Бүгін: 30.06.2022
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

Сатенова Гүлмира Қажмұханқызы, Ақтөбе облыстық мәслихатының шешімімен 2020 жылы Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

 

Сатенова Гульмира Қажмұханқызы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын білім беру саласынан бастады, «Қоныс» ЖАҚ, «Халық банкі» АҚ коммерциялық бөлімінің бас маманы, Ақтөбе қаласындағы «Гелиос» ЖШС коммерциялық бөлімінің бас менеджері - басшысы, Атырау облысы, Тенгиз кентіндегі «Карат» ЖШС бас экономисі болып жұмыс істеді.

 

Сатенова Гүлмира Қажмұханқызы Мемлекеттік қызметке алғаш рет «Ақтөбе облысының экономика басқармасы» ММ жетекші маманы ретінде кірісті, кейіннен «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ бас маманы, «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ бас маман - бас бухгалтері болды.

2011 жылдан 2020 жылдың қазан айына дейін - бас маман - мемлекеттік аудитор, «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» КММ жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы болып келді.

Адалдық, мұқияттылық, шыдамдылық, табандылық, өзіне деген сенімділік, аналитикалық қабілеттер, қысқа мерзімде жұмысты орындай білу сияқты кәсіби қасиеттердің арқасында Сатенова Гүлмира Қажмұханқызы әріптестер арасында беделге ие болды.

Жас ұрпақпен тәжірибе мен кәсіби дағдыларды бөлісуге әрқашан дайын.

Көптеген мақтау  грамоталарымен және алғыс хаттармен, III дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен марапатталған.