Бүгін: 21.09.2021
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

2021 жылғы 03 қыркүйекте Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтті, онда Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік кәсіпорындардың күрделі шығындарына және Қазақстан  Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс - шаралар өткізуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдалануына  жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері  қаралды.

Мемлекеттік аудит Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты 21 кәсіпорындарда жүргізілді.

Жүргізілген аудитпен 4 811 345,4 мың.теңге қамтылды. Анықталған қаржылық бұзушылықтар 279 812,9 мың. теңге құрады.

Аудит нәтижелері бойынша медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және бухгалтерлік есеп жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтар, денсаулық сақтау нысандарында құрделі жұмыстар жүргізу кезінде құрылыс заңнамасының талаптары және орындалған жұмыс көлемінің негізділігі бұзылғаны  анықталды, бұл 14 413,3 мың.теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтарға, және де 123 238,4 мың.теңгені тиімсіз пайдалану және тиімсіз жоспарлау 36 122,0мың. теңгеге әкеп соқтырды.

Сонымен қатар, 91 процедуралық бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар берілді. Бірқатар материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарға берілді.