Бүгін: 21.09.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылға бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес 2021 жылғы 22 сәуір – 18 мамыр аралығында Ақтөбе облысында білім беруді цифрландыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудиттік іс-шарасы жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен Ақтөбе облысының білім басқармасында және оған қарасты 10 аудандық және Ақтөбе қаласының білім бөлімдерінде 2017 жылғы қаңтар - 2020 жылғы желтоқсан айын қоса алғанға дейінгі мерзімінде пайдаланылған 4 980,1 млн.теңге бюджет қаражаттары мен мемлекет активтері  қамтылды.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 337,4 млн. теңгені құрады. Оның ішінде:

  • қаржылық бұзушылықтар 30,5 млн.теңге;
  • бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану бойынша 306,9 млн.теңге;
  • рәсімдік бұзушылықтар 86 (сексен алты) бірлік.

Аудит барысында Ақтөбе облысы бойынша білім беруді цифрландыру үшін сатып алынған 502 жабдық (компьютерлер, ноутбуктер, модемдер және роутерлер) білім беру процесінде пайдаланылмай, 62,2 млн.теңге бюджет қаражаты тиімсіз шығындалғандығы анықталды.

Сонымен қатар, аудандардың мектептерінде кең жолақты интернетке косылуын қамтамасыз ету бойынша бюджет қаражатын шығындау кезінде тиімділік қағидаты сақталмаған. Әйтеке, Байғанин, Қарғалы, Ойыл және Темір аудандарының мектептерінде 2018 – 2020 жылдар аралығында интернет жылдамдығы нормативке сәйкес келмейтіндігі орын алған.

Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде, сонымен қатар оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жолданды. Сонымен қатар, бірқатар материалдар процессуалдық шешімдер қабылдану үшін уәкілетті органдарға жолданды.