Бүгін: 16.08.2022
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

2022 жылғы 21 маусымда Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтті, онда Ақтөбе облысының бюджет қаражатын жоспарлаудың, аумақты дамыту бағдарламасының және бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалаудың, сондай-ақ, Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына (әрі қарай - Мекеме) бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдалануына сараптамалық-талдау және мемлекеттік аудитінің қорытындылары шығарылды.

Тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктер, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі, бюджет заңнамасы талаптарының, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы, Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарының шарттарды тіркеу, мемлекеттік сатып алу туралы есептерді веб-порталда орналастыру, берешектерді көрсетудің дұрыстығы мен толықтығы бөлігінде бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

2016-2020, 2021-2025 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі - АДБ) іске асыру нәтижелері АДБ-ны іске асыруға жауапты бағдарламалар әкімшілерімен және 4 (төрт) бағыт бойынша бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдармен белгілі бір себептер бойынша барлығы 16 (Он алты) нысаналы индикатор (өңірдің экономикалық дамуы бойынша, әлеуметтік сала бойынша, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп және инфрақұрылым бойынша). Бұл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің мемлекеттік жоспарлау процесіне қатысушылардың нәтижелілігі мен тиімділігі, жауапкершілігі қағидаттарын толық сақтамауына әкеп соқты.

Мекемемен 2018 жылы АДБ-ға түзетулер енгізу, өзгерістер енгізілген іс-шаралар жоспарын АДБ интернет-ресурсына орналастыру бойынша мерзімдерді сақтамауға жол берілген. Сондай-ақ, Мекеменің Ақтөбе облысы әкімдігінің сайтында орналастырылған 2016-2020, 2021-2015 жылдарға арналған облыс АДБ-да АДБ-ны іске асыру үшін қажетті қаржы ресурстары көрсетілмеген.

Аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің, бюджет заңнамасы талаптарының, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫ

ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Кенжин Қанат Ынтағалиұлы

Сенім телефондары

 

 

Сенім телефоны

8 (7132) 54-68-91