Бүгін: 23.10.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы 2018 жылдың 2-ші тоқсанында 6 іс-шарасы  58 аудит нысандарында жүргізілді.

Аудит іс-шаралармен қамтылған қаражаттың көлемі 215 800 085,3 мың теңге, (ондағы мемлекеттік мекемелерде 188 788 601,3 мың теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 27 011 484,0 мың теңге).

Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 69 743 828,9 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар сомасы 68 815,6 мың теңге, рәсімдік бұзушылық сомасы 37 179 268,2 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары және активтер 26 974 920,9 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары және  активтер 5 520 824,2 мың теңгені құрады.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша қалпына келтірілуге жататын қаражат көлемі 68 815,6 мың теңгені құрады, оның 23 591,6 мың теңгесі қалпына келтірілді немесе 34,2% құрайды.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 68 815,6 мың теңге, соның ішінде бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар – 25 660,5 мың теңге, мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар – 41 464,2 мың теңге, бухгалтерлік есеп жүргізуде және қаржылық есептілікті жасауда – 1390,9 мың теңгені құрады.

2018 жылдың 2-ші тоқсанында жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шараларының нәтижесі бойынша 24 лауазымды тұлғаға 2 298,0 мың теңгеге 34 әкімшілік айыппұл салынды, 19 тәртіптік жаза қабылданды.