Бүгін: 23.10.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы 2017 жылдың 4 тоқсанында жоспарланған 4 аудит іс шарасының аяқталған 2 мемлекеттік аудит іс-шарасы  29 аудит нысандарында жүргізілді.

Осы іс-шаралармен қамтылған қаражаттың көлемі 49 219 980,8 мың теңге, (ондағы мемлекеттік мекемелерде 46 755 949,2 мың теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 2 464 031,6 мың теңге). Анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 5 386 090,8 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар сомасы 132 810,3 мың теңге, рәсімдік бұзушылық сомасы 3 484 351,1 мың теңге, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары және  активтер 7 658,9 мың теңге және тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары және  активтер 1 761 270,5 мың теңгені құрады. Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша қалпына келтірілуге жататын қаражат көлемі 132 810,3 мың теңгені құрады, оның 103 225,1 мың теңгесі қалпына келтірілді немесе 77,7% құрайды.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 132 810,3 мың теңге, соның ішінде бюджет қаражаттарын пайдалану кезіндегі қаржылық бұзушылықтар -27 887,3 мың теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша –9 461,3  мың теңге, мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар – 92,4  мың теңге, бухгалтерлік есеп жүргізуде және қаржылық есептілікті жасауда -95 369,3 мың теңгені құрады.

2017 жылдың 4 тоқсанында жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шараларының нәтижесі бойынша 8 лауазымды тұлғаға әкімшілік жаза қабылданды, оның ішінде 2019,3 мың теңгеге 13 әкімшілік айыппұл салынды.