Бүгін: 21.09.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

2021 жылғы 10 маусымда Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтті, онда Мұғалжар ауданының жергілікті бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануы жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері  қаралды.

Мемлекеттік аудит Мұғалжар ауданына қарасты 26 мекемелерде жүргізілді.

Жүргізілген аудитпен 42 569,6 млн. теңге қамтылды. Анықталған қаржылық бұзушылықтар 3 863,4 млн.теңге құрады.

Аудит нәтижелері анықталған жұмыстар көлемінің негізділігі және құрылыс заңнамасының талаптары, мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және бухгалтерлік есеп жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды, бұл 243,7 млн.теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтарға және де 519,9 млн.теңгені тиімсіз пайдалану және тиімсіз жоспарлау 3 099,9 млн. теңгеге әкеп соқтырды.

Сонымен қатар, 281 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар берілді. Бірқатар материалдар әкімшілік іс қозғау және процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді.