Бүгін: 23.10.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы 2018 жылдың 3-ші тоқсанында 4 іс-шарасы  74 аудит нысандарында жүргізілді.

Аудит іс-шаралармен қамтылған қаражаттың көлемі 36 045 718,8 мың теңге, (ондағы мемлекеттік мекемелерде 32 551 852,7 мың теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 3 493 866,1 мың теңге).

Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 5 315 914,3 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар сомасы 699 001,5 мың теңге, рәсімдік бұзушылық сомасы 2 141 284,9  мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары және активтер 1 927 065,4 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары және  активтер 548 562,5 мың теңгені құрады.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша қалпына келтірілуге және өтелуге жататын қаражат көлемі  699 001,5 мың теңгені құрады, оның 565 297,3 мың теңгесі қалпына келтірілді және өтелді немесе 80,9% құрайды.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 699 001,5  мың теңге, соның ішінде бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар – 17 058,7  мың теңге, мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар – 30 956,0 мың теңге, бухгалтерлік есеп жүргізуде және қаржылық есептілікті жасауда –650 093,0 мың теңге және бюджетке түсетін түсімдер-893,8 мың теңгені құрады.

2018 жылдың 3-ші тоқсанында жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шараларының нәтижесі бойынша 25 лауазымды тұлғаға 2561,3 мың теңгеге  әкімшілік айыппұл салынды, 16 тәртіптік жаза қабылданды.