Бүгін: 21.09.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

Ақтөбе облысы бойынша

тексеру комиссиясы төрағасының

20__ жылғы «__» ______ № __ НҚ

бұйрығымен бекітілді

 

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020-2025 жылдарға арналған ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ

 

 

Құрылым

 

 

Кіріспе

3

I

Қызметтің негіздері

3

II

Пайымы, Миссиясы және Мақсаты

5

III

 IV

Ағымдағы жағдайды бағалау

IV Тексеру комиссиясының 2016-2020 жылдарға арналған      персперспективалық даму бағыттары      

6

10

 

1.Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды енгізу және дамыту

Құқықтық қызмет

Аудиторлық қызмет және қаржылық бақылау

Сараптамалы-талдамалық қызмет

Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуын мониторингілеу

Сапаны бақылау

Адами капиталды басқару

Ақпараттық жүйені дамыту

10

 10

11

12

12

 13

13

13

 

2. Тексеру комиссиясының мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен өзара іс-қимылы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен, мәслихаттар мен құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы

Жұртшылықпен өзара іс-қимылы

Қорытынды

 

14

14

15

15

 

V

Перспективалық жоспарды іске асыру жөніндегі   іс-шаралар жоспары

16

 

КІРІСПЕ

Тексеру комиссиясының қызметін тиімді ұйымдастыру және елімізде жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар жағдайында оның қарышты дамуы ұзақ мерзімді мақсаттарды және стратегиялық бағыттарды дұрыс айқындауға байланысты.

Перспективалық жоспарлауды енгізу Тексеру комиссиясының жүктелген функцияларын жұртшылыққа барынша тиімділікпен және ашықтықпен іске асыру қажеттілігінен туындайды.

Перспективалық жоспарлау қазіргі кезеңінде жаңа бюджеттік саясат және Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамаларына сәйкес мемлекеттік аудитке өтуді, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңына (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) сәйкес одан әрі дамуын қамтамасыз ету тиіс.

Осы Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясы қызметінің бес жылға арналған негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайды.

 

  1. ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗДЕРІ

Тексеру комиссиясы сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органы болып табылады.

Мемлекеттік аудит туралы заңның 13-бабымен тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Тексеру комиссиясының құзыреті анықталған, соның аясында функциялары мен өкілеттіктері белгіленген:

  1. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мыналардың:

1) өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлаудың және атқарудың;

2) байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;

3) жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсерінің;

4) тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуының;

5) жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асырылу тиімділігінің; 

6) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) жергілікті қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алғанда, баға белгілеудің;

7) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;

8) салықтық әкімшілендірудің;

9) шарттардың; 

10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы;

11) ақпараттық технологиялар саласындағы;

12) мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділік аудитін жүзеге асырады.      

  1. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде мыналарға:      

1) мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;      

2) жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;      

3) жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына;      

4) жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға;      

5) жергілікті бюджеттен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бөлінген қаражатты қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкестігі бойынша пайдалануына сәйкестік аудитін жүзеге асырады.    

  1. Тексеру комиссиясы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне аудит жүргізеді.
  2. Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы:

1) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді;

2) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымдары адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды; 

3) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді; 

4) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолданады; 

5) лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;

6) құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, өз қызметі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады.

 

  1. ПАЙЫМЫ, МИССИЯСЫ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ

Әлемдік қауымдастыққа кезең-кезеңімен ықпалдасу жағдайында мемлекеттік басқару органдарының бәсекеге қабілеттігін арттыру қажеттілігі туындауда. Осыған байланысты бюджет қаражатын неғұрлым тиімді басқару және қаржылық пен атқарушылық тәртіпті күшейту талап етіледі.

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын қабылдау, нәтижелерге бағдарланған бюджеттеуді енгізу және мемлекеттік органдардың қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына өтуі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіруді талап етеді.

Мемлекеттік аудитті енгізуге негізгі бағыттар мен тәсілдер және мемлекеттік қаржылық бақылауды одан әрі дамытуды Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасында айқындап берді.

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін басқарудың және пайдаланудың ұтымдылығын бағалау, тексеру және талдау жөніндегі тиімді қызметі, қаржылық тәртіпті арттыру жөнінде әрекетті ұсыныстарды уақтылы әзірлеу ерекше маңызға ие болуда.

Тексеру комиссиясының пайымы – мемлекеттік аудит объектілерінің қаржылық сауаттылығын арттыру.

Тексеру комиссиясының миссиясы Ақтөбе облысының аумағында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және қаржылық тәртіпті нығайту мақсатында, жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару және пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады.

Тексеру комиссиясының мақсаты – бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Тексеру комиссиясының міндеттері:

1) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуына жергiлiктi деңгейде сыртқы мемлекеттiк аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасы және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы, бюджет қаражатының, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерiнiң пайдаланылуы саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi талаптарының сақталуын бақылау;

3) жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттiк бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау.

 

III. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ

    Бюджет қаражатын пайдалану кезінде қаржылық тәртіпті қамтамасыз етудің құралы таяу уақытқа дейін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті, оның аумақтық органдары – Қаржылық бақылау инспекциялары, мәслихаттар жанындағы тексеру комиссиялары, ішкі бақылау қызметтері болып табылған.

          Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің тиімділігін арттырудағы маңызды кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» №67 Жарлығын қабылдау болды, ол бойынша жергілікті деңгейде жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану тиімділігін бағалауды беруге қабілетті кәсіби кадрлармен жасақталған мемлекеттік мекемелер – тексеру комиссиялар құрылған. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын жетілдірудің дәйекті жалғасы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілерін қабылдау болды.

         Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде Тексеру комиссияларының рөлі мен орны 2013 жылы Қазақстан Республикасында Мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасымен айқындалған.

Тексеру комиссиялары бүгінде – жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп-қорытындыны ұсыну арқылы мәслихаттарға есеп беруге міндетті тәуелсіз, дербес сыртқы мемлекеттік аудит органдары.

Құқықтық қызмет

Мемлекеттік аудитті жетілдіру шеңберінде Тексеру комиссиясының қолданыстағы құжаттарын өзгерту, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердегі тиісті жұмысты үйлестіру қажеттігі туындайды.

Аудиторлық қызмет

Тексеру комиссиясының аудиторлық қызметі оның түйінді функцияларының бірі ретінде жоспарлау кезеңінен бастап, мемлекеттік аудит қорытындысын шығаруға және Тексеру комиссиясы қабылдаған шешімдердің орындалуын мониторингілеуге дейін жүйеленген және регламенттелген.

Аудиторлық қызметті жоспарлау және жүзеге асыру Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу қағидасымен және жоспарлау кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың Үлгі жүйесімен регламенттеледі.

Қаржылық бақылау мемлекеттік аудит туралы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

 

Сараптамалы-талдамалық қызмет

 

Тексеру комиссияларының құрылған сәтінен бастап, Тексеру комиссиясының сараптамалы-талдамалық қызметі мемлекеттік аудит (бақылау) барысында бюджеттің атқарылуының нақты көрсеткіштерінің бюджет туралы тиісті заңмен (мәслихат шешімдерімен) бекітілген көрсеткіштерге сәйкестігін анықтау үшін, есепті қаржы жылында бюджет (мәслихат шешімдері) туралы  заңның орындалуын, бюджет көрсеткіштерінің толық және уақтылы орындалуын, бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептерді, бюджеттің атқарылуының заңдылығын белгілеу мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есебін, бюджеттік қаражатты, мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін, есептілігін және есепке алынуының дұрыстығын кезекті бағалау түрінде жүзеге асырылады.

Кезекті бағалауды жүргізу қорытындылары бойынша облыстың, қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органдарының есептеріне тиісті бюджеттің атқарылуы туралы тұжырымдар әзірленеді.

Мемлекеттік аудитке өту бойынша заңнамалық және нормативтік базаның қабылдануымен Тексеру комиссиясының сараптамалы-талдамалық қызметінің маңызы арта түсті.

