюджетаралық қатынастардың өрескел бұзылуына жол берді, «Табыс Ақтөбе» ЖШС-нің негізгі қарыз алушысы                 250 000,0 мың теңге сомасында тұрғын үйді жаңғыртуға бағытталған қаражат бойынша қарызды бақылау және өтеу қамтамасыз етілмеген.

«Тазалық»  КМК тарату рәсімдерінде, «Таза қала» ЖШС және «Тұңғыш Президентінің  Орталық саябақ»  МКҚК жекешелендіру және сенімді басқаруға беру рәсімдерінде бұзушылықтар жіберілген.

Тексеру комиссиясымен в 2019 жылы, «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ, «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаражаттардың және мемлекет активтерінің пайдалануының дұрыстығына, мемлекеттік аудит объектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігі, олардың іске және жүзеге асырылуының тиімділігіне, бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығы мен дұрыстығына, коммуналдық мүлікті басқарудың тиімділігіне, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит өткізілген.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 50 842 123,4 мың теңгені құрады. Нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 1 302 944,5 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар 2 709,0 мың теңге;

2) бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану бойынша жалпы сомасы 1 300 235,5 мың теңге;

3) рәсімдік бұзушылықтар 15 (он бес) бірлік.

Анықталған 2 709,0 мың теңгелік қаржылық бұзушылықтар бойынша: «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ 2016 жылы «Жана отау» ЖШС-мен тапсырылған №128 орындалған қызметтер актісі құжатының табыс етудің заңдылығы және негізділігі тексерілмей қабылданып төлемдер жүргізілген; облыстық бюджетке түсетін түсімді қамтамасыз етпеген және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдерді бақылауды жүзеге асырмаған;2018 жылы уақытынан 7 күнге кешіктіріліп төленген сомасынан өсімақы өндіріліп алынбаған; жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың берілуін, орындалған жұмыстарды және (немесе) көрсетілген қызметті тиісті түрде орындалмаған, себебі көзбен шолу кезінде Ақтөбе қаласы «Нур-Актобе» тұрғын массивінің №1 шағын ауданы аумағындағы 48 пәтерлі №38 төрт қабатты тұрғын үй құрылысы кезінде жабыны бар мырышталған болаттан жасалған сыртқы терезе құймалары қондырылмаған.

Жүйелі кемшіліктерге қатысты

«Ақтөбе-АгроСервис» ЖШС жекешелендіру бойынша

2018 жылғы 28 тамызда комиссия отырысы өткізілген, онда «Ақтөбе-АгроСервис» ЖШС-ның жарғылық капиталының 100% қатысу үлесін тендер тәсілімен 5 жылдан кем емес қызмет бейінін сақтай отырып жекешелендіру туралы шешім қабылданған, бастапқы бағасы - 2 269 399,2 мың теңге, кепілдік жарна – 72 150,0 мың теңге, тендерді өткізу мерзімі 2018 жылғы 13 қыркүйек, 3 жылға дейінгі мерзімге бөліп төлеу қарастырылған.

2018 жылғы 13 қыркүйекте электрондық тендер өткізу туралы ақпараттық хабарлама «Арай ақпарат» республикалық газетінде жарияланған. Осы тендер, сондай - ақ, 2018 жылғы 10 қазандағы екінші тендер өтінімнің түспеуіне байланысты өтпеген. Үшінші тендер 2018 жылдың 30 қазанында өтіп,  жекешелендіру объектісі үшін ең жоғары баға 810000,0 мың теңге ұсынған қатысушы Д.К.Сырдыбаев жеңімпаз болып танылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының 60-тармағына сәйкес жекешелендіру объектісін екінші және үшінші сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы баға алдыңғы тендердің немесе жабық тендердің бастапқы бағасынан елу пайызға төмендейді. Осылайша бастапқы бағасы 2 269 399,2 мың теңге екінші сауда-саттыққа 1 134 699,6 мың теңгеге дейін, ал үшінші сауда-саттыққа 567 349,8 мың теңгеге дейін төмендетілген.

«Ақтөбе-АгроСервис» ЖШС-нің ақша қаражаты және олардың баламалары 496 597,0 мың теңге, қысқа мерзімді дебиторлық берешек 401 636,0 мың теңге, және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 3 027 185,0 мың теңге, барлығы 3 925 418,0 мың теңге қаржылай активтер жекешелендіру барысында 810 000,0 мың теңгеге ғана сатылған. Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелері 1 399 626,0 мың теңге.

Яғни, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасының сату бағасын төмендету бойынша нормалары жекешелендірілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтеріндегі қаржылай активтерінің үлесін есепке алуға мүмкіндік бермей, жекешелендіру бағасының негізсіз төмендеуіне жол беріп отыр.

Жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беру бойынша

2015-2018 жалдар аралығында «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит қызметі теріс нәтижемен аяқталған ШЖҚ «Алға-жылу» КМК, ШЖҚ «Қайнар» КМК, ШЖҚ «Бадамша-Сервис» КМК, ШЖҚ «Эмбажылу» КМК, ШЖҚ «Коммунальщик» КМК, ШЖҚ «Шұбарқұдық-жылу» КМК, ШЖҚ «Ұлы Борсық» КМК және ШЖҚ «Қобда суы» КМК берілген. Және осы кәсіпорындардың өтелмеген залал сомасы жыл сайын өсуде.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған барлық кәсіпорындар кредиттік келісім-шарттар бойынша сыйақыны уақытынан кеш төлегендігі анықталды. Бұл дерек, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит бойынша сыйақыларын жергілікті бюджет есебінен өтеуге әкеліп соқтырады.

Соңғы қарыз алушылардың қаржылық жағдайының нашарлығын және кредиттік келісім-шарттар бойынша сыйақыны уақытынан кеш төлеп отырғандығын ескере отырып, жергілікті бюджетке кредитті қайтару бойынша күш түсуі және кредиттік қаражаттың уақытылы қайтарылуы бойынша кредиттік тәуекел туындауы мүмкін.

Осылайша, квазимемлекеттік секторда бюджет қаражатының пайдаланылуын талдау жекелеген жағдайларда заңнама талаптарын сақтау және бөлінетін қаражатты пайдалану тиімділігі бойынша қаржылық және бюджеттік тәртіп саласында қалыптасқан қолайсыз жағдайды куәландырады. Уәкілетті органдардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің басқару органдары ретінде, ведомстволық бағынысты ұйымдардың кірістілігінің өсуі, коммуналдық меншікті басқару тиімділігін арттыру рөлінің жеткіліксіздігі туралы атап өткен жөн.

 

V БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

5.1. Тұжырымдар

2019 жылғы облыс бюджетінің атқарылуын бағалау негізінде, сондай-ақ аудиторлық іс-шаралар нәтижесіне сүйене отырып, мынадай қорытындылар жасауға болады:

2019 жылға арналған облыстық бюджет Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес бекітіліп, орындалды және негізінен бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, бюджетті жоспарлау және атқару кезінде уәкілетті органдар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет жүйесінің толықтығы, дәйектілігі, нәтижелілігі, негізділігі, уақтылығы, тиімділігі қағидаттарын сақтамау фактілеріне жол берген.

2019 жылы облыстық бюджеттің орындалуы әлеуметтік-экономикалық дамуы экономиканың оң өсу қарқынының (жекелеген көрсеткіштерді қоспағанда) сақталуымен сипатталды, бұл тұтастай алғанда макроэкономикалық тұрақтылық пен орнықты даму үрдісінің сақталуына ықпал етті.

Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің көрсеткіштерін жоспарлау кезінде нақты әлеует ескерілмейді, бұл бюджетті бірнеше рет нақтылауға және түзетуге әкеп соғады.

 

Облыстық бюджеттің шығыс бөлігінің орындалу сапасына, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігіне, есептік деректердің дұрыстығына басқарушылық шешімдердің дұрыс қабылданбауына, әлсіз еңбек және атқару тәртібіне, бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну ережелерін, бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу ережелерін нашар білуіне, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан тиісті бақылаудың болмауына ықпал етті.

Жекелеген бюджеттік сыныптама кодтары (БСК) бойынша болжамды көрсеткіштерді асыра орындау бюджетті қалыптастыруға тиісті емес көзқарас, жоспарлы тағайындауларды төмендету, салық салынатын базаға тиісті мониторинг және жыл ішінде түсімдер есебінен қамтамасыз етілген.

2019 жылы 82 121 мың теңгеге шығыстар бөлігінде жоспарлы тағайындаулар игерілмеген.

Жеке табыс салығы бойынша облыстық бюджетке артық төлемнің және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемнің болуы кәсіпорындар мен ұйымдардың айналым қаражатын заңсыз салықтық алып қоюға әкеп соғады.

2018 жылмен салыстырғанда бюджетке бересінің 1 473,0 мың теңгеге өсуі байқалады, бұл салық органдарының бюджетке салықтардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз етпеуін куәландырады және 2020 жылдың қорытындысы бойынша оның өсуіне жол бермеу және толық жою мақсатында салықтық әкімшілендіруді жақсарту бойынша қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.

2020ж.1.01. дебиторлық берешек сомасы 1 306 067,9 мың теңгені құрайды,бұл жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің оларды өтеу бойынша қабылданатын шаралардың тиімсіздігін көрсетеді. Есепті кезеңде дебиторлық берешектің ең үлкен сомасы мынадай бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде пайда болды: дене шынықтыру және спорт басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, білім басқармасы, полиция департаменті, облыс әкімінің аппараты және т. б.

Екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттарда және квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотында жалпы сомасы 20 020 512,6 мың теңге қаражат қалдықтарының болуы Бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз орындалғанын куәландырады.

Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруда елеулі олқылықтар мен кемшіліктер бар.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу тиісті деңгейде жүзеге асырылмайды. Іске асыру мерзімдерін бұза отырып, инвестициялық жобаларды уақтылы тапсырмау, іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың сандық ұлғаюына әкеп соғады, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру және бюджетке кіріс түсімдері бөлігінде мемлекет активтерін пайдаланудың нәтижелілігіне, тиісінше өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуге кері әсер етеді.

Бағдарламалық құжаттарды іске асыру облыстағы үш ауысымды оқыту проблемаларын шешу, апатты мектептердің үлесін төмендету, халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, жұмыс орындарын құру, халықтың денсаулық индексін және т. б. жақсарту сияқты қызметтің түрлі салаларында бірқатар стратегиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік берді.

Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды нашар жүзеге асыру нәтижесінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кәсіпорындарды дамыту жоспарларын бекітуге және олардың орындалуына формальды көзқарас байқалады, бұдан басқа квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жеткілікті нәтижелі қызметі, қосымша ресурстар бөлу олардың жарғылық капиталына салынған бюджет қаражатының экономикалық және әлеуметтік қайтарымының тиісті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Бюджет параметрлерін қалыптастыру кезінде АДБ-да және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көзделген нысаналы индикаторлар көрсеткіштерінің келісілуі мен теңгерімділігі қамтамасыз етілмейді.

Аумақтарды дамыту бағдарламасы көбінесе қаржы қаражатына және оларды игеруге бағытталған, бұл ретте нақты нәтижелер алу және салынған қаражаттан экономикалық тиімділік бөлігінде экономика салалары бөлінісіндегі көрсеткіштерге тиісті деңгейде назар аударылмайды.

Квазимемлекеттік сектор субъектілері аудитінің нәтижелері ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жүргізу талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік органдардың жеткіліксіз үйлестірілген жұмысын көрсетеді, бұл көбінесе бюджет қаражатын бақылаусыз жұмсауға әкеледі.

Бақылаудың тиімді тетіктерінің болмауы, уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының жеткіліксіздігі аумақтарды дамыту бағдарламасының жекелеген нысаналы индикаторларына қол жеткізбеуге алып келді.

Жалпы, 2019 жылға арналған облыс бюджетінің орындалуы оң деп сипатталады. Бюджетті атқару барысында байқалатын кемшіліктер негізінен жергілікті сипатқа ие болды, ол мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын уақтылы орындауға, сондай-ақ 2016-2020 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізуге әсер етпеді.

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы облыстық бюджеттің орындалуы және оны бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, бюджет қаражатын алушылардың іске асыру кезіндегі кемшіліктерін атай отырып, 2019 жылға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебін бекітуге дайын деп санайды.

 

5.2. Ұсынымдар

 

Бюджет процесін одан әрі жетілдіру және бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету, қаржылық бұзушылықтарды қысқарту мақсатында ұсынылады:

- стратегиялық құжаттарда айқындалған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге сүйене отырып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін әзірлеуді және бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;

- бюджеттік параметрлерді қалыптастыру кезінде белгіленген міндеттердің өзектілігі мен маңыздылығын ескеру, экономика салаларындағы ағымдағы даму үрдісін, қаржыландырудың мақсатты және жеткіліктілігін зерттей отырып, талдау жүргізу;

- бюджет кірістерінің түсімдерін болжауда жүйелі тәсілді реттеу және қамтамасыз ету мақсатында түсімдер санаттары бойынша салық салынатын базаларды өзектендіру жөніндегі жұмысты күшейту қажет;

- қалалар мен аудандардың бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейін теңестіру, өз кірістерінің өсуін ынталандыру және облыстық бюджетке түсетін жүктемені төмендету үшін орындылығы мен олардың бюджет қаражатына нақты қажеттілігін ескере отырып, жергілікті бюджеттердің шығыстарын жоспарлауға сараланған тәсілді қолдану;

- аумақтарды дамыту бағдарламасының стратегиялық бағыттарына барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін, барлық қызмет салаларында өңірдің проблемаларын кешенді шешу бойынша іске асыруға қатысушылардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын жүргізу, Даму Бағдарламасының іс-шараларын іске асыруды мониторингілеу мен бақылаудың тиімді жүйесін енгізу және соңғы нәтижелерге қол жеткізу;

- инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру толық іске асырылғанға дейін тиісті қаржылық қамтамасыз етуі бар жобалардың нақты қажеттілігі мен басымдығына сүйене отырып жүзеге асырылсын, Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде құнның қымбаттауын болдырмау үшін құрылыстың нормативтік мерзімдерін, объектілерді коммуналдық меншікке беру мерзімдерін сақтау жөнінде шаралар қабылдау;

- жыл қорытындысы бойынша кредиторлық және дебиторлық берешектердің пайда болуына жол бермеу, өткен жылдардың дебиторлық берешектерін қайтаруды жандандыру бойынша шаралар қабылдау;

бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне:

- ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейту, бұзушылық фактілерін, олардың жүйелі сипатын болдырмау үшін қаржылық тәртіпті жетілдіру бойынша пәрменді шаралар қабылдау, өткен аудиторлық іс-шаралар тәжірибесінде анықталған бұзушылықтардың себептерін зерделеу бойынша жұмыс жүргізу;

- ведомствоға қарасты ұйымдардың тиімсіз шығыстарын оңтайландыру және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында бюджет ашықтығы деңгейін айтарлықтай арттыра отырып, сапалы бюджеттік шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін, оларға ұсынылатын деректерді егжей-тегжейлі нақтылай отырып, бюджеттік өтінімдерге материалдарды қалыптастыруды қатайту.

 

Қосымшалар:

1. Қосымша материалдар.

2. 2019 жылғы тексеру комиссиясы қызметі туралы ақпарат.

 

 

 

 

 

 

Ақтөбе облысы бойынша

тексеру комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-қосымша

 

Тексеру комиссиясының есепті кезеңдегі жұмысы туралы ақпарат

 

 

 

Аудит нысанының атауы

Аудитпен қамтылған қаражат көлемі

(мың теңге)

Жалпы анықталған бұзушылықтар сомасы

(мың теңге)

Қалпына келтірілетін,өтелетіні  (мың теңге)

Қалпына келтірілгені, өтелгені (мың теңге)

01.01.2020 ж. жағдайы бойынша

1

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ, "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де  «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асырудың дұрыстығын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

24 989 593,0

389 004,1

297 524,1

219 560,6

2

«Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ және «Мәртөк балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-не бөлінген бюджет қаражатының (активтерінің) дұрыс пайдаланылуын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

667 717,4

163 957,1

16 585,2

11 473,4

3

19 (он тоғыз) мемлекеттік мекемелерде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану жөніндегі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау.

10 624 558,3

329 426,5

14 979,8

14 731,2

4

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының полиция департаменті" ММ» бюджет қаражатының, мемлекет активтерінің пайдаланылуын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

 

22 054 422,0

1 080 515,5

2 845,8

2 845,8

5

«Ақтөбе» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы " АҚ-да квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін тиімді басқарудың, сондай-ақ жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатты тиімді пайдаланудың мемлекеттік аудиті

8 194 414,0

3 170 569,5

28 653,1

183,0

6

«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ және «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ-де бюджет қаражатының, мемлекет активтерінің пайдаланылуына және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышын басқаруына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

50 842 123,4

1 302 944,5

2 709,0

201,3

 

Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуын, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын, бюджетке түсетін түсімдерді өндіріп алуды, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке жатқызудың дұрыстығын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау

7

Ойыл ауданы

12 655 415,4

939 919,8

431 924,9

403 270,9

8

Шалқар ауданының

20 236 029,1

2 837 251,7

140 170,9

73 735,7

9

Ақтөбе қаласы

102 942 518,8

14 381 914,8

1 503 850,1

358 982,4

 

2019 жылы, өткен жылдары бойынша  қалпына келтірілді және өтелді

-

-

-

10 327 151,4

 

Барлығы:

253 206 791,1

24 594 277,4

2 438 016,7

 

1 308 595,3

 

width="100%"text-align: left;">