Бүгін: 17.01.2022
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

2021 жылғы 10 қарашада Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысы өтті, онда 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы бойынша бөлінген облигациялық қарыздарды тиімді пайдалануына мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралды.

Тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша мекемелердің жұмысында бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, оның ішінде бюджет заңнамасының, Азаматтық кодекстің, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның талаптарын сақтамау.

Жүргізілген аудитпен 31,6 млрд теңге қамтылды. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 2,1 млрд теңге құрады.

Аудит нәтижелері анықталған жұмыстар көлемінің негізділігі және құрылыс заңнамасының талаптары, мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды, бұл 424,9 млн.теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтарға (оның ішінде орындалмаған жұмыстардың құны 76,1 млн теңгені құрады және 29,9 млн теңгені өтелген) және де 20,3 млн.теңгені тиімсіз пайдалану және тиімсіз жоспарлау 1,7 млрд. теңгеге әкеп соқтырды.

Сонымен қатар, 36 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Тексеру комиссиясы отырысының қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсынымдар мен нұсқаулар берілді. Бірқатар материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді.