Бүгін: 27.07.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

«23 маусым- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні» мерекесіне орай ұзақ жылғы адал еңбегі мен мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы С.Еңсегенұлы грамотамен марапатталды.

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2021 жылғы 22 сәуір – 18 мамыр аралығында Ақтөбе облысында білім беруді цифрландыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудиттік іс-шарасы жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен Ақтөбе облысының білім басқармасында және оған қарасты 10 аудандық және Ақтөбе қаласының білім бөлімдерінде 2017 жылғы қаңтар - 2020 жылғы желтоқсан айын қоса алғанға дейінгі мерзімінде пайдаланылған 4 980,1 млн.теңге бюджет қаражаттары мен мемлекет активтері  қамтылды.

«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» КММ-нің 10 жылдығына орай салтанатты іс-шара өткізіліп, мекеменің құрылуынан бастап лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, қосқан зор үлестері үшін мекеменің бірқатар қызметкерлері алғыс хат және құрмет грамотасымен марапатталды.

2021 жылғы 17 майсымында Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді, онда Ақтөбе облысында білім беруді цифрландыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралатын болады.

2021 жылғы 10 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтті, онда Мұғалжар ауданының жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануы жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері  қаралды.

Мемлекеттік аудит Мұғалжар ауданына қарасты 26 мекемелерде жүргізілді.

2021 жылғы 10 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтеді, онда Мұғалжар ауданының жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралатын болады.

2021 жылғы 10 маусымда Ақтобе облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы отеді, онда мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Ақтөбе облысының мектепке дейінгі жеке меншік білім беру ұйымдарына  және тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауға жіберілген бюджет қаражатының, оның ішінде төтенше жағдай кезеңінде пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралатын болады.

Тексеру комиссияларының құрылғанына 10 жыл толуын мерекелеу шеңберінде 2021 жылғы 30 сәуірде Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясымен онлайн режимде сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметкерлері арасында шахматтан турнир өткізілді

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 - 2021 жылдарға бекітілген мемлекеттік аудит жүргізу тізбесіне сәйкес 10.11.020 – 05.02.2021 жылдар аралығында Ырғыз ауданының жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына мемлекеттік аудиттік іс-шарасы жүргізілді.

2021 жылғы 18 наурызда Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтті, онда жеке тұрғын үй құрылысының тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің, сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік тиімділік аудиті, сараптамалық-талдау іс-шарасы шеңберінде 4 мекеме қамтылды, сондай-ақ облыс бойынша талдау жүргізілді.

Тиімділік аудитінің, сараптамалық-талдау іс-шарасының нәтижелері бойынша мекемелердің жұмысында рәсімдік бұзушылықтар мен кемшіліктер, оның ішінде Жер кодексінің талаптарын бұзушылықтар, сондай-ақ 4 752,0 мың теңге сомасында бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға әкеп соққан Бюджет кодексін бұзушылықтар анықталды.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

Мәртөк және Алға аудандарында жер телімдеріне қатысты заңнамаларды бұзудың анықталған фактілері бойынша материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық прокуратураға жолданды.