Бүгін: 30.06.2022
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

2022 жылғы 20 сәуірде Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтті, онда Ақтөбе облысында спортты дамытуға, оның ішінде спорт түрлерін саралауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиттің нәтижелері  қаралды.

  «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-не және оған қарасты 17 коммуналдық мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік аудит жүргізілді.Жүргізілген аудитпен 23447362,8 мың теңге қамтылды.

  Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 688774,9   мың теңгені құрады, оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 97015,6  мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз пайдалану бойынша 268925,0 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау бойынша 322834,3 мың теңге, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 161 бірлік.

  Бұзушылықтар мен кемшіліктерге ықпал еткен аудит нәтижелері бойынша бюджет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнаманың және басқа да нормативтік және құқықтық актілердің тиісінше сақталмауы болып табылады.

  Мемлекеттік аудит нәтижелерін қарау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітілді, аудит объектілерінің және дене шынықтыру және спорт басқармасының басшыларына бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды. 

  Бірқатар материалдар әкімшілік іс қозғау және процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді.