Бүгін: 17.01.2022
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

2021 жылғы 15 қазанда Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтті, онда су ресурстарын басқару және халықты ауыз сумен қамтудың тиімділігіне мемлекеттік аудитінің қорытындысы шығарылды.

Тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша кәсіпорындардың жұмысында бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, оның ішінде бюджет заңнамасының, Су кодексінің және аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларының талаптарын сақтамау.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 5 объектіде 871 682,0 мың теңге қамтылды, олар бойынша 283 635,3 мың теңгеге немесе қамту сомасының 32,5% бұзушылықтар анықталды. Қаржылық бұзушылықтар 185 383,3 мың теңге, тиімсіз жоспарлау 63 292,0 мың теңге, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану 34 960,0 мың теңге. Рәсімдерді орындау тәртібін бұзу 16 бірлік.

Аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

Процестік шешімдерді қабылдау үшін уәкілетті органға белгіленген әкімшілік құқық бұзушылық фактілері бойынша 3 материал жіберілді.