Бүгін: 23.10.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

Ақтөбе облысының 2013 жылғы облыстық бюджетінің орындалуы туралы Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі

(жергілікті атқарушы органның есебіне қорытындысы)

Ақтөбе 2014 жыл

МАЗМҰНЫ

І бөлім. Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық  даму көрсеткіштерін қысқаша талдау

ІІ бөлім. Облыстық бюджеттің орындалуын талдау

2.1. Салық және басқа да міндетті төлемдердің облыстық бюджетке толық және уақытылы түсуі

2.2. Облыстық бюджеттің шығыстар бөлігінің орындалуын талдау

ІІІ бөлім. Жекелеген бағыттар бойынша тиімділікті бақылау және жергілікті бюджеттің орындалуын бағалау

ІV бөлім. Қорытынды бөлім

4.1. Қорытынды

4.2. Ұсыныс

1. Бөлім. Ақтөбе облысының әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерін қысқаша талдау

Есептік жылы 2011-2015 жылдарға арналған Ақтөбе облысының аумақтық дамыту бағдарламасында қарастырылған мақсат және міндеттер есебімен Ақтөбе облысының бюджеті құрылған.

Есепті жылдың аяғында Ақтөбе облысының әкімдігімен ауданның бұрын бекітілген макроэкономикалық даму көрсеткіштері түзетілген.

1 кесте

2013 жылғы Ақтөбе облысының негізгі макроэкономикалық даму көрсеткіштері

№п/п

Көрсеткіштің атауы (өлшем бірлігі)

2012ж. орындалуы

2013ж. орындалуы

2012ж. орындалуына қатысты

%

(+,-)

1

Өндірістік өнім көлемі, млн. теңге

1 314 901,8

1 352 519,0

102,9

37617,2

2

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі, млн.теңге

119 499,7

127914,8

107,0

8415,1

3

Негізгі капиталға инвестиция, млн. теңге

430 536,9

496243,8

115,3

65706,9

4

Тұрғын үйді іске қосу, ш.м.

430 052,0

461196,0

107,2

31144,0

5

Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн. теңге

127 003,6

186161,0

146,6

59157,4

6

Шағын және орта бизнес субъектісінен түскен салық түсімі, млн. теңге

107 704,9

115639,9

107,4

7935,0

7

Шағын және орта кәсіпкерлік (нақты көрсеткіштер)

-тіркелгенінің саны, бірлік

49184,0

52744,0

107,2

3560,0

- белсенділерінің саны, бірлік

36176,0

37298,0

103,1

1122,0

8

Бөлшек сауда, млн. теңге

294 471,3

335712,0

114,0

41240,7

9

Тіркелген жұмызсыздар саны, адам

980

920

 

-60

Жоғарыдағы кестеден облыс экономикасы дамуының өсу қарқыны байқалады. Есепті жылы 2012 жылмен салыстырғанда өндірістік өнім көлемінің, ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемінің, құрылыс жұмыстарының көлемінің, сонымен қатар негізгі капиталға инвестицияның, тұрғын үйді іске қосудың және т.б. көрсеткіштердің өсуі анықталып отыр.

Ақтөбе облысының даму бағдарламасында 18 мақсат, 47 нысаналы индикатор қарастырылған, оның ішінде есепті жылы 42 нысаналы индикатор бойынша жылдық жоспар орындалған (89,4%), 1 нысаналы индикатор бойынша жоспар орындалмай, 4 нысаналы индикатор бойынша деректер қалыптастырылмаған.

Даму бағдарламасында 105 тікелей нәтиже көрсеткіштері қарастырылып, 85 немесе 81% қол жеткізілген, 7 көрсеткіштің орындалуы қамтамасыз етілмей, 13 көрсеткіш бойынша деректер  кешірек қалыптастырылады.

Бағдарламаны орындау бойынша іс-шаралар жоспарында 2013 жылға жалпы сомасы 177 338,5 млн. теңгеге 447 іс-шара қарастырылған, оның ішінде «Экономика» бағыты бойынша 112 970,7 млн. теңгеге 91 іс-шара, «Әлеуметтік сала»  бағыты бойынша 11 604,3 млн. теңгеге 158 іс-шара, «Инфрақұрылым» бағыты бойынша 51 438,9 млн. теңгеге 163 іс-шара, «Ауылдық аймақтарды дамыту, экология» бағыты бойынша 1324,6 млн. теңгеге 29 іс-шара, «Мемлекеттік қызмет» бағыты бойынша қаражаттандыруды қарастырмайтын 6 іс-шара.

«Экономика» бағыты бойынша 17 нысаналы индикаторы бар 5 мақсат қарастырылған.

«Экономика» бағыты бойынша 5 мақсат, 17 нысаналы индикатор қарастырылған.

2013 жылы 14 (82,4%) нысаналы индикатор орындалған. 1 нысаналы индикатор бойынша қол жеткізілмеген, 2 нысаналы индикатор бойынша есептілік кешірек қалыптасады.

«Импорт» көрсеткіші 99,9% құраған, жоспар бойынша 105%. Қол жеткізілмеген.  2013 жылға импорт көлемі (сыртқы және өзара сауда) 2,3 млрд.АҚШ долларын немесе 2013 жылдың деңгейіне 99,9%.

«Өнеркәсіп» тарауы бойынша 1 мақсат және 9 нысанаы индикатор қарастырылған.

2013 жылға 8 нысаналы индикатор бойынша жоспарлық мәніне қол жеткізілген. 1 нысаналы индикатор бойынша орындалмаған:

«Электр энергиясын өндіруді өсіру» көрсеткіші жоспары бойынша 78%, орындалғаны 68% құрады. Аймақтың электрэнергияға қажеттілігі өз энергия көзінің 10% аз қамтамасыз етілген немесе 2 702,1 млн.кВтч.

Жалпы облыстың өндірістік өнімі 1 трлн. 352,5 млрд. сомасына өндірілген. Өнеркәсіп секторын құраушы салалардың барлық индексі өткен жылдың деңгейінен асқан және республика бойынша орташа. Келесідей салаларда өсудің басымдылығы байқалады: металлдық кендерін өндіруде-5,4%, машина құрастыру өнімдерінің өндірісінде -11,6%, басқа да минералдық емес өнімдерде-21,4%, химиялық өнеркәсіпте-1,7%.

Өнімдердің негізгі түрлері бойынша шығарылымы облыстың 2012 жылғы деңгейінен асты. Сонымен, мыс кенін өндіру көлемі -7,9% (5,1 млн.тонн),хром концентраты-6,3% (4,1 млн.тонн), мыс концентраты-2,9% (355,1 тыс. тонн), хромды тұз-3,7%-ға (101,6 тонн) өскен.

«Агроөндірістік комплекс» бөлімі бойынша 1 мақсат және 1 мақсатты индикатор қаралған.

Азықтық тауарлар ішкі нарығын өзіміздің елден шығатын тағамдармен қамтамасыз ету деңгейі жетіспейді, жоспар бойынша 82,8%, нақты 66,3% орындалған. Тұрғындардың санының өсуіне, жеке шаруашылықтағы мал басының азаюуына, Ауыл шаруашылық Министрлігімен және статистикалық көрсеткіштерімен тұрғындарды қамтамасыз ету есебі әдістемесінің сәйкессіздігіне байланысты, Жоспарлау АШМ әдістемесі бойынша жүргізілген, ал нақты деректер статистика бойынша Агенттігіне жіберілген.

«Әлеуметтік шеңбер» бағыты бойынша 7 мақсат, 15 мақсатты индикатор қаралған.

«Тұрғындарды әлеуметтік қорғау» бөлімі бойынша 1 мақсат және 3 мақсатты индикатор қаралған.

Көрсеткіш «Ең төменгі күнкөріс өлшемінің өсу темпі» орындалмаған, жоспар 106,0% болса, орындалуы 105,2%. Деректер ҚР статистика бойынша Агенттігімен берілген, 2013 жыл бойынша ең төменгі күнкөріс өлшемі 2012 жылмен салыстырғанда  аз көлемде өскен: 2012жылы-15 009теңге, 2013 жылы-15 789 теңге.

«Қоғамдақ қауіпсіздік және құқық тәртібі» бөлімі бойынша 1 мақсат, 2 мақсатты индикатор қаралған.

Көрсеткіш «Жол-көлік оқиғалары санын азайту (10 мың бірлік көлікке) орындалмаған. Соңғы 5 жылда облыс автопаркі 3 есеге көбейген (75 мыңнан 183 мыңға дейін), жыл сайын көлік парктері көбеюуде. Жол-көлік оқиғаларының өсуі жүргізушілердің жол ережесін бұзуынан болған, яғни жол қозғалысы ережесінің жалпы бұзушылығының 77,3% құрайды (оның ішінде жылдамдықты өсіру (46%), маневр жасау ережесін бұзу (3,5%), мас күйінде көлікті басқару (4,5%), қарсы қозғалыс жолағына шығып кету (10,6%), жаяу өткінші жолдарынан өту (12,7%).

«Инфрақұрылым» бағыты бойынша 4 мақсат, 11 мақсатты индикаторлар қарастырылған.

«Құрылыс» бөлімі бойынша 1 мақсат, 2 мақсатты индикатор қаралған.

«Мемлекеттік емес көздерден қаржыландырылған тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлемі» көрсеткіші орындалмаған. Бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылған тұрғын үйлердің қорытындысы бойынша 41,98 мың ш.метрге жоспарлық көрсеткіштен аз енгізілген немесе 88,5%.

«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы» бөлімі бойынша                        1 мақсат, 5 мақсатты индикаторлар каралған. Барлық 5 мақсатты индикаторлар бойынша есептік жылдың жоспарлық көрсеткіштері орындалған.

«Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі» көрсеткіші орындалмаған. 2012 жылы республикалық бюджет комиссиясына «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде 2013жылы 84 объекті бойынша кондоминиумдарда жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылған. 2013 жылы республикалық бюджеттен 84 объектінің жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінбеген, сондықтан 2013 жылдың қорытындысы бойынша аталған индикатордың орындалуы мүмкін емес.

2013 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылуға қарастырылған 447 іс-шаралардың 416-сы (93,1%) орындалған, 23 іс-шара 2014 жылға қалдырылған.

- «Экономика» бағыты бойынша жалпы сомасы 136 557,4 млн.теңгеге 83 кәсіпорын жүзеге асырылған, қаржыландырудың болмауынан 8-і орындалмаған;

- «Әлеуметтік сала» бойынша 149 шаралар жалпы сомасы 12 702,6 млн.теңгеге орындалды, 9-ы жүзеге асырылу кезеңінде;

- «Инфрақұрылым» бағыты бойынша 154 шаралар жалпы сомасы 49 308,4 млн.теңгеге орындалды,  9-ы жүзеге асырылу кезеңінде;

- «Ауыл территориясын дамыту, экология» бағыты бойынша 24 шаралар жалпы сомасы 1 116,9 млн.теңгеге орындалды, 5-і жүзеге асырылу кезеңінде;

- «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша қаржыландыруды қажет етпейтін 6 шара жүзеге асырылған.

II БӨЛІМ. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫН ТАЛДАУ

Облыстық бюджетті нақтылауда оның кірістері елеулі өзгерістерге ұшырап, 6 826,2  млн. теңгеге немесе 6,8% өскен және 2013 жылдың басында қалған қалдықтардың есебімен шығындары 7 835,6 млн. теңгеге немесе 7,9% өскен.

2013 жылы шығындар бойынша жоспарлық шығыстар 226,0 млн. теңгеге орындалмаған.

Ал мемлекеттің қаржы активтерін сатып алу, займдарды өтеу және бюджеттік несиелер бойынша шығыстар 100% орындалды.

Облыстық бюджеттің кірістері мен шығыстарының орындалуын талдаудың қорытындысы сәйкесінше бөлімшілерде ұсынылған, яғни онда жалпы жергілікті бюджеттің тиімді орындалуына әсер ететін белгілі деңгейдегі жекелеген кемшіліктер мен мәселелер көрсетілген.

2.1. Салық және басқа да міндетті төлемдердің жергілікті бюджетке толық және уақытылы түсуі

Бюджеттің кіріс бөлімінің құрылымы (млн.тенге)

(кесте 2.1.1).

Атауы

2013ж бекітілгенбюджет

2013 ж нақтыланған бюджет

2013ж түзетілген бюджет

01.01.2014ж бюджет түсімінің атқарылуы

атқарылуы,%

Салық түсімдері

20 088,2

28 110,0

28 026,7

34 289,7

122,3

Салықтық емес түсімдер

667,6

701,2

701,2

1 248,2

178,0

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

0

0,5

0,5

0,55

110,1

Барлық түсімдер

20 755,8

28 811,7

28 728,4

35 538,4

123,7

Трансферт түсімдері

79 455,9

78 226,2

81 979,9

81 979,9

100,0

Кірістер

100 211,7

107 037,9

110 708,3

117 518,3

106,2

Ақтөбе облысының 2013 жылға бекітілген бюджет кірістері  100 211,7 млн. теңгені құрады, енгізілген толықтырулар мен өзгерістер есебімен түзетілген жоспар 110 708,3 млн. теңгені құраған.

Кірістер бойынша түзетілген жоспар 117 518,3  млн. теңгеге немесе 106,2% орындалды. Барлық кірістердің ішінде салықтық түсімдер 34 289,7 млн. теңге немесе 29,2%, салықтық емес түсімдер – 1 248,2 млн. теңге немесе 1,1% және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 0,55 млн. теңге.

2013 жылы жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдердің нақты түсуі 35 538,4 млн. теңге құрады, түзетілген жоспар  28 728,4 млн.теңге немесе жоспар 123,7% орындалған.

Есепті жылы облыс бюджеті кірістері түсімдерінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 11 003,1 млн. теңге немесе 10,3%. Өсуінің негізгі факторы болып трансферттер түсімінің 8291,3 млн. теңгеге өсуі табылады, оның ішінде 1 288,5 млн. теңге төменгі бюджеттерден, 7 002,8 млн. теңге – республикалық трансферттер.

Облыстық бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдердің түсімдерінің өсуі жеке табыс салығы түсімдерінің 1784,9 млн. теңгеге, әлеуметтік салықтың 1 517,0 млн. теңгеге және ішкі тауар, жұмыс және қызметке салынатын салықтың 653,7 өсуімен қамтамасыз етілген.

2013 жылы кірістердің орындалуы, негізінен, жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық есебінен қамтамасыз етілген, осы түсімдердің сомасы 23151,1 млн. теңге немесе барлық салықтық түсімдерінің 67,5% құраған.

Өз кезегінде, салық түсімдері бойынша болжамдық көрсеткіштер 122,3% орындалған.

Салықтық емес түсімдер бойынша болжамдық көрсеткіштер 178,0%-ға (1248,2 млн. теңге) орындалды, облыстың ірі кен орындарын пайдаланушыларынан аймақтың әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымын дамытуға қаражаттың түсуіне байланысты. 2012 жылмен салыстырғанда салықтық емес түсімдер 49,9% азайған.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жоспары 0,5 млн. теңгені, орындалуы 0,55 млн. теңге (110,1%) құрады, «Қол жетімді тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша құрылыстың жандануымен және тұрғын үйдің тапсырылуымен түсіндіріледі. Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда төлемдер 2,5 млн. теңгеге азайған.

Облыс бюджеті кірістерінің трансферттер түсімдерінің нақтыланған жоспары 78 226,2 млн. теңгені, түзетілген жоспары 81 979,9  млн.теңгені, орындалуы 100% құрады. 2012 жылмен салыстырғанда жоғарғы тұрған бюджеттен түскен трансферттер көлемі 11,3 %-ға немесе 8 291,3 млн. теңгеге көбейген.

Есептік жылы жоғарғы тұрған органдардан түскен трансферттер үлесі жалпы облыс бюджеті кірістерінің 69,7%-ын құрап, 2012 жылдың ұқсас көрсеткішін 0,5 пайыздық тармаққа көбейткен.

Кірістер бойынша жоспардың артық орындалуы салықтық түсімдер бойынша артық төлемдердің есебінен қамтамасыз етілген. Ақтөбе облысы бойынша Салық Департаментімен ұсынылған мәліметтер  бойынша Ақтөбе облысында 2013 жылдың 1 қаңтарына 8 863,7 млн. теңгеге салық түсімдері бойынша артық төлемдер болған, 2014 жылдың басына артық төлем 11 252,7 млн.теңгені құраған немесе өткен жылмен салыстырғанда 27,0% көбейген.

2014 жылдың басына облыс бойынша бересі сомасы 483,6 млн.теңге құраған, негізгі үлесті әлеуметтік салық -118,0 млн.теңге, төлем көзінен салынбайтын жеке табыс салығы -63,7 млн.теңге, шетел азаматтарының төлем көзінің табысана салынатын жеке табыс салығы -79,5 млн.теңге, заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салығы -63,4 млн. теңге құрап отыр. Өткен жылдың кезеңдерімен салыстырғанда бересі сомасы 33,8 млн. теңгеге немесе 7,5% көбейген.

2013 жылы бюджет түсімдері бойынша бекітілген жоспар (трансферттер түсімін қоспағанда) бірнеше түзетулер нәтижесінде 8055,9 млн. теңгеге немесе 38,8% өскен, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша бекітілген жоспар 8021,8  млн. теңгеге немесе 39,9%, салықтық емес түсімдер бойынша 33,6 млн. теңгеге немесе 5,0% өскен.

Жоғарыда аталған айғақтар бюджеттің орындалуына талдаудың жоқтығын, жергілікті бюджеттің дұрыс жоспарланбауын және бюджетке түсетін түсімдерді бақылаудың төмендігін көрсетеді, яғни бюджеттің кіріс бөлігін жоспарлау барысында салықтық және басқа да төлемдердің өсу факторлары есепке алынбайды. Бұл жыл ішінде бюджеттің кіріс бөлігіне түзетулер енгізуге, сонымен қатар жоспарлық көрсеткішердің артық орындалуына алып келеді.

2.2. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ШЫҒЫСТАР БӨЛІГІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ТАЛДАУ

Ақтөбе облысы бойынша 2013 жылға бекітілген бюджет 103 604,1 млн. теңгені құрады. Жыл бойына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар есебімен облыстың нақтыланған жоспары 113 562,1 млн. теңгені және түзетілген жоспары 117 242,8 млн. теңгені құрады.

2013 жылғы облыстық бюджеттің шығыстары 117 016,8 млн. теңгеге немесе түзетілген жоспарына 99,8 %-ға орындалған, соның ішінде:

- республикалық бюджеттен түскен трансферттер бойынша 43 126,0 млн. теңге немесе 99,7%;

- республикалық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенциялар бойынша 15145,2 млн. теңге немесе 100%;

- бюджеттік несиелер бойынша 3 418,0 млн. теңге немесе 100%;

- облыстық бюджеттің шығыстары бойынша 55 327,6 млн.теңге немесе 99,8%.

Есептік кезеңге игерілмеген бюджеттік қаражат сомасы 226,0 млн.теңгені құраған, мұнда 112,4 млн.теңгені республикалық бюджеттен түскен трансферттер құрайды, оның ішінде:

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту – 102,4 млн.теңге, мемлекеттік сараптама нәтижесі бойынша инвест жобаларының бөлімдері бойынша құндарының азаюы себебінен;

-Газ тасымалдау жүйесін дамыту  – 0,9 млн.теңге, конкурс нәтижесінен үнемделген қаражат;

-Жұмыспен қамтудың  жол картасы 2020 бойынша қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту аясында нысандарды дамытуға-1,8 млн. теңге конкурс нәтижесінен үнемделген қаражат;

-елді мекендерді ауруға қарсы алдын ала сақтық шараларын жүргізу үшін дәрілік және басақада медициналық иммундықбиологиялық препараттардың орталықтандырылған сатып алуы-1,1 млн.теңге, тауардың жеткізілмеу себебінен;

- Жұмыспен қамтудың  жол картасы 2020 бағдарламасының ағымдық шараларын іске асыруда-4,9 млн.теңге,конкурс нәтижесінен үнемделген қаражат.

Есепті жылы облысқа республикалық бюджеттен 3 418,0 млн. теңге бюджеттік несиелер бөлініп, толық көлемде игерілді. 2012 жымен салыстырғанда бюджеттік несиелер 3 793,1 млн. теңгеге немесе 2 есеге кем түсті. Бұл несиелер келесі бағдарламаларға бағытталды:

-  тұрғын үйлерін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға – 2 652,7 млн. теңге;

-  әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға – 220,7 млн. теңге;

-  «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетуге – 535,0 млн. теңге;

-  Моноқалаларда кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетуге – 9,6 млн.теңге.

2013 жылы игерілмеген қаражат сомасы 2012 жылмен салыстырғанда 59,8% немесе нақты сипатта 336,8 млн. теңгеге азайған (562,8 млн. теңгеден 226,0 млн.теңгеге).

2013 жылы аудан бюджеті 5 рет нақтыланған, оның ішінде 1 рет жыл басында құрылған бос қалдықты пайдалануы бойынша, кіріс бөлігін көбейтуге және азайтуға байланысты 3 рет, 1 рет республикалық бюджеттен берілетін трансферттер көбейту есебінен нақтыланған.

Бұдан басқа, 2013 жылдың аяғында бюджеттік бағдарламалар бойынша 14,5 млн. теңге сомасынада кредиторлық бережақ қалыптасқан, оның негізгі үлесін даму бағдарламалары бойынша кредиторлық бережақ алып отыр.  Бұдан басқа, Ағымдағы шығындар қажетті қаражат толық көлемде қарастырылатынына қарамастан, жергілікті атқарушы органның бюджет бағдарламаларының әкімшілерінде ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша кредиторлық бережақ қалыптасқан (салық, коммуналдық төлемдер, іс-сапар шығындары, басқа да қызметтер мен жұмыстар). Қалыптасуының себебі болып республикалық трансферттердің игерілмеуіне алып келген объектілерді пайдалануға уақытыл тапсырылмауы табылады.

Өткен жылмен салыстырғанда кредиторлық бережақ 8,6 млн. теңгеге азайған.

Бюджет бағдарламалары әкімшілері бойынша кредиторлық бережақтың негізгі үлесі келесі әкімшілерге келеді:

-  Денсаулық сақтау басқармасы – 0,3 млн. теңге, оның ішінде Пр.К. «Актюбгражданпроект» және АҚ «Казахэнергоэкспертиза» мекемелері шот-фактураларды кеш ұсынуына байланысты қосымша құн салығы бойынша 0,2 млн. теңге берешек қалыптасқан;

-  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы – 6,0 млн. теңге, оның ішінде: 3,0 млн.теңге көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша Ақтөбе қаласынынан шығар жолда АФЗ ауданында өтпе жол салуға жобалық-сметалық құжаттаманың әзірлеу бойынша атқарылған жұмыстарын мемлекеттік сараптама ұсынылғаннан кейін келісім-шарт бойынша 5 пайыздық төлем төленеді, Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолын салу нысаны бойынша 5 пайыз  кепілдеме ретінде ұсталды және 3,0 млн.теңге автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу бойынша Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық автожол 35-50 км.күрделі жөндеу жұмыстарының сомасынан ай сайын 5 пайыздық көлемінде шегереді, олар барлық жұмыстар орындалып және мемлекеттік комиссия қол қойғаннан кейін келісім-шарты бойынша 5 пайыздық төлем төленеді.

-  Дене шынықтыру және спорт  басқармасы- 7,4 млн.теңге, оның ішінде: балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру бағдарламасы бойынша-5,4 млн.теңге және облыстық деңгейде спорт жарыстарын өткізу бағдарламасы бойынша-2,0 млн.теңге облыстық деңгейде жыл аяғында жоспардан тыс спорт жарыстарын өткізілуіне байланысты, төрешілік қызметтер бойынша қалыптасқан берешек.

-  Құрылыс басқармасы – Бизнес жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту -0,4 млн. теңге, Ақтөбе қаласының «Көктас-Ақтөбе» АҚ-ның картон дайындау үшін қайталама шикізатты өңдеу цехына автожол құрылысы және қайта жаңарту жер телімінде технологиялық байланыстыру жұмыстарын орындай отырып идентификациялық құжаттар дайындау бойынша Қосымша Құн Салығының сомасы.

2014 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша дебиторлық бережақ 29,3 млн. теңге сомасында қалыптасып, өткен жылмен салыстырғанда 27,0 млн. теңгеге азайған.

Ірі көлемді дебиторлық бережақ келесі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінде қалыптасқан:

-  Денсаулық сақтау басқармасы-2,6 млн.теңге, оның ішінде,  «Ана мен баланы қорғау  жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша-2,4 млн.теңге;

-  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы -3,2 млн.теңге, оның ішінде, «Психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда ) психоневрологиялық аурулармен ауыратын мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер» бағдарламасы бойынша-3,0 млн.теңге;

-  Білім басқармасы – 1,3 млн. теңге, оның ішінде  «Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша- 0,2 млн.теңге, «Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру» бағдарламасы бойынша-0,5 млн.теңге және «Әлеуметтік сауықтандыру» бағдарламасы бойынша-0,6 млн.теңге;

-  Спорт және дене шынықтыру басқармасы – 20,8 млн. теңге, «Әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы» бағдарламасы бойынша-8,6 млн.теңге және «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру» бағдарламасы бойынша-12,2  млн.теңге .

Дебиторлық бережақтың қалыптасуының негізгі себептері болып келісім-шарт бойынша тауарды жеткізгенге дейін алдын ала төлеу, еңбек ақы, коммуналдық шығындар бойынша артық төлемдер, облыстық құрама командаларының спортшыларына аванстық төлемдерді жасау табылады.

Бұл шығындар ҚР Бюджет кодексі мен «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына қайшы болып табылады.

2013 жылы облыс бойынша қаражаттардың басым бөлігі білім (14,8%), денсаулық  (20,0%),  тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына (18,8%) салаларына  пайдаланылған.

Соңғы жылдары жыл сайын республикалық бюджеттен  мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және облыста әлеуметтік объектілер салуға елеулі қаражат бөлінуде.

Есептік жылы 2012 жылмен салыстырғанда нысаналы даму трансферттері  11,8% азайған, ал ағымдағы нысаналы трансферттер 64,6%-ға артқан, яғни 13 514,5  млн. теңгеден 22 247,5 млн.теңгеге.

2013 жылы  республикалық бюджеттен 76 044,0 млн.теңге трансферт түсті, оның ішінде ағымдағы – 22 247,5  млн. теңге, дамуға – 20 990,9 млн.теңге және субвенция – 32 805,6 млн.теңге.

Ағымдағы қаржылық жылы әрбір нақтылау мен түзету кезінде инвестициялық жобалардың қаржыландыруының өсуі орын алған. Сонымен, 2013 жылы «Қоршаған ортаны қорғау нысандарын дамыту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру көлемі 0,8 млн.теңгеге немесе  6,1%, «Газ көлігі жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша 197,0 млн.теңгеге немесе 7,5 %, «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламасы бойынша 151,6 млн.теңгеге немесе 41,7%, «Елді мекендерді газдандыру» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен 274,1 млн.теңгеге немесе 54,5% артқан.

«Елді мекендерді газдандыру» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттің есебінен жоспарланған 777,3 млн.теңгеден кассалық орындалуы 687,0 млн.теңгені немесе 88,4% құрады. Қаражат Шалқар ауданының Қотыртас селосы, Қобда ауданының Новоалексеевка селосы, Мұғалжар ауданының Бірлік селосы, Мәртөк ауданының Кеңсахара селосы, Байғанин ауданының Қарауылкелді с. Жүргізілетін газ құбырларының құрылысына және 8 объектілер бойынша ЖСҚ әзірлеуге жұмсалды. Қаражаттың игерілмеуі Қобда ауданының Новоалексеевка с. Жүргізілетін газ құбырлары құрылысының жобасы бойынша мемлекеттік сатып алулар конкурсының кеш өткізілуімен түсіндіріледі.

Жергілікті бюджет қаражатын және трансферттерді пайдаланудағы негізгі кемшілік олардың игерілмеуі болып табылады. Бұның себебі- нысаналы трансферттер көлемінің сапалы жоспарлануының жеткіліксіздігі, сонымен қатар жергілікті деңгейдегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершіліктерінің жоқтығы.

Есептік жылы 1 175,2 млн.теңге сомасында мемлекеттік қаржылық активтерді сатып алу қарастырылған және  толық игерілген, алайда аталған салымнан экономикалық серпім жоқ.

Жоғарыда аталғандарды түйіндей келе, кейбір жағдайларда аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бюджеттік қаражаттар өзінің түпкілікті нәтижесіне тиісті деңгейде жетпейтіндігін, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы бақылаудың әлсіздігі бюджеттік қаражаттардың тиімді қолдануына мүмкіндік туғызбайтындығын атап көрсетеміз.

ІІІ бөлім. Жекелеген бағыттар бойынша тиімділікті бақылау және жергілікті бюджеттің орындалуын бағалу

2013 жылы Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясымен 37 бақылау іс-шаралары жүргізілді, ондағы бақылау обьектілерінің саны 262 құрады.

2013 жылы бақылаумен қамтылған жалпы қаражат көлемі 96 749,7 млн.теңге (мемлекеттік мекемелерде 76 365,0 млн.теңге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 20 384,7 млн.теңге), анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 9 881,7 млн.теңге немесе бақылаумен қамтылған жалпы соманың 10,2% құрады. Жүргізілген бақылау іс-шаралары нәтижесі бойынша қалпына келтірілуге жататын сомасы 1 126,4 млн.теңгені құрады, оның 1 035,2 млн теңгесі қалпына келтірілді.

Бюджет қаражатын пайдаланылу кезіндегі бұзушылықтар сомасы 4 894,2 млн.теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша- 2 033,2 млн.теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша-16,0 млн.теңге, мемлекеттік активтерін пайдаланылуы кезіндегі бұзушылықтар-680,0 млн.теңге және өзге де бұзушылықтар-2 258,3 млн.теңгені құрады.

Бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша:

1) Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстарына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуының бақылау қортындысында қамтылған қаражат көлемі 358,2 млн. тенге, бұзушылықтардың жалпы сомасы  170,6 млн. тенге, қалпына келтіретіні 88,7 млн. тенге оның ішінде қалпына келтірілгені 83,2 млн. тенге.

Бақылау шаралары «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы», «Ақтөбе облысының білім басқармасы», «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы», «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемелері және ведомоствалық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер және ұйымдарында жүргізілген.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы  170,6 млн. тенгеге, оның ішінде, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу 23,5 млн. теңге және мемлекеттік активтерін пайдалану кезіндегі бұзушылықтар – 81,9 млн. теңге.

Негізгі бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, мемлекеттік сатып алу туралы, мемлекеттік мүлік туралы және басқада заңнамалар талаптарын дұрыс орындамау болып табылады.

Мемлекеттік мүлік туралы заңына қайшы, Білім басқармасына қарасты 17 кәсіпорындарда және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 2 мекемеде жалпы сомасы 81,9  млн. теңгеге алынған активтерге жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншікке бекіту туралы шешімі қабылданбаған.

Мемлекеттік сатып алу заңының талаптары сақталмағаны байқалады, атап айтқанда;

-Білім басқармасының комиссия мүшелерімен 2,9 млн. теңгенің мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға   «АйнЭД»  ЖШС-нің өтінімін қайтарып тастаған;

- Тамды    көмекші мектеп-интернатында 2   компьютер және бір автокөлік сатып алу кезінде, мемлекеттік сатып алуларға өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормалары қолданылмаған;

- «Есет-Батыр атындағы Ақтөбе облыстық әскери – полициялық мектеп интернаты» ММ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде 2,8  млн. теңгеге алынған бір текті тауарларды бір текті түрлері бойынша лоттарға бөлінбей шығарылған;

- «Ембі қызмет көрсету саласы колледжі» МКҚҚ-ның веб порталда орналасқан жылдық жоспарында 0,1 млн. теңгелік дыбыс зорайтқыш колонкасымен және 1,9 млн. теңгелік компютерлер жинағының фирмалық атаулары жазылған;

- «Тамды көмекші мектеп интернаты» ММ бойынша асхананың күрделі жөндеу жұмыстарына  Мердігерлік банктің кепілдігінсіз 7,5млн. теңгеге 30% алдын ала төлем аударған.

Бюджет кодексінің  және Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің талаптары сақталмағаны байқалады, оның ішінде:

-«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің 2012 жылы күрделі шығыстарға бөлінген қаржының стратегиялық жоспарға сәйкес бағыттары, мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген, үстеме бақылау барысында кейбір техника қолданусыз тұрғаны анықталды. Оның себебі, техника сатып алуға қаржы бөлінгенмен, оның құжаттарын рәсімдеуге, орнатуға және қосымша штат бекітуге қаржы бөлінбеген, сондықтан Ақтөбе және Қарабұтақ орман шаруашылықтарында жалпы сомасы 12,2  млн. теңге тұратын ағаш өңдейтін станогы және өрт сөндіру автокөлігі осы уақытқа дейін қолданусыз тұр.

Білім басқармасында Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 10 шілдедегі №240  «Техникалық және кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметін іске асырушы мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысының негізінде лицейлерді колледждерге қайта ұйымдастыру кезінде бұрын жүргізілген лицейде 139,411,431,452 ерекшелер бойынша барлығы 67,6 млн. теңге кассалық шығыстары 413,433 ерекшеліктеріне көшірілмеген;

-«М.Құсайнов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» ММ-де Бюджеттің атқарылуын және оған кассалық қызмет көрсету Ережесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің 26.02.2009ж № 220 қаулысының 18 тарауына қайшы Мекеме 2012 жылғы 20 қарашада №12-351 төлем құжатымен 0,5 млн. теңгелік қаржыны мердігердің есепшотына толығымен алдын-ала аударып жіберген.

Сонымен қатар, Білім басқармасына қарасты мекемелер және кәсіпорындармен келісім-шарттың талаптарын бұзғаны үшін жалпы сомасы 5,2 млн. теңге Мердігерлерден өсімпұл ретінде ұсталмаған, оның ішінде, «Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернаты» ММ-0,2  млн. теңге, «Шалқар аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК-4,9  млн. теңге, «Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты» ММ-0,01 млн. теңге, «М.Құсайнов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты» ММ-0,03 млн. теңге және «№7арнаулы (түзету) мектебі» ММ-0,02 млн. теңге және «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не қарасты Ойыл орман шаруашылығында-0,06 млн. теңге.

«Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты» ММ-де алынған негізгі құралдарын түгендеу барысында жалпы сомасы 0,02 млн. теңге тұратын 80 дана орындық жетіспейтіндігі анықталды.

«Тамды көмекші мектебі-интернаты» ММ бойынша келісім шартқа қайшы, 0,1 млн. теңгеге арзан автокөлік жеткізілген.

Бақылау барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамасын бұзғаны үшін Ақтөбе облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясымен «Ақтөбе сервис колледжі», «Әйтеке би көпсалалы колледжі» МКҚҚ-ның және Білім басқармасының лауазымды адамдарына айыппұл салынды.

«Тамды көмекші мектебі-интернаты» ММ-сі және «Ақтөбе облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты» ММ-сі бойынша Құқық қорғау мекемесіне материалдар жолданды.

2) "Адам репродукциясымен отбасын жоспарлау жөніндегі орталық" КМК жергілікті бюджетке түсетін мемлкеттік кәсіпорынның таза табысы бөлігінің толықтығы мен уақыттылығы және мемлекеттік активтерін пайдалануының ҚР заңнамасының сәйкестігіне тақырыптық бақылаумен анықталған бұзушылықтардың сомасы 0,2 млн.теңгені құрады.

3)Білім және ғылым ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру, техникалық және орта білім, ғылым дамуына бөлінген сыртқы қарыздар және республикалық бюджет қаражаттарының қолданылуына бақылау бойынша Есеп комитетімен жүргізілген қосарлас бақылаумен білім Басқармасында және 15 техникалық және кәсіби білім беретін мекемелерде 2170,4 млн.теңге қамтылды, ондағы бұзушылықтардың жалпы сомасы 144,1 млн.теңге, оның ішінде бюджет қаражатын пайдалану кезінде 40,2 млн.теңге, ондағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы және өзге де заңнаманы бұзу 13,5  млн.теңге, мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндеге 10,3 млн.теңге. Қалпына келтіріліуге жататын 113,1 млн.теңге толықтай қалпына келтірілді.

Жүргізілген бақылау нәтижесі бойынша:

Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарында зертханаларды, оқу-өндірістік шеберханаларды қайта жарақтандыру және жаңартуға бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша Ақтөбе облысының әкімдігімен және ҚР Білім жәнен ғылым министрлігі арасында 2011 және 2012 жылдарға жасалған Келісім шартқа сәйкес көрсеткіштер түпкілікті нәтижесіне жетпеген. 2011 жылы колледждерді құрал жабдықтармен қамту нақты 34% орнына 13,3%, 2012 жылы 45% орнына 26,7% құрады.

2011 және 2012 жылдары 034 «Техникалық және кәсіби білім беру оқу орындарында зертханаларды, оқу-өндірістік шеберханаларды қайта жарақтандыру және жаңарту» бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 6 оқу-өндірістік жарақтарын алуға 124,7 млн.теңге бөлінген

Алайда, 2 колледжде ғана ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыс жүргізілген, ал қалған 4 колледжге қалыптасқан күннен бастап күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сәйкесінше, бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен алдын ала зерделеусіз  бюджет қаражаттары, яғни күрделі жөндеу жұмыстарын талап етпейтін ғимараттарға берілген. Онда қалай, барлық техникалық және кәсіби білім беру колледждеріне күрделі жөндеу жұмыстары қажет етіледі.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының шеберлерін өндірістік оқытуды ұйымдастыруына белгіленген қосымша ақы нысаналы трансферттері бойынша Келісімшарттың тікелей және түпкілікті нәтижесіне бюджет қаражатының 3,1 млн.теңге сомасы игерілмеуіне байланысты қол жетпеген.

Сонымен қатар, «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында мамандарды дайындау» бағдарламасы бойынша көрсеткіштерде тікелей нәтижеге қол жетпеген, яғни мемлекеттік тапсырыс бойынша 7 745 адамының орнына нақты оқытылып жатқан 7 048 адамды құрады.

Қабылданған техникалық және кәсіби оқушылардың жастарын қамту бойынша көрсеткіштердің тікелей нәтижесіне қол жеткізілмеген.

Ұсынылған мәліметтер бойынша жалпы облыстың 41 колледжінің 21 оқу орыны типтік, 19 типтік емес және 1 оқу орыны ғимаратты жалға алып отыр.

Үстеме бақылаумен 15 колледж қамтылды. Бақылаумен қамтылған 15 колледждің 80-85% жоғарысы санитарлық норма талаптарына сәйкес келмейтіндерін материалдық-техникалық базыларының талдауы көрсетті.3 оқу орындарына күрделі жөндеу жұмыстары талап етіледі және «КұрылысИнжинирингАктобе» ЖШС жасалған келісімнің негізінде Ақтөбе сервис колледжі аппаттық жағдайда тұр.

Мемлекеттік кәсіпорынның жобалық қуаттылығымен салыстыру бойынша оқу орындарындағы студенттердің толықтыруына қамтылуына жүргізілген талдауда студенттердің орташа тығыздылық пайызы 34 тен 68% құрады.

Өз кезегінде, көлік және коммуникация және жаңа технологиялар, байланыс және электротехника, медициналық, гуманитарлық колледждерде студенттердің тығыздылығы жобалық қуаттылығынан екі есе асып отыр, яғни екі ауысымда оқыту жүргізіледі.

Білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны 17,5 бірлік басылымнан (507300 дана/28960 студент) келеді, бұл жалпы орта білімнің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына (білім алушылар контингентіне шаққанда бір білім алушыға толық оқу цикліне саны кемінде 25 бірлік басылымнан келетін оқу әдебиеті қорының болуы) сәйкес келмейді.

Барлық бақылаумен қамтылған колледждерде 2011-2012 жылдарға электрондық оқыту жүйесі енгізілмеген.

Ұсынылған мәліметтер бойынша жатахқанада орындармен қамтамасыз етілген студенттер 2987 бірлікті, жатахқанаға мұқтаж студенттер саны 953 бірлікті құрайды. 41 колледждің 19 колледжінде өз жатахқаналары жоқ.

Сонымен қатар, кейбір колледждердің соңғы курсындағы студенттер 2002-2004 жылдардағы мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша оқып жатыр.

Мамандандырылған колледждер бар болуы кезіндеде мемлекеттік тапсырыстың типтік емес колледжерде орналастырылу фактісі анықталған.

Көрсетілген мамандықтар бойынша типтік емес колледждерде білім алуы, бір жағынан материалдық базасының болмауы, оқытушылар құрамына сәйкес келмеуі тиісті әсер бермейді.

2013 жылдың басына 5 колледжде пайдаланылмаған 8,6 млн. теңге қаражат бақылау барысында бюджет кірісіне өндірілді.

4) «№ 1 Қалалық емханасын» МКК – бойынша Мемлекеттік активтерді қолданудың, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза табысының бюджетке толық және уақытылы аударуының және басқа да мәселелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне жүргізілген тақырыптық бақылау бойынша анықталған бұзушылықтар жалпы сомасы 68,0 млн.теңге, оның ішінде  67,8 млн.теңге мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар. Қалпына келтірілуге жататын 61,2 млн. теңге, толығымен қалпына келтірілді.

5) «№ 3 Қалалық емханасын» КМК –бойынша Мемлекеттік активтерді қолданудың, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның таза табысының бюджетке толық және уақытылы аударуының және басқа да мәселелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне жүргізілген тақырыптық бақылау бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 47,7 млн.теңге, оның ішінде  41,0 млн.теңге мемлекеттік активтерді пайдалану кезіндегі бұзушылықтар. Қалпына келтірілуге жататын 46,1 млн. теңге, толығымен қалпына келтірілді.

6) «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ-нің стратегиялық жоспарының орындалуына бағалаудың нәтижесімен келесідей заңнама бұзушылықтары анықталды:

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 62 бабы 5,7 тармақтарына қайшы, мекеменің стратегиялық жоспарының 4 рет өзгертулері мен толықтырулары тиісті салалық мемлекеттік органдармен келісілмеген;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына қайшы, Келісімнің 1-қосымшасында көрсетілген нысаналы трансферттер сомаларының айлар бойынша бөлуі түзетілгенде өзгерістер жасалынбаған.

«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ-нің стратегиялық жоспарының орындалуына бағалаудың нәтижесімен келесідей заңнама бұзушылықтары анықталды:

-   Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 62 бабы 7 тармағына қайшы, мекеменің стратегиялық жоспарының 4 рет өзгертулері мен толықтырулары тиісті салалық мемлекеттік органдармен келісілмеген;

-  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына қайшы, басқарманың өз ережесінде қарастырылған кейбір негізгі міндеттері Стратегиялық жоспарда көрсетілмеген;

-  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына  қайшы, 101,6 млн. теңгелік трансферттер мерзімнен кешіктіріліп аударылған;

-  Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің талаптарына және ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы №233 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» бұйрығына қайшы, әкімшілерге 2012 жылға бюджет 22,0 млн.теңге артық жоспарланған.

7) «№2 Қалалық емханасы» КМК –бойынша Мемлекеттік тапсырысқа бөлінген қаржының жұмсалуына Қазақстан Республикасы бюджет және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкестігіне және қаржылық есептілікті жасауының анықтығын, уақтылығын бағалауға жүргізілген кешенді бақылау барысында қамтылған жалпы қаражат көлемі  1042,5 млн теңге, анықталған бұзушылықтар 6,4 млн.теңге, қалпына келтіретіні 2,5 млн. тенге, толығымен қалпына келтірілді.

8)  Ақтөбе облысының мәдениет басқармасына бөлінген қаражаттардың қолданылуына, сонымен қатар стратегиялық жоспарын бағалауға бақылау  бойынша 4 қарама қарсы бақылау жүргізілді. Бақылаумен қамтылған жалпы қаражат сомасы 481,8 млн.теңге, бақылаумен анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 94,3 млн.теңгені, оның қалпына келтірілетіні 9,1 млн.теңгені құрады.

Негізгі бұзушылықтардың негізінен іс-сапар шығындарының дұрыс есептелмей төленуі, үстеме ақының артық аударылуы, мемлекеттік сатып алу туралы, бюджеттік және басқада заңнамалардың сақталмауы болып табылады.

ҚР бюджет кодексіне қайшы, Басқарманың Стратегиялық жоспарына енгізілген өзгерістер мен қосымшаларға байланысты орталық салалы органмен келісім ұсынылған жоқ.

Облыстың коммуналдық меншігіне 7,1 млн. теңгені балансқа қабылдау туралы облыстың жергілікті атқарушы органыны шешімінің жоқ болуы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.01.2008 жылғы №27 «Тұрғындар үшін театр, концерттік және мәдени-демалыс іс-шараларына қол жетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы» Қаулысына қайшы, субсидия көлемі 80%-дан асып жалпы сомасы 4,7 млн.теңгеге артық төлеуі және 2008 жылғы 19 қаңтардағы №31 «Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы» Қаулысына қайшы, субсидия көлемі 80% асып жалпы сомасы 5,3 млн.теңгеге артық төлеуі.

Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің қазынашылық департаменті директорының 27.01.1998 жылғы №30 «мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Бұйрығына қайшы, С.Баишев атындағы кітапханасында және Өлкетану музейінің бухгалтерлік есебінде дұрыс емес және толық емес ақпарат, ондағы нақты шығындар дұрыс көрсетілмеген.

Анықталған бұзушылықтардың нәтижесінде «Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі» ММ бас есепшісі 100 АЕК әкімшілік тәртіптік жазаға тартылды.

9) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құрылымдардың әскери қызметке шақыру және өтуін ұйымдастыруға жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражаттардың тиімділігіне 18 нысанда тақырыптық бақылау жүргізілді. Бақылаудың нәтижесімен жалпы сомасы 2,7 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің басқа да әскерлері мен әскери құрылымдардың әскери қызметке шақыру және өтуін ұйымдастыруға бөлінген қаражаттарды бақылаудың нәтижесімен келесідей заңнама бұзушылықтары анықталды:

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі  «Мемлекеттік сатып алу туралы» №303 Заңына қайшы, жалпы сомасы 2,3 млн.теңге;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» № 141 бұйрығына қайшы, жалпы сомасы 0,2 млн.теңге;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы» N 30 бұйрығына қайшы, жалпы сомасы 0,06 млн.теңге, соның ішінде:

Қарғалы, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар Темір және Ойыл аудандарының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы №97 Бұйрығының талаптарына мектеп жабдықтары (противогаздар,қарулар үлгісі және басқа да құрал-жабдықтар)сәйкес келмейді.

Сонымен қатар, Қарғалы аудандық  білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» №303 Заңының 30 бабы 2 тармағына қайшы,  2011-2012 жылдары жалпы сомасы 0,1 млн.теңгеге біртекті болып табылмайтын тауарларды лоттарға бөлмей жариялаған.

Анықталған бұзушылықтардың нәтижесінде «Темір ауданы әкімі аппараты» ММ әкімшілік-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі 100 АЕК әкімшілік тәртіптік жазаға тартылды.

10) Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасына республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің қолданылуына бақылау  бойынша 6 бақылау шарасы, 24 үстеме бақылау жүргізілді. Бақылаумен қамтылған жалпы қаражат сомасы 5 123,9 млн.теңге, бақылаумен анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 265,2 млн.теңгені, оның қалпына келтірілетіні және келтірілгені 26,7 млн.теңгені құрады.

035 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру» бағдарламасы бойынша мезгіл аралығында бағалардың тұрақсыздығын реттеу мақсатында азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын құру үшін  субсидия бөлу жүргізілген.

«Ақтөбе» Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорация Ұлттық Компания» АҚ-мен 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестікте индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытуға заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын ұлғайту бөлінген қаражатының тиімді пайдалануының мәселесі бойынша үстеме бақылау жүргізілді.

Бақылау барысында анықталған негізгі бұзушылықтар:

- бухгалтерлік есеп мәліметі бойынша картоп өнімінің жетіспеушілігі 4,1 млн.теңгені құрады;

- Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220 «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының 24 бабы, 2 тармағына қайшы, жалпы жиналыстың хаттамасына белгіленген мерзімде жарғылық капиталға кейбір  қатысушылармен салым енгізілмеген. Жарғылық капитал толық көлемде қалыптаспаған.

- жалға беру келісім шартының тармағына сәйкес бақылаумен әрбір кешіктірілген күндер үшін есептелген айыппұл 0,1 млн.теңгені құрады;

- 2010-2013 жылдары Қоғаммен 338,9 млн.теңге болатын техниканы лизингке алынған, өтеу кестесіне сәйкес 125,7 млн.теңге аударылған, 39,1 млн.теңге өтелген және бақылау барысында кешіктірілген күндері үшін бережақ 86,4 млн.теңгені құраған, лизинг келісім шартына сәйкес Қоғаммен 54,1 млн.теңге сомасына айыппұл есептелмеген.

11) Ақтөбе облысының тілдерді дамыту мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту және қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған»  мемлекеттік бағдарламасына және мемлекеттік мекеменің стратегиялық жоспарының орындалуына, сонымен қатар мекемеге бөлінген қаражаттың жұмсалуының заңдылығына кешенді бақылау жүргізілді. Бақылау барысында қамтылған жалпы қаражат көлемі 132,2 млн. теңге, бұзушылықтардың жалпы сомасы  9,9 млн. теңге оның ішінде қалпына келтірілгені 0,7 млн. теңге, барлығы қалпына келтірілді.

Тексеру барысында анықталған негізгі бұзушылықтар:

-  Қазақстан Республикасы үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу» 8 тармағына қайшы 0,1 млн.теңгелік материалдық көмек көрсетілген.

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті Депутаттарының Қазақстан Республикасының ішіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» қаулысына қайшы 2012 жылы басқарманың 2 қызметкеріне жалмы сомасы 0,007 млн. теңге артық төленген.

- ҚР Қаржы министірінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 «Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және ағымдағы шотындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы» бұйрығының 1 бөлімінің 5 нүктемесіне сәйкес кассадағы ақшалай қалдық 0,4 млн.теңге мекеменің корпоративтік төлем карточкасына қайтарылды.

- «Ақтөбе облысының әкімшілігінің шаруашылық басқармасы» ЖШС- мен жалпы сомасы 3,8 млн.теңгеге жалпы көлемі 221 шаршы метрлік ғимаратты ұстауға №5 келісім шарт жасау барысында ҚР «Мемлекеттік сатып алу» туралы 21 июль 2007 жылғы №303-III Заңының 32 бабының 1 нүктемесін негізсіз қолданған.

-  «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқада тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша 19.01.2012ж жасалған келісім шарт талабының 3.2 бабына қайшы, мемлекеттік тапсырыс   0,3 млн. теңгеге кем орындалған.

- ҚР Үкіметінің  № 1400 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 19 қосымша 10 тармағына қайшы 0,11 млн. теңге қосымша ақы төленген.

12) «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ-де  «Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына жүргізілген тақырыптық бақылау барысында қамтылған жалпы қаражат көлемі  549,9 млн теңге, бұзушылықтардың жалпы сомасы  14,8 млн. теңге оның ішінде қалпына келтірілетіні және келтірілгені 9,4 млн. теңге. Бақылау барысында 3 үстеме бақылау жіргізілді.

13) Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасына бөлінген қаражаттардың пайдаланылуын бақылау, оның ішінде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бағалау және стратегиялық жоспарларын бағалаумен қамтылған қаражат көлемі- 37 787,6 млн теңге, жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы-112,2 млн теңгені құрады, қалпына келтірілетіні-0,7 млн теңге толықтай қалпына келтірілді.

Аталған бақылау бойынша 15 бақылау объектісі қамтылған.

Бақылау шаралары бойынша қорытындылар:

Тегін медициналық көмек көрсету мақсатында Денсаулық сақтау Басқармасымен емделген және келіп жүрген емделушілер бойынша тариф бекітілген. Бұл тарифтер бекітілген тұрғындардың саны мен аталған қызметтерді көрсетуге кеткен нақты шығындардан емес, денсаулық сақтау объектілерін қамтамасыз ету үшін кеткен шығындарға сүйене отырып жасалған.Денсаулық сақтау мекемелеріне қарасты ұйымдарда бақылау шараларын жүргізуде мына айғақтар белгілі болды, ем қабылдауға келушілер мен емделген науқастардың нақты саны қабылданған шартты міндеттемелерден бірнеше есе көп екені анықталды. Осыған байланысты, тұрғындарға тегін медициналық көмекті кепілді көлемде көрсетуге қаржының жетіспеушілігі пайда болады және денсаулық сақтау объектілерін дебиторлық бережақтарға әкеліп соқтырады.

Жоғарыда көрсетілген дәлелдер индексацияның төменгі деңгейінде сметалық қаржыландырудың біраз қаржылық жетіспеушілікке әкеліп соқтыратынын көрсетеді. Бюджеттік қаржыландырудың мөлшері мемлекетімізбен кепілденген медициналық қызметтерді ресурстық қамтамасыз ету қажеттілігіне сәйкес келмейді. Денсаулық сақтау мекемелеріне қарасты мекемелерде тексеру шараларын жүргізу барысында емделеген науқастардың саны қабылданған шартты міндеттемелерден көп  екені анықталған. Талдау жүргізе келе, нақты қорытындыны бюджеттердің жоспарлы мәліметтерімен салыстырғанда, денсаулық сақтау саласындағы салымдар әлі де «қалдық қағидат» ұстап келе жатқанын байқалады.

Тегін медициналық көмекті кепілдеме көлемде жүргізетін мекемелердің шығындырын қайтару бекітілген бюджет қаржылары шегінде тариф бойынша қайтарылады. Бюджет ассигнациясын жоспарлау индексация әдісі бойынша жүргізіледі, яғни, ағымдағы бекітілген бюджет қаржыларының көлемінің инфляция деңгейіне индексация жолымен бюджет қаражаттарының есебі қолданылады. Сонымен, қаржылық қаражат тапшылығы (дефицит) пайда болады.

«МЕДИНФОРМ» ЖШС-нің ақпараты бойынша медициналық құралдармен жабдықтандыру 2013 жылдың 6 айына Ақтөбе облысы бойынша жабдықтандыру 76,68% кұрады. Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлерімен денсаулық сақтау басқармасының 14 мекемеге қарасты мекемелерін ішінара тексеру кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің 2010 жылғы 27 қазан №850 «Ең аз өлшеуіштердегі (мөлшерлердегі) мемлекеттік денсаулық сақтау  ұйымдарына арналған медициналық өнімдер және медициналық техникалармен жабдықтауды бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы бойынша денсаулық сақтау объектілерін жабдықтау орташа есеппен 65%-дан аспайды. Осының бәрі медициналық қызмет көрсетудің сапасына кері әсерін тигізеді және тегін медициналық қызметті кепілдеме көлемінде көрсету мемлекеттік бағдарламасын тиімсіз жүзеге асыруға алып келеді.

Денсаулық сақтау Басқармасымен бухгалтерлік есеп және есептілікті жүргізуде жарытымсыз жұмыс жүргізілгені анықталды, мемлекеттік сатып алу заңдарының міндеттемелерін орындауда, бюджеттік заңдылықтар, мемлекеттік мүлік туралы заңдылықтарды орындауда, мекемеге қарасты ұйымдардың басшыларын аттестациялау ережелерінің бұзушылықтары анықталған.

Анықталған бұзушылықтардың нәтижесінде «Облыстық қан орталығы» КМК, «Мәртөк аудандық орталық ауруханасы» КМК «Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансер» МКҚК  бас дәрігерлері және «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары 30 АЕК әкімшілік тәртіптік жазаға тартылды.

14) «Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК-да мемлекеттік тапсырыс бойынша бөлінген және кәсіпорынмен көрсетілген қызметтен түскен қаражаттардың қолдануының, мемлекеттік активтерінің пайдалануының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне кешенді бақылаумен    қамтылған қаражат көлемі 600,3 млн.теңге. Бақылаудың нәтижесі бойынша жалпы сомасы 6,7 млн.теңге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде, мемлекеттік сатып алу туралы заңдылықтары бойынша  сомасы 5,7 млн.теңге, өзге де бұзушылықтар 1,0 млн.теңгені құрады. Қалпына келтірілетіні 0,08 млн.теңге.

15) «Ембі қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-де бюджет қаражатын пайдалануының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бағалауға және сәйкестікке және қаржылық есептілікке кешенді бақылаумен  қамтылған қаражат көлемі 110,1 млн.теңге.

Бақылаудың нәтижесі бойынша жалпы сомасы 14,2 млн.теңге бұзушылықтар анықталды. Қалпына келтірілетіні 4,8 млн.теңге, оның ішінде, қалпына келтірілгені 4,6 млн.теңге. Құқық қорғау мекемесіне материалдар жолданды.

16)   «Ақтөбе-Агросервис» ЖШС-де мемлект активтерін пайдалануына және бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақыттылығына жүргізілген тақырыптық бақылаумен қамтылған қаражат көлемі-176,7 млн.теңге, жалпы анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы-2,1 млн теңгені құрады, қалпына келтірілетіні-0,5 млн теңге.

Бақылау шараларын жүргізуде анықталған бұзушылықтар:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды,акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қаулысының 1 тармағы 3 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы №663 «ҚР мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» және ҚР Ақтөбе облысы әкімдігінің 2011 жылғы 3 мамырдағы №153 «Жергілікті атқарушы органдардың транспорттық қызмет көрсетудің кейбір сұрақтары туралы» қаулысының 1 тармағы 1 тармақшасына қайшы, белгіленген лимиттен артық жүрілгені анықталды, бақылаумен қамтылған кезеңге барлығы 78048 км немесе 10847 литр жұмсалып, жалпы сомасы 1,1 млн.теңге артық шығындалған.

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды,акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қаулысының 1 тармағы 3 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22қыркүйектегі №1428 «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ ҚР Парламенті Депутаттарының ҚР шегіндегі қызметтік іс-сапарлары туралы ережені беіту туралы» қаулысының 9 тармағы 1тармақшасына қайшы, барлығы бақылау кезеңінде артық есептелінген тәуліктік ақы 0,8 млн.теңгені құрады.

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы №145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды,акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қаулысының 1 тармағы 5 тармақшасына қайшы, 0,1 млн.теңгеге басқару органның келісімінсіз шетелге іс сапарға шыққан.

17) «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануының тиімділігін бақылау және 2011-2015 жылдарға стратегиялық жоспарының іске асырылуын бағалаумен жалпы сомасы 34,2 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталған, оның ішінде қалпына келтіруге (өндірілуге) жататын  жалпы сома 4,5 млн.теңге,оның 4,2 млн.теңгесі қалпына келтірілді.

Бақылау барысында басқармада тиісті нысандар мен негіздейтін құжаттар ұсынылмай бюджеттік өтінім жасалынған, 0,1 млн.теңге сомасына еңбек демалыс ақысы артық төленген, 0,02 млн.теңге сомасына негізсіз сыйақы төленген, 0,2 млн.теңге сомасына дебиторлық және кредиторлық бережақ мәліметтерінің бұрмалану фактілері анықталған. Мемлекеттік сатып алу жоспарында қарастырылмаған 0,5 млн.теңге сомасына банктік қызметтер сатып алынған, сонымен қатар осы қызметтер веб-порталда орналастырылмаған.

Ішінара ведомостваға бағынысты 6 мекемеде бақылау шаралары жүргізілді, нәтижесінде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде талаптарының бұзушылықтары:

-жалпы сомасы 23,2 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша заңнамасының;

-жалпы сомасы 4,2 млн.теңгеге мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесінің;

-жалпы сомасы 3,3 млн.теңгеге мемлекеттік мүлік туралы заңнамасының.

Лауазымды 4 тұлғаға қатысты тәртіптік және әкімшілік шаралар қабылданды, оның ішінде «Теннис бойынша облыстық балалар жасөспірімдер спорт мектебі» ММ басшысы мен бас есепшісіне 100 АЕК                  әкімшілік айыппұл салынды.

18) «Ақтөбе облысы бойынша жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ «Көлік инфрақұрылымын дамыту», «Көлік инфрақұрылымын дамытуға аудандар (облыстық маңызы бар қалалар)», «Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламалары бойынша бөлінген қаражаттардың жұмсалуына 5 нысан байынша таырыптық бақылау жүргізілді.

«Ақтөбе облысы бойынша жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ,  «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қоммуналдық-шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Әйтекеби аудандық тұрғын үй қоммуналдық-шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, «Мұғалжар аудандық тұрғын үй қоммуналдық-шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ және «Алға қалалық округі» ММ бақылау қортындысында қамтылған қаражат көлемі 3424,1 млн. тенге, бұзушылықтардың жалпы сомасы  608,4 млн. теңге, оның ішінде 506,8 млн. теңге Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, 101,6 млн. теңге Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалар талаптарын дұрыс орындамау болып табылады. Қалпына келтіретіні 15,2 млн. тенге оның ішінде қалпына келтірілгені 2,8 млн. тенге.

19) «Ақтөбе облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ,   «Үлкен борсық орман шаруашылығы» ММ, «Мәртөк орман шаруашылығы» ММ, «Ойыл орман шаруашылығы» ММ, «Қарабұтақ орман шаруашылығы» ММ-де бақылау 005 «Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру», 006 «Жануарлар дүниесін қорғау», 008 «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар» бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану процесіне, есеп пен есептілікке, мемлекеттік сатып алу жүргізудің рәсімдеріне жүргізілген тақырыптық бақылаумен қамтылған қаражат көлемі 1403,8 млн.теңге, бұзушылықтардың жалпы сомасы  347,8 млн. тенге, қалпына келтіретіні 0,5 млн. теңге толығымен қалпына келтірілді. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 347,8 млн. теңгені құрады, соның ішінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңнама бұзушылығы 56,1 млн. теңге, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңнама бұзушылығы 7,8 млн. теңге, Орман кодексі 246,9 млн. теңге, Су кодексі 37,0 млн. теңге.

Анықталған бақылау іс-шарасы бойынша «Ұлы Борсық орман шаруашылығы» ММ басшысы мен бас есепшісі 100 АЕК әкімшілік тәртіптік жазаға тартылды.

«Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау Инспекциясы» ММ-нің 2013 жылға облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ұсынылған ақпараты бойынша 78 бақылау нысаны қамтылған.

Бақылаумен қамтылған жалпы қаражат көлемі  52 925,0 млн.теңге, анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 3 497,9  млн.теңге немесе бақылаумен қамтылған жалпы соманың 6,6 % құрайды. Жүргізілген бақылау іс-шаралары нәтижесі бойынша қалпына келтірілуге жататын сомасы  374,0 млн.теңгені құрады, ол соманың 365,5 млн. теңгесі қалпына келтірілді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша тәртіптік жазаға-66 адам, әкімшілік жазаға-8 адам тартылған.

IV. БӨЛІМ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

4.1. ТҰЖЫРЫМДАР

2013 жылға аудан бюджетінің негізгі параметрлері нақтылау мен түзетулер есебімен негізінен орындалған.

Аудан бюджеті параметрлерін нақтылау мен түзетуге қарамастан, шығыстар бөлігінің 226,0 млн.теңгеге орындалмаған.

Жергілікті бюджет қаражатын және трансферттерді қолданудағы негізгі жетіспеушілік, яғни олардың игерілмеулерінің себебі, жергілікті бюджет шығындарының және нысаналы трансферттердің көлемін сапалы жоспарлаудың жеткіліксіздігі, сонымен қатар жергілікті деңгейдегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершіліктерінің жоқтығы.

Заңды тұлғалардың қаржылық-шаруашылық қызметтеріне бақылаудың жоқтығы, мемлекеттік активтермен мүліктердің жылжуы мемлекеттік мүліктерді басқару кезінде әкімшілік және басқарушылық шешімдерді уақытылы қабылдауына кедергі келтіру.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бағыныстағы заңды тұлғалардың басшылары жағынан бюджет қаражатын жоспарлауда және пайдалану кезінде тиісті бақылаудың болмауынан бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзылуына алып келеді.

4.2. ҰСЫНЫСТАР

Бюджетті жоспарлау мен орындалуына, қаржылық бұзушылықтардың қысқаруына жауапкершілікті жоғарылату мақсатында:

әлеуметтік-экономикалық болжамды қалыптастырғанда экономика дамуының ішкі факторларын есептегенде нақты макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану, сәйкесінше бюджетті жоспарлау аталған болжамдық көрсеткіштерде, базалық шығындарда, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалауға негізделген болуы тиіс;

олардың іске асырылу мерзімдері мен игеру бойынша нормативтік мүмкіндіктер есебімен, нақты қажеттілікке сай, дәлелдейтін материалдармен, есептеулердің сапалы ұсынуы бойынша инвестициялық жобаларға көлемдерді қарастырғанда бағдарламалар әкімгерлерінің жауапкершілігін жоғарылату;

ақырғы нәтижелерге қол жеткізу үшін әкімшілік және басқарушылық шешімдерді оперативті қабылдау мақсатында даму бағдарламасын жүзеге асыруға мониторингтің анық жүйесін енгізу;

бюджеттік жүйенің маңызды сұрақтары мен нормативтік актілерді, қаржылық есептің халықаралық стандарттарына көшу жөніндегі білімдерін ведомстволық бағыныстағы бюджеттік мекемелердің қаржылық жұмыскерлерінің (азаматтық қызметкерлер) біліктіліктерін жоғарылатуды ұйымдастыру сұрақтарын жетілдіру;

мемлекеттік органдар үшін мақсаттық индикаторларды анық белгілеу, мемлекеттік қызметкерлердің оңтайлы штаттың болуын қамтамасыз ету және қол жеткізген көрсеткіштер мен нәтижелер негізінде мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру механизмін қарастыру.