2022 жылғы 13 мамырда Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында облыстың ақпараттандыруға, мемлекеттік қызметтер көрсетуге және жобалық басқаруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне сараптамалық-талдау іс-шарасының және мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.
Жүргізілген мемлекеттік аудитпен Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасында 1 797,2 млн.теңге қамтылды, олар бойынша 969,1 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 51,1 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 310,0 млн.теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 659,1 млн.теңге, сондай-ақ рәсімдік бұзушылықтар – 12 бірлік.
Аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша ұсыным мен тапсырмалар берілді.