Бүгін: 23.10.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы 2018 жылдың 1 тоқсанында 2 мемлекеттік аудит іс-шарасы  26 аудит нысандарында жүргізілді.

Осы іс-шаралармен қамтылған қаражаттың көлемі 17 604 114,5 мың теңге, (ондағы мемлекеттік мекемелерде 12 475 866,5 мың теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 5 128 248,0 мың теңге). Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 4 764 038,6 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар сомасы 127 343,8 мың теңге, рәсімдік бұзушылық сомасы 2 076 148,0 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары және  активтер 257 589,1 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары және  активтер 2 302 957,1 мың теңгені құрады. Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша қалпына келтірілуге жататын қаражат көлемі 127 343,8 мың теңгені құрады, оның 122 166,5 мың теңгесі қалпына келтірілді немесе 95,9% құрайды.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 127 343,8 мың теңге, соның ішінде бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар -6 895,2 мың теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша –189,3  мың теңге, мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар – 4 114,0  мың теңге, бухгалтерлік есеп жүргізуде және қаржылық есептілікті жасауда -116 145,3 мың теңгені құрады.

2018 жылдың 1 тоқсанында жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шараларының нәтижесі бойынша 9 лауазымды тұлғаға  2495,9 мың теңгеге 14 әкімшілік айыппұл салынды.