Бүгін: 17.01.2022
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

 

2021 жылдың 10 желтоқсанында Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының Әйтеке би ауданына бөлінген бюджет қаражаттарының (активтерінің) пайдалануына мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін қарау бойынша отырысы өткізілді.

Мемлекеттік аудитпен 22 аудит объектісінде қамтылған қаражат сомасы 22 675 582,0 мың теңге. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 394 947,3 мың теңге, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 338 813,3 мың теңге, бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану – 1 056 133,9 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 273 бірлік.

Отырыс нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде, сонымен қатар оларға жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жолданды.