Тексеру комиссиясы Мемлекеттік аудит туралы заңға сәйкес, мәслихаттар мен әкімдер үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы оперативті ақпарат жасау мақсатында, ағымдағы бағалау жүргізеді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің  қаржылық есептілік аудитін жүргізу күтілуде.

Тексеру комиссиясына талдамалық құраушы қызметін күшейту бөлігінде қойылған міндеттер озық тәжірибені терең зерделеуді, тиісті рәсімдік стандарттардың талаптарын қатаң сақтауды, аудиторлардың кәсіби деңгейін үздіксіз арттыруды талап етеді.

 

Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуын мониторингілеу

 

Жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы қаулылар (нұсқамалар) түрінде ұйымдарға және лауазымды тұлғаларға қатысты және олардың орындауы үшін міндетті шешімдерді қабылдайды.

Аудит объектілеріне, жергілікті өкілдік және атқарушы органдарға қызметтегі аяғына дейін атқарылмаған істерді жоюға, нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге бағытталған ұсынымдар әзірленеді.

Олардың орындалысы тұрақты мониторингілеуде және бақылауда. Тексеру комиссиясының шешімдерінің орындалу деңгейі: ұсынымдар - 100%-ды, тапсырмалар – 97,1%-ды құрады.

Тексеру комиссиясының қызмет еткен 5 жыл ішінде (2015-2019 жылдар) 20,5 млрд. теңге қайтарылды (өндірілді).

Ұсынымдардың орындалуы аудит объектілері қызметінің жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін қалыптастыру және пайдалану саласында жетілдірілуіне себептеседі.

Сапаны бақылау

Аудиторлық іс-шаралардың және тұтас алғанда, Тексеру комиссиясы қызметінің сапасын арттыру мақсатымен сапаны бақылау бөлімі құрылған.

Сапаны бақылауды жүзеге асырудың принциптері болып тәуелсіздік, объективтілік, ашықтық, құзыреттілік және анықтық белгіленді.

Сапа бақылауы өз қызметі барысында мемлекеттік аудиторлармен жасалатын құжаттардың мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан тұрақты түрде тексерулер жүргізу арқылы ұйымдастырылған.

Сапаны бақылауды жүргізуге осы мемлекеттік аудитке және (немесе) сараптамалық-талдау іс-шарасына қатыспаған, мемлекеттік аудитке тәуелсіз баға беретін сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудиторлары тартылуы мүмкін.

Сапаны бақылаудың қорытындысы бойынша ұсынымдарды іске асырудың нәтижесі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының бұзушылықтарына Тексеру комиссиясы қызметкерлері жол берген фактілерін дәйекті түрде төмендету болуы тиіс.

Адами капиталды басқару

Тексеру комиссиясының кадрлар құрамы экономиканың түрлі салаларының білікті мамандарынан жасақталған, соның үштен екі бөлігі – сертификатталған мемлекеттік аудиторлар.

Қаржылық бақылауды реформалау, мемлекеттік аудитті енгізу, Тексеру комиссиясының аудиторлық қызметінің талдамалық құраушысының өсуі мамандардың біліктілігін арттыру, олармен тәжірибелік дағдылардың атқарылуы және тәжірибе алмасуы, сонымен қатар жаңа жоғары кәсіби кадрларды таңдау бойынша жүйелік жұмысты талап етеді.

Ақпараттық жүйені дамыту

Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде басқарушылық процестерді оңтайландыру, адами ресурстарды ұтымды бөлу мақсатында Тексеру комиссиясының қызметін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудиторлық іс – шаралар процесінде  «Бірыңғай дерекқор» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі-АЖ) белсенді пайдаланылады.

Мемлекеттік аудитке көшу жағдайында АЖ-дың маңыздылығы бірнеше есе ұлғаяды. АЖ мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері, аудиторлық және сараптамалы-талдамалық қызмет нәтижелері бойынша бірыңғай ақпараттық деректер базасын шоғырландыра отырып, толыққанды ақпараттық кешен болуы, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ақпараттық жүйесімен ықпалдасуға ықпал етуі тиіс.

