Бүгін: 25.05.2022
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы 2018 жылдың 9 айында   12 іс-шарасы  158 аудит нысандарында жүргізілді.

Аудит іс-шаралармен қамтылған қаражаттың көлемі 269 449 918,6 мың теңге, (ондағы мемлекеттік мекемелерде 233 816 320,5 мың теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 35 633 598,1 мың теңге).

Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 79 823 781,6  мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар сомасы 895 160,9 мың теңге, рәсімдік бұзушылық сомасы 41 396 700,9  мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары және активтер 29 159 575,4 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары және  активтер 8 372 344,4 мың теңгені құрады.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша қалпына келтірілуге және өтелуге жататын қаражат көлемі  895 160,9 мың теңгені құрады, оның 715 122,9 мың теңгесі қалпына келтірілді және өтелді немесе 79,9% құрайды.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы  895 160,9 мың теңге, соның ішінде бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар – 50 970,4 мың теңге, мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар – 75 478,2 мың теңге, бухгалтерлік есеп жүргізуде және қаржылық есептілікті жасауда – 767 629,2 мың теңге және бюджетке түсетін түсімдер- 1 083,1мың теңгені құрады.

2018 жылдың  9 айында жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шараларының нәтижесі бойынша 55 лауазымды тұлғаға 4792,0 мың теңгеге  әкімшілік айыппұл салынды, 16 тәртіптік жаза қабылданды.