Бүгін: 27.07.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

Урынбаев Серік Шангерейұлы

Ақтобе облыстық мәслихатының 2013 жылғы 01 қарашадағы №164 шешімімен  Ақтөбе  облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

1958 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келді, ұлты қазақ, білімі жоғары.

1983 жылы Целиноград қаржы және экономика техникумын, 1989 жылы Алматы халық шаруашылық институтын, «қаржы және кредит» мамандығы бойынша аяқтады

Еңбек жолын 1977 жылы Ақтөбе қаласы «Актюбжилстрой» басқармасында жөндеу слесары болып бастады.

2008 - 2013 жылдары «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нің басқарма басшысы.

2006 - 2008 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімі.

2005 - 2006 жылдары Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы директоры.

2002 - 2005 жылдары Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары, қаржы департаментінің директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2000 жыл 2002 жыл аралығы Ақтөбе облыстық қаржы бақылау комитеті басқармасы бастығының орынбасары

1999 - 2000 жылдары Батыс-Қазақстан қаржы және экономика институты проректор

1998 - 1999 жылдары «Ақтөбе-теплоэлектроцентраль»  экономикалық сұрақтар бойынша Вице –президент.

1995 - 1998 жылдары Ақтөбе облыстық салық полициясы бөлім бастығының орынбасары, штаб бастығы

1991 - 1995 жылдары «Ақтөбе қалалық қаржы бөлімі» ММ –нің бастығы, меңгеруші орынбасары

1989 - 1991 жылдары «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ –де бөлім бастығы

1986 - 1989 жылдары Ақтөбе облыстық ревизия бақылау басқармасы аға-контролер-ревизор

1983 - 1986 жылдары Фрунзе аудандық қаржы бөлімінің аға экономисті, меңгеруші бастығының орынбасары қызметін атқарды.

 

Турмагамбетова Гульнара Гайнулловна

Ақтобе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 20 қыркүйектен №345 шешімімен  Ақтөбе  облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

1974 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келді, ұлты қазақ, білімі жоғары.

2003 жылы Қазақ мемлекеттік Заң университетін заңғер мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1993 жылы Темір қалалық тұтынушылар қоғамы, экономист, болып бастады. Темір қаласы.

1994 жылы Темір аудандық сауда кәсіпорыны, есепші қызметін атқарды.

1994-1996 жылдары Темір аудандық тұтынушылар қоғамы, экономист

1996-1997жылдары Темір қалалық әкімшілігі, басшының орынбасары, Темір қаласы.

1997-2002 жылдары Темір  қалалық  округі әкімінің  аппараты, хатшы, Темір қаласы.

2002-2003 жылдары Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасы, жетекші  маман,  Ақтөбе қаласы.

2003-2004 жылдары Ақтөбе облыстық коммуналдық меншік басқармасы Бас маман, Ақтөбе қаласы.

2004-2005 жылдары Ақтөбе облысының табиғи ресурстар  және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, бас маман-заңгер, Ақтөбе қаласы.

2005 жылы Ақтөбе облысының табиғи ресурстар  және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, әкімшілік бөлімінің бастығы, Ақтөбе қаласы.

2005-2007 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппараты, бас маман, Ақтөбе қаласы.

2007-2008 жылдары Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы, талдау және есептілік бөлімінің  бас маманы-заңгері- бас бақылаушы-тексерушісі, Ақтөбе қаласы.

2008-2009 жылдары Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, талдау және есептілік бөлімінің  бас маманы-заңгері- бас бақылаушы-тексерушісі, Ақтөбе қаласы.

2009-2010 жылдары Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-заңгері- бас бақылаушы-тексерушісі,  Ақтөбе қаласы.

2010-2012 жылдары Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы-заңгері,  Ақтөбе қаласы.

2012-2013 жылдары Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы-заңгері,  Ақтөбе қаласы.

2013-2014 жылдары Ақтөбе облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы, кадр және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бас маманы-заңгері,  Ақтөбе қаласы.

2014-2016жылдары «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ Құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы.

2016-2017 жылдары «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» КММ Құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы.

2017-2019 жылдары «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» КММ Құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы.

 

Игисенов Касымхан Кадирханович

Ақтобе облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы №180 шешімімен  Ақтөбе  облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

1983 жылы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында дүниеге келді, ұлты қазақ, білімі жоғары.

2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін  «экономист-менеджер» мамандығы бойынша және 2006 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін МВА бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтады.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде маман болып бастады.

2012-2017 жылдары Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы жоспарлау, сараптамалық талдау және ақпараттық бөлімнің басшысы

2011-2012 жылдары «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ талдау және әдіснама бөлімінің бас мемлекеттік бақылаушысы-бас маманы

2009-2011 жылы ҚР Ұлттық банкі Бақылау және қадағалау методологиясы департаменті қаржы нарығын реттеу басқармасының сарапшысы қызметін атқарды.

 

Сатенова Гульмира Кажмухановна

Ақтобе облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 қазандағы №570 шешімімен  Ақтөбе  облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

1973 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданында дүниеге келген.   

1995 жылы  Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын «Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы, 2001 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономист - қаржыгер»  мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1990 жылы Жамбыл қаласындағы №43 мектептен  бастаған.

1996 – 1998  жылдар аралығында «Қоныс» ЖАҚ коммерциялық бөлімінің бас маман қызметін атқарды.   

1998 - 2000 жылдар  - « Ақтөбе облысының экономика басқармасы»ММ  жетекші маманы.

2000-2002 жылдар -  «Халық банк» АҚ.

2002-2003 жылдар - «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ-ның  бас маманы .

2003-2004 жылдар - Ақтөбе қаласындағы «Гелиос» ЖШС-де бас менеджер - бөлім бастығы.

2004-2005 жылдар - Атырау облысы а.Тенгиз «Карат» ЖШС-де бас экономист.

2005-2009 жылдар – «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ бас маманы – бас бухгалтері.

2009-2011 жылдар - «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ кәсіпкерлік дамыту бөлімінің бас маманы.

2011 ж. – 2020 жылдың қазан айынан дейін «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ бас  маманы - бас мемлекеттік бақылаушы, жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Ұлттық комиссияның 2016 жылғы 12 қазандағы №13 шешімімен "Мемлекеттік аудитор" біліктілігі берілді.

III дәрежелі "Қаржы сақшысы" медалімен марапатталған.