Бүгін: 30.06.2022
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

Кенжин Қанат Ынтағалиұлы

Ақтобе облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 қазандағы №76 шешімімен  Ақтөбе  облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.

1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келді, ұлты қазақ, білімі жоғары.

1999 жылы Қазақ көлік және коммуникация Академиясын, 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2009 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтады.

Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесіне ие, Сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның шешімімен 2018 жылы «Мемлекеттік аудитор» біліктілігі берілді.

Еңбек жолын 1999 жылы «Шығыс-Сервис ЛТД» ЖШС-да бақылаушы, кейін аға ревизир болып бастады.

2000-2001 жылдары «Продснаб» ЖШС директоры қызметін атқарды.

2002-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының жетекші маманы, бас маманы, консультанты болып қызмет атқарды.

2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында магистратурада оқыды.

2009-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің құрылымында сарапшы, бас сарапшы.

2011-2012 жылдары – Ақтөбе қаласы әкімінің кеңесшісі.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы.

2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы.

2017-2019 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде Төраға хатшылығының меңгерушісі, Төраға кеңесшісі, Әкімшілік бөлімінің басшысы, Ұйымдастырушылық жұмыс бөлімінің басшысы.

2019 жылдан Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі қызметін атқарды.