 

Тексеру комиссиясының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы

Тексеру комиссиясы басқа мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды тұрақты негізде жүзеге асырады:

мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл қағидаларына сәйкес тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізімін қалыптастыру, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу,  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен қатарласа және бірлесе жүргізген тексерістерінің мағлұматтарын жүзеге асыру және нәтижелерді рәсімдеу мәселелері жөнінде ақпаратпен алмасуды іске асырады;

Тексеру комиссиясы пікірлермен және үздік тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ өзекті мәселелер мен проблемаларды қарауға арналған диалог алаңы болып табылатын Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің, Қарағанды облысының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшесі болып табылады.

Бұдан басқа, Тексеру комиссиясы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қозғауға (қарауға) уәкілетті  құқық қорғау және өзге органдарымен оларға аудиторлық іс-шаралар мағлұматтарын табыстау және олардың қаралуын әрі қарай мониторингілеуді іске асыру мәселелері жөнінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Жұртшылықпен өзара іс-қимылы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының жұмысындағы ашықтық бюджет қаражатын пайдалану және мемлекеттік мүлікті басқару бойынша сыртқы тәуелсіз бағалауға қоғамның қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Тексеру комиссиясы жариялық қағидатын жүзеге асыра отырып, интернет-ресурсы, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудиторлық іс-шаралардың қорытындысын, жергілікті бюджеттердің атқарылуын жыл сайынғы бағалау нәтижелерін жариялау бойынша белсенді көзқарас ұстанады.

 

  1. IV. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
  2. СЫРТҚЫ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТТІ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Құқықтық қызмет

Жоспарлы кезеңде Тексеру комиссиясының қызметі мемлекеттік аудиттің құқықтық және қаржылық бақылаудың құқықтық негізін құруға және оны одан әрі дамытуға бағытталатын болады.

Түйінді міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Тексеру комиссиясы нормативтік және құқықтық актілерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілермен сәйкестігін қамтамасыз ету

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау үшін құқықтық негізді құру

Мемлекеттік аудитке көшуде және дамуда Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелеріне жәрдем және құқықтық көмек көрсету

 

Тексеру комиссиясы қызметкерлері қызметінің құқықтық негізін қамтамасыз ету

Аудиторлық қызмет және қаржылық бақылау

Тексеру комиссиясының аудиторлық қызметі бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру және қаржылық тәртіпті күшейту жолымен мемлекет қаржысының теңгерімділігі мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін  жәрдемдесуге шоғырланатын болады.

 

Түйінді міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың тәуекелді объектілерін іріктеу, Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары бойынша аудиторлық іс-шараларды жоспарлау сапасын қамтамасыз ету

Бюджеттік қаржыны жоспарлау және пайдалану, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігін арттыру;  қаржылық бұзушылықтар тәуекелдерін ескерту және мұндай жағдайлардың болуының теріс салдарын азайту

Бюджеттік қаржыны, соның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іс-шараларын жүзеге асыруға бөлінген бюджеттік қаржыны пайдалану тиімділігі аудитін жүргізу

Бюджеттік қаржыны жоспарлау және пайдалану, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару тиімділігін арттыру;  қаржылық бұзушылықтар тәуекелдерін ескерту және мұндай жағдайлардың болуының теріс салдарын азайту

Жергілікті бюджеттің  шоғырландырылған қаржылық есептілігін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізу

Жергілікті бюджеттің  шоғырландырылған қаржылық есептілігі жөнінде объективті бағалау ұсыну

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі аудитін жүргізу

Жергілікті бюджеттің  шоғырландырылған қаржылық есептілігі жөнінде  объективті бағалау ұсыну

Аудиторлық іс-шаралардың сапасын және нәтижелілігін арттыру

Қаржылық тәртіпті нығайту

 

Сараптамалы-талдамалық қызмет

Бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтарының себеп-салдарлық байланыстарын зерделеу және талдау, бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру кезінде, сонымен қатар мемлекеттік аудит объектілерінің қызметіндегі проблемаларды жою және ескерту жөнінде ықпалды ұсыныстар мен ұсынымдарды ұсыну арқылы проблемаларды анықтау Тексеру комиссиясы жұмысының орташа мерзімді кезеңдегі тәсілдерінде негізгі орын алатын болады.

 

Талдамалық қызмет

Талдамалық қызмет

Тексеру комиссиясының қызметінде, сонымен қатар мемлекеттік аудит жүргізу барысында сараптамалы-талдамалық іс-шаралардың санын арттыру

Тікелей мемлекеттік аудит объектілерінде тексерулердің санын барынша азайту

 

Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуын мониторингілеу

Талдамалық қызмет

Талдамалық қызмет

Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізу

Мемлекеттік аудит объектісімен қабылданған шаралардың анықтығын қамтамасыз ету және оның жауаптылығын күшейту

 

Сапаны бақылау

Талдамалық қызмет

Талдамалық қызмет

Аудиторлық іс-шаралардың сапасын ішкі бақылау жүйесін одан әрі дамыту

Аудиторлық іс-шараларды жоспарлауды, жүргізуді және іске асыруды жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды ескеру нәтижесінде олардың сапасын дәйекті түрде арттыру

 

Адами капиталды басқару

Талдамалық қызмет

Талдамалық қызмет

Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің білімі мен дағдысының кәсіби деңгейін жүйелі және тізбектеле арттыруды қамтамасыз ету,

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың сертификаттаудан өту жұмысын жалғастыру

Мемлекеттік қызметшілердің жоғары білікті сыныбын қалыптастыру

Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдар

Тексеру комиссиясының оң имиджін қамтамасыз ету

Ақпараттық жүйені дамыту

Түйінді міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Тексеру комиссиясының АЖ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің шоғырландырылған ақпараттық жүйесімен интеграциялануы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде басқарушылық процестерді оңтайландыру, адами ресурстарды ұтымды бөлу

Мемлекеттік аудиттің бірыңғай ақпараттық негізін қалыптастыруға қатысу

Мемлекеттік аудит объектілері, аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері жөніндегі ақпаратты шоғырландыру

 

 

2. ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН ЖӘНЕ ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен, мәслихаттар мен құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы

Түйінді міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен                    өзара іс-қимылы

Аудиторлық іс-шараларды жоспарлау кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

Аудиторлық іс-шаралардың  жоспарлаудың кешенділін қамтамасыз ету;

аудиторлық іс-шаралардың қайталануын болдырмау

Мәслихаттармен өзара іс-қимылы

Мәслихаттардың тұрақты комиссияларының жұмысына Тексеру комиссиясының жүйелі және мақсатына қарай қатысуын қамтамасыз ету

Бюджетті жоспарлау және атқару, мемлекет активтерін басқару проблемалары мен кемшіліктеріне депутаттардың назарын аудару; мемлекеттік аудит объектілері лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамау бойынша анықталған фактілері, сондай-ақ тиімділік аудиттің нәтижелері бойынша  ұсыныстар әзірлеуге қатысты шаралар қабылдау

Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылы

Құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық қатынастарды нығайту

Іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін табыс етілген аудиторлық іс-шаралар материалдарының нәтижелілігін арттыру

 

Жұртшылықпен өзара іс-қимылы

Түйінді міндеттер

Күтілетін нәтижелер

Тексеру комиссиясы қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

Тексеру комиссиясы қызметінің ашықтығы деңгейін арттыру

Развитие международного сотрудничества

 

Қорытынды

Перспективалық жоспарды іске асыру Тексеру комиссиясының аудиторлық және сараптамалы-талдамалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге және арттыруға, қаржылық бақылаудың әрекеттілігін күшейтуге, сонымен қатар шынайылылығы мен ашықтығына ықпалдасуға мүмкіндік береді.

Перспективалық жоспар Тексеру комиссиясы жұмысының жылдық жоспарларын одан әрі әзірлеуге негіз болады.


  1. Тексеру комиссиясының перспективалық жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с №

Түйінді міндеттер

Іс-шаралар

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Аяқтау нысаны

1

2

3

4

5

6

1.         Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды енгізу және дамыту

Құқықтық қызмет

1.

Тексеру комиссиясы құқықтық актілерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілермен сәйкестігін қамтамасыз ету

Тексеру комиссиясының құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу

ҚЖБ,                              ТК құрылымдық бөлімшелері

2020-2025 жылдары

Нормативтік және құқықтық актілер

2.

Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне мемлекеттік аудитті жүзеге асыру және оны дамыту кезінде көмек көрсету және құқықтық көмек көрсету

 

Есеп комитеті қабылдаған нормативтік және әдіснамалық құжаттарды зерделеу және тәжірибеде қолдану бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлері үшін семинарларды, техникалық оқуды өткізу

ҚЖБ,                              ТК құрылымдық бөлімшелері

2020-2025 жылдары

Техникалық оқу,

семинарлар, тәжірибемен алмасу

Аудиторлық қызмет және қаржылық бақылау

3.

ТБЖ-ға бірыңғай принциптер мен тәсілдер негізінде аудиторлық қызметті жоспарлауды жетілдіру

ТБЖ-ны қажетті деректермен толықтыруды қамтамасыз ету

 

ЖжТБ,

ТК құрылымдық бөлімшелері

жыл сайын

Өзектендірілген

ТБЖ

4.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары бойынша аудиторлық іс-шараларды жоспарлауды қамтамасыз ету

Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларында белгіленген басымдықтарды, оның ресми сөйлеген сөздерін, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін әзірлеу

ТК мүшелері,

ЖжТБ

 

жыл сайын

Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға тізбесі

5.

Денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, ауыл шаруашылық саласындағы бюджеттік қаржының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу

Мемлекеттік аудит тиімділігін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына, тиімділік аудитін жүргізу жөнінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын қолдану жөніндегі есеп комитетінің әдістемелік нұсқаулығына сәйкес жүргізу 

Аудиторлық іс-шараға жауапты ТК мүшесі,

Жыл сайын

Қаулы

6.

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамытудың үкіметтік бағдарламаларының іс-шараларын жүзеге асыру аясында бөлінген бюджеттік қаржының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу

Мемлекеттік аудит тиімділігін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына, тиімділік аудитін жүргізу жөнінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартын қолдану жөніндегі есеп комитетінің әдістемелік нұсқаулығына сәйкес жүргізу 

Аудиторлық іс-шараға жауапты ТК мүшесі,

Жыл сайын

Қаулы

7.

Жергілікті бюджеттердің шоғырландырылған қаржылық есептілік, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелерінің қаржылық есептілік аудитін жүргізу

Мемлекеттік аудитті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізу

Аудиторлық іс-шараға жауапты ТК мүшесі,

Жыл сайын

Қаулы

8.

Аудиторлық іс-шаралардың сапасы мен нәтижелілігін арттыру

Мемлекеттік аудиторлардың қызметіне бағалау жүргізу

ЖжТБ,

ТК құрылымдық бөлімшелері

тоқсан сайын

Мемлекеттік аудиторлардың қызметін бағалау

Сараптамалы-талдамалық қызмет

9.

Тексеру комиссиясының қызметінде сараптамалы-талдамалық іс-шараларды арттыру

1.      Өзекті бағыттар бойынша талдамалық ақпараттың әзірленуін қамтамасыз ету.

 

ТК мүшелері, ЖжТБ,

МАжҚББ

ТК жұмыс жоспарына сәйкес жыл бойы

Талдамалық ақпарат

Тексеру комиссиялары шешімдерінің орындалуын мониторингілеу

10.

Тексеру комиссиялары шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізу

Тексеру комиссияларының отырыстарында Тексеру комиссиясы шешімдерінің орындалуы, орындалуының толымдығын қарау

ТК мүшелері, СББ,

ҚЖБ

Тұрақты түрде

 

Бекітілген ТК мүшесінің

ақпараты

Сапаны бақылау

11.

Сапа бақылауын одан әрі жетілдіру және дамыту:

-         аудиторлық іс-шаралардың;

-         сараптамалы-экономикалық іс-шаралардың.

Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімдерінің жұмысын жетілдіру бойынша ұсынымдарын әзірлеу

СББ

ҚЖБ

Тұрақты түрде

Ұсынымдар

Адами капиталды басқару

12.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің оқытудан және сертификаттаудан өтуін қамтамасыз ету

Тексеру комиссиясының қызметкерлерін біліктілікті арттыру семинарларына жіберу

ҚжПБ

Тұрақты

Сертификат

13

Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдар

Тексеру комиссиясының қызметкерлері өз өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша «сенім телефоны» шұғыл желісінің жұмысын қамтамасыз ету

АБ,

ЭЖУ

тұрақты

Сенім телефонының бөлінген желісі

Сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау жүргізу

АБ,

ЭЖУ

тұрақты

Талдамалық анықтама

Ақпараттық жүйені дамыту

14.

Интеграцияланған жүйені дамыту

Есеп комитетінің интеграцияланған ақпараттық жүйесін одан әрі дамыту

Жұмыс тобы

Тұрақты

Акт

15.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша Бірыңғай деректер қорын қалыптастыруға қатысу (бұдан әрі - БДҚ)

БДҚ-ға орналастыру үшін толық және сенімді ақпаратты уақтылы ұсыну

ЖжТБ

Тұрақты

Қорды толтыру

Тексеру комиссиясының мемлекеттік органдармен және жұртшылықпен өзара іс-қимылы

16.

Аудиторлық іс-шараларды жоспарлау кезінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

 

 

1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит объектілер тізбелерінің жобаларымен олар бекітілгенге дейін алмасуды қамтамасыз ету

ЖжТБ

жыл сайын, 10 қарашаға дейін

Ақпарат

2. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелері өзгерген кезде ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру

ЖжТБ

тізімге өзгерістер енгізу шамасына қарай

 

тоқсан сайын

Тізімге енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат

 

 

 

Мемлекеттік аудит объектілерінің тізілімі

17.

Мәслихаттардың тұрақты комиссияларының жұмысына Тексеру комиссиясының жүйелі және мақсатына қарай қатысуын қамтамасыз ету

Мемлекеттік аудит объектілері лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтамау бойынша анықталған фактілері, сондай-ақ тиімділік аудиттің нәтижелері бойынша  ұсыныстар әзірлеуге қатысты шаралар қабылдау

ТК мүшелері

2016- 2017 жылдар

Тұрақты комиссиялар отырысы

18.

Құқық қорғау органдарымен ведомствоаралық қатынастарды нығайту

Тексеру комиссиясымен табыс етілген аудит мағлұматтарын құқық қорғау органдарымен қабылданған процессуалдық шешімдер бойынша салыстыру жұмысын ұйымдастыру

ҚЖБ

Жарты

жылдық және жыл қорытындысы бойынша

Салыстыру актісі

19.

Тексеру комиссиясы қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау

1. Аудиторлық іс-шаралардың аса маңызды қорытындылары, мемлекеттік аудиттің өзекті мәселелері бойынша брифингтер өткізу, жарияланымдарды жүзеге асыру

ТК мүшелері, ЖжТБ

қажет болған жағдайда

Брифинг, жарияланымдар, БАҚ-та сөз сөйлеу

2. Тексеру комиссиясы интернет ресурсының «Сұрақ-Жауап» айдарына келіп түсетін ақпаратты пайдалану арқылы жұртшылықпен «кері байланысты» одан әрі дамыту

ҚЖБ,                          ТК құрылымдық бөлімшелері

тұрақты

Жауаптар

3. Тексеру комиссиясының маңызды іс-шараларын өткізу кезінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарту

 ТК жауапты құрылымдық бөлімшелері

қажет болған жағдайда

Кездесулер, отырыстар

                     

 

 

Аббревиатураларды таратып көрсету:

ТК – Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы

ҚЖБ – Құқықтық жұмыс бөлімі

ЖжТБ – Жоспарлау және талдау бөлімі

СББ – Сапаны бақылау бөлімі

МАжәнеҚББ– Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бөлімі

ҚБжәнеПБ – Қаржы бөлімі және персоналды басқару

ӘЖУ – Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі

АБ –Аппарат басшысы