Бүгін: 30.06.2022
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 « Аумақтардағы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау ұйымдарының жетілуі туралы» Жарлығына сәйкес құрылған

2022 жылғы 11 наурызда Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясының отырысында Ақтөбе облысы бойынша ақпараттық-имидждік іс-шараларға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

Тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша мекемелердің жұмысында, оның ішінде жоспарлау кезінде Бюджет кодексінің талаптарын, Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды өткізу барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарын бұзғандығы анықталды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 5 объектіде 2 164,7 млн.теңге қамтылды, олар бойынша 525,4 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 43,9 мың теңге, тиімсіз жоспарлау 525 405,8 мың теңге, сондай-ақ рәсімдік бұзушылықтар – 12 бірлік.

Аